Сабақ: Көктем сәні (ертегі) Мектеп: Бұлақты орта мектебі Күні



Дата29.06.2017
өлшемі57,66 Kb.
#20642
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақ: Көктем сәні (ертегі)


Мектеп: Бұлақты орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Мукашева С.Т.

Сынып: 3 б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

а) Ертегіні оқи отырып,табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен, түрлерімен таныстыру

ә) Жыл мезгілдері туралы түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, олардың бір-бірімен байланысты екенін аңғарту.


б) Оқушылардың сөздік қорын молайту,түсініктерін айта білуге,табиғатқа деғен сүйіспеншілігін, қызығушылығын, табиғатты қамқорлауға, қорғауға баулу.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Оқушылар ертегіні оқып, мазмұнын ашады, табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен танысады, топтық жұмыс жасап, рөлдік ойындар көрсетеді.

Оқушылардың басым бөлігі: ертегідегі оқиғаның мазмұнымен танысады, бірлесіп жұмыс жүргізеді.

Кейбір оқушылар: Ертегідегі аң-құстардың әңгімесіндегі көктемнің сәнінің не екендігін ұғады, өз ойын еркін жеткізе алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Ертегідегі оқиғаға байланысты сұрақ қоя алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: көктемнің сәні, аңдарды жауаптары

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Көктемнің сәні неден? Аңдардың өзара пікірлесуі

Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба?




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Алдыңғы оқу

І.Жансүгіров «Жазғытұрым»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы
3 минут

3 минут


5 минут

10 минут


Мағынаны тану


  1. Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



  1. «Гүлдер әлемі» жаттығуы арқылы(оқушыларды  гүлдердің суреттері арқылы төрт топқа бөлемін.) оқушыларды топқа бөлу.

  2. «Галереяға саяхат » стратегиясы (өлең мазмұнына сай салған суреттерін тамашалап,бағалау).

  3. Қар мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырық ашып

Гүл, бәйшешек басады,

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?


  • Балалар біз бүгін «Көктем сәні» ертегісімен танысамыз.

  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілі бір ғажайып ертегіге ұқсайды. Ал ертегі дегеніміз не?

Қиялдан туған әңгіме

Ертегілер әр түрлі болады:


  1. Қиял — ғажайып ертегілер

  2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер

  3. Шыншыл ертегілер.

Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыз хайуанаттар жайлы ертегілерге жатады.

2. «Араласып кеткен оқиғалар»  жаттығуы

А)Әр топқа бөліктері араласып кеткен ертегі таратылады.

Ә)Әр оқушы бір бөліктен алып түсініп оқиды. (2 рет)

Б)Топта өзі оқыған бөлігінің мазмұнын айтады.

В).Ертегі бөліктерінің орналасу реті дұрыс па деген мақсатпен әр топ дауыстап тізбектей оқиды.

 (топтардың жауаптарын смайликтермен бағалап отырады)



Интербелсенді тақта
  

Қима қағаздар, гүлдердің  суреттері


Интербелсенді тақта, дәптер, суреттер, бағдаршам көздері

Интербелсенді тақтада  суреттер беріледі , сол суретке сүйене отырып оқушылар ертегідегі оқиғаларды орнымен орналастырады




Ортасы

Сергіту сәті

1.« Оқиы, көрсетейік, бөлісейік» жаттығуы (интербелсенді тақтада ертегіге байланысты әр топқа тапсырмалар беріледі)

1)Ертегіні рөлге бөліп оқу керек;

2)Ертегіні сахналап көрсету керек;

3)Ертегідегі аңдардың жауаптарына қарай сурет салу керек;

3.«Көктем сәні» жаттығуы. (оқушыларға түрлі түсті қағаздар , қарындаштар беріледі. Олар қағаздан түймедақ гүлін жасап, ертегіге сүйеніп, гүлдердің күлтешелерін толтырады. Тапсырманы топтасып орындауға бағытталады. Жасап, күлтешелерін толтырып топтар  қорғайды, өзара бағдаршаммен бағалайды)







Аяқталуы

«Келісемін, келіспеймін» әдісі

«Көктем келбеті» тақырыбында өлең шығару

Бағалау парақшараларын ұсыну

Кері байланыс

Үйге тапсырма «Көктем» туралы эссе жазу





Қосымша ақпарат: Ертегінің түрлері,(ғаламтор желісі)

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті

жоғары оқушыларға

тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?



Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Қазақ тілі

Дүниетану пәні



Дарынды оқушыларға тапсырма беру

«Бағдаршам», бағалау парақшасы, топ басшысымен бағалауы

Кері байланыс






Рефлексия


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет