Сабақ тақырыбы: «Ұстаздан шәкірт озар»



бет1/3
Дата19.02.2017
өлшемі447,29 Kb.
#10893
түріСабақ
  1   2   3
О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп

Ашық сабақ тақырыбы:

«Ұстаздан шәкірт озар»

Дайындаған : қазақ тілі және әдебиеті

пәні мұғалімі М.М.Сағындықова

Сыныбы: 9 «А»

2015-2016 оқу жылы

Сыныбы: 9 а,б

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ұстаздан шәкірт озар

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен

біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу

дамытушылық: Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.Жаттығу жұмыстары нәтижесінде білік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесін беру. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты ұйымдастыру түрі: Әңгімелеу, сипаттау,түсіндіру,сұрақ-жауап,диалог, сергіту жаттығулары.

Сабақта қолданылатын материалдар: парақ, маркерлер, плакат,суреттер,смайликтер

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру,орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару

Сәлеметсіз бе,балалар.

«Көңіл-күйді анықтау» тренингі

Тақтаға іле қояйық. Осы жерде ,балалар, қағаз қиындылары берілген. Соны алып үстелдегі жазуға қарап,отыра қояйық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1.5-тапсырма. Одағай сөзі бар сөйлемдерді мәтіннен теріп жаз

Неліктен мен сіздерді «Жекіру, көңіл-күй, шақыру» деп бөлдім. Иә, дұрыс айтасыздар. Бұл одағайлардың мағыналық түрлері екен.

2.« Ұстазым , менің ұстазым» эссе жазу

Сонымен ,балалар , тақтаға бүгінгі күн мен тақырыпты жазайық.

Ұстаздан шәкірт озар деп не үшін айтылған . Оған қандай мысал келтіре аламыз. Күләш апай және оның оқушысы Асқар Жұмаділдаев.

ІІІ. Жаңа сабақ

Асыл шөп

Ыбырай Алтынсарин

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахлап-ухлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:


- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым,- деді Бәтима.
- Әй, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін ,-деді Злиха
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: «сабыр» деген,- деді.

Бақша ағаштары

Ыбырай Алтынсарин

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.


- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

Білгеннің пайдасы

Ыбырай Алтынсарин

Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты:


- Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар. Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті. Мұнан соң бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның мал-жаны таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып шығыпты. Сонымен, ішерге-жеуге, киюге де кемтар соғып, бір қалада жүрген уақытта, қаланың әкімі бұйрық шашты: әскерге көп етік керек, жақын жердегі қалалардың сататын мығы таусылды, мық даярласын, деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды:
- Егер көп мық-шеге керек болса, мен пөдіретін аламын,- деп.
Етікшілер істеген мығын көріп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне дейін кемдік көрмей өтіпті-міс.

І. Тапсырма.

1.Берілген мәтінді оқып шығу.

2.Қысқаша мазмұнын айту.

3. Қандай қасиеттер туралы айтқысы келді?

4. Бұл қасиеттер кімге тән? Дәлелде.


Мұғалім Оқушы

ІІ. Тапсырма.

3 топ берілген сөздерге сызба жасайды.


Мұғалім

оқушы

Қызметі

ІІІ. Сергіту сәті.



«Құпия хат»

Биылғы  оқу жылында  дүниетану оқулығы жетіспейді. Базардағы  оқулықтың бағасы  500 теңге. Ұстазым маған өте ескі  мұқабасы жыртық кітап берді. Менің  бұл көне кітапты ұстағым келмейді. Шынымды айтсам  ұстазыма ренжіп қалдым.

Достар , мен не істерімді білмей жүрмін. Маған қандай  ой қосар едіңдер?

ІV. Криптограмманы шеш. Мұғалімге қатысты нақыл сөзді сөз құрамына талда.



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

а

д

м

н

ы

ң

ш

л

ғ

ж

қ

с

ұ

т

з

б

о

1. 1 2 1 3 4 5 6 1 2 1 3 7 5 8 2 5 9 5 10 1 11 12 5 13 12 14 1 15 2 1 4 16 17 8 1 2 5

Абай Құнанбаев



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

б

а

с

қ

л

р

д

ы

ү

й

е

т

ж

і

п

з

ө

м

н

2. 1 2 3 4 2 5 2 6 7 8 9 10 6 11 13 11 13 9 6 14 15 1 14 16 17 16 14 18 14 16 9 10 6 11 19 11 18 14 16

Сенека

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

ж

а

қ

с

ы

м

ұ

ғ

л

і

д

е

р

о

у

ш

й

3. 1 2 3 4 5 6 7 8 2 9 10 6 11 12 13 1 2 3 4 5 14 3 15 16 5 9 2 13 11 5 1 2 4 2 17 11 5

М.В.Остроградский
Ү. Қорыту. Топтағы бір оқушы бастайды, келесі оқушы жалғастырады.

5 жолды тұжырымдама.

1. Зат есім. Мұғалім

2. 2 сын есім

3. 3 етістік.

4. Сөйлем.

5. Синоним.

8-тапсырма.Оқулықтан

Қаңбақ шал: ..., кемпір! Ертең дәулер қонаққа келеді. Әй

Кемпір: ... , шал-ау, немізді береміз? Ойпырмай

Қаңбақ шал: ... ,ойбайламай ! Үйде ет жоқ ,нені асамыз?-десең болды. Тәйт

(Дәулер келеді)

Кемпір: ... шал-ай, нені асамыз,үйде дым жоқ. Астапыралла

Қаңбақ шал: ... Сол да сөз боп па, үлкен дәудің басын ас, ортаңғы дәудің төсін ас, болмаса, досым дәудің өзін ас! Түу

Дәулер: ... қашайық! Ойбай
Мұғалім сөзі:

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Сондықтан ұстаздан шәкірт озса, бұл ұстаздың ең жоғарғы бағасы



ҮІ. Үй тапсырмасы.

10-тапсырма.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет