Сәттілікке бағыттау.
Тыңдаушының көкейіне «Кері байланыс - игі әрекет» деген оймен қатар оның нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен өсуі үшін маңызды екендігін ұялату керек. Ал игі нәрсенің қорытындысы тек жағымды болатындығын да ұмытпаған жөн. Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқу/оқытудың қалай жүріп жатқандығы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті мәлеметтер алып отырады.
Кері байланысты алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:
Ризашылық білдіру.
Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету екендігін ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.
Тыңдай білу.
Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс (бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда оған ойын нақтылайтын сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша өзіңіздің келісетіндігіңізді және хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені өзіңізге қажетті бағытқа бұрып отырыңыз.
Мадақтай білу.
Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын!» секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.
|
1
|
№ 12
дәріс
|
Өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалау тиімділігінің шарттары. Топтық жұмыстағы өзін-өзі бағалау формасы
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша
дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім:
• тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану
тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;
• кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;
• қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын
құруы;
• тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының
сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның
кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау
жүргізу қажет.
Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін
өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады:
«Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау
парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш
минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін
ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау,
білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық
жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |