1.Өнер туралы мақал-мәтелдер, дәйек сөздер,сөзжұмбақтар, көрнекі құралдар,жаңалықтар жазу, ребустар,суреттер жинақтау,дайындау .
«Өнер» туралы мақал-мәтелдер
1.Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
2.Өнерлі өрге жүзер.
3.Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
4.Өнерліге өлім жоқ.
5.Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөз алтын.
6.Өнерлі бала сүйкімді.
7.Өнер білсең-өлмейсің.
8.Өнерлінің өзегі толмас.
9.Өнер-таусылмас азық.
Жұтамас байлық .
10.Бай болмасаң бай болма
Өнер, білімге сай бол,
11.Өнерлі қол бақытқа жол.
12.Ілім-іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
Афоризмдер
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.Автор: Абай Құнанбаев
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.Автор: Жүсіп Баласағұни
Ділмарлап сөйлеу — үлкен өнер, бірақ тоқтар уақытыңды білуің қажет – Волфганг Амадей Моцарт
Өз жазғанының өнерсізін өшіре алмаған - өнерімен оқырманын өсіре алмас – Мұзафар Әлімбаев
Үйренсе білім менен сан өмірің,
Білер еді-ау өнердің не берерін - Автор: Шәкерім Құдайбердіұлы
Сөзжұмбақ
1.Іс тіккенде саусаққа киеді. \оймақ\
2.Қайшымен ... \қию\
3.Иненің ... \көзі\
4.Сырып жасалған төсеніш \сырмақ\
5.Тігу құралы \ине\
6.Қол тігісінің бір түрі. \көктеу\
7.Сәнді тоқыма жиһазы \кілем\
Өнер, ою-өрнек,еңбекке байланысты мақал-мәтелдер.
«Ою ойған сызу да сызады»
«Еңбек-өнер өрісі,
Өнер-өмір жемісі»
«Өнер көзі халықта»
«Ою ойғанның ойы ұшқыр»
«Өнерлінің қолы алтын
Өлеңшінің сөзі алтын»
«Ою ойсаң ойланып,
Өсер сенің өрісің»
Достарыңызбен бөлісу: |