Үйге тапсырма:
1-тапсырма:
Табиғат жайлы дәйек сөздер жазу
2-тапсырма:
Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар.
1.Табиғатқа нелер жатады атаңдар?
2.Табиғат құбылыстарын ата?
3.Табиғат несімен әдемі?
3-тапсырма: Кері байланыс
https://youtu.be/t8bh_bZNJ6k (видео сабақтан түсінгеніңізді жазып жіберіңіз)
4.Бүгінгі сабағымыз несімен сендерге ұнады
Жауаптар:
1-Дайек сөздер
1)Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсесі бар.
Шоқан Уәлиханов
2)Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа.
Сайф Сараи
3)Ұшы-қиыры жоқ теңіздей шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне жасыл дастарқандай боп жайылады.
Шоқан Уәлиханов
4) Ең бастысы, табиғатпен тіл табыса білуге ұмтылдым. Шалғай ашық аспаннан, шуақты күннен, көктемгі жаңбырдан пайдалы сыр іздедім.
Жазылбек Қуанышбаев
5)Дала тұрғынын басқаша көрініс, басқаша табиғат қоршайды. Жайқалған өзен, кең айдынды тұнық та жарқын, үйрек, қаз, аққулар су бетінде әсем қалықтап жүзеді, қиқулап үн қосады, бірақ бәрі де орынды, жарасымды.
Шоқан Уәлиханов
6)Дүниенің көрінген не көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды.
Абай Құнанбаев
7) Сахарада тынысыңыз бір түрлі кеңейіп, ой-өрісіңіз де қанат жаза түседі, онда етек жеңіңді кеңге салып, емін-еркін жүресіз... Дала көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі – жасыл майса дала, ашық мөлдір аспан, көші-қоны көп тұрмыс әсер етпесіне кім кепіл?
Шоқан Уәлиханов
8)Қоғалы көлдер, құм, сулар, Кімдерге қоныс болмаған? Саздауға біткен құба тал, Кімдерге сайғақ болмаған?
Махамбет Өтемісұлы
9)Көз көріп, құлақ естімеген табиғаттың таңғажайып кеңістігін таңу жолында қазіргі адам баласы жеткен ұлан-ғайыр рухани дүние өрісін, жеке бір салаларда ғана болмаса, көркемдік ой жүйесі әлі тұтас қамти алған жоқ. Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне білді. Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой. Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр. Адам мен айналадағы ортаның өзара қатынасы суреткерді әрқашан да тебірентіп, әрқашан да талаптандырып отырады. Табиғатты қорғау мәселелеріндегі ведомстволық көзқарасқа, өткінші тиімділікке төзуге тіпті де болмайды.
Шыңғыс Айтматов
10) Алтайым, Табағатай, Алатауым, Мекендеп қазекемдей ел бір қауым, Бөленіп белуардан шалғынына, Рахатты өткізеді жаз жайлауым.
Сәбит Мұқанов
11) Алатау Жетісумен құшақтасқан, Еліне қазыналы қойнын ашқан, Бауырында Қазақстан астанам бар, - Бір бауыр орыс-қазақ араласқан.
Жамбыл Жабаев
12)Мен рақметімді алдымен жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан, о қасиетті Жер-ана, сенсің менің ардақтым. Барша байлықтардың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғатпен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда. Ел мен жер – оның көгілдір арманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері біз де, кеңес адамдарының жас ұрпағы – сендер де, барлығымыз да көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет. Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі. Жердің төсін еміп, жемісін еріп жеген адамзат нендей ғажаптарды осы жер бетінде жасайды. Жер... Қасиетті де қастерлі жер. Сен ыстықсың бәрінен де. Сенің бойыңда өзекті жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Жер, қандай қасиетті сөз. Осы бір сөзде бүкіл тіршілік тынысы тұрғандай. Бұл сөздің терең мағынасын адам тілімен айтып жеткізіп алар ма, сірә
2-тапсырма:
1.Табиғатқа нелер жатады атаңдар?
Тау,тас,өсімдіктер,ағаштар,ауа,өзен,көл.
2.Табиғат құбылыстарын ата?
Жаңбырдың жаууы,күннің күркіреуі,қардың жауы,күннің бұлтаннуы,дауыл болуы
3.Табиғат несімен әдемі?
Табиғаттың кереметі шексіз.Әр жыл мезгіліндеөзінше әдемі болады.Мысалы ыста қармен әдемә,күз мезгілінде сары жапырақтарымен әдемі,жазда таза ауасымеен құстардың даусымен әдемі,ал ерекше мезгіл ол көктем себебі барлық тіршілік иесі өзгеріп гүлденетін кезеңі.
3-тапсырма:
Сабақ ашық алаңда далада табиғат аясында өткізілген.Меніңше керемет ұйымдастырлыған сабақ.Себебеі бастауыш оқушылары тек суреттен көріп естігеннен гөрі олар өздері қолмен ұстап көрсе ойларында жақсы сақтап алады.Қазіргі заманға сай барлық оқушыларға жұппен қолдарына планшет беріп,жұппен видио сабақты көрсетті.
4-тапсырма.
Бүгінгі сабақтың барлық бөлігі ұнады.Себебі дәйексөздерді білдім.
Достарыңызбен бөлісу: |