Еңбек физиологиясы. Еңбекке қабілеттілікті, шаршауды, күн режимінің ағзаға әсерін бағалаудың физиологиялық және психологиялық әдістерін игеру, еңбектің ауырлығын бағалау
Еңбек физиологиясы. Еңбекке қабілеттілікті, шаршауды, күн режимінің ағзаға әсерін бағалаудың физиологиялық және психологиялық әдістерін игеру, еңбектің ауырлығын бағалау.
Еңбек — өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.
Еңбек физиологиясы
Еңбек физиологиясы - өндірістік іс әрекет әсерінен болатын адам ағзасының функционалдық жағдайының өзгерістерін зерттейтін бөлім.
Еңбек психологиясы
Еңбек психологиясы — еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Еңбек психологиясының міндеттері
Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу, еңбек ұжымының (тобының) психологиялық кейпін анықтап, реттелуге бағыттау т.б.
Еңбек еткенде жұмысшылардың денсаулықтарын тексеріп тұру керек. Себебі сапалы жұмыс жасау үшін жұмысшының денсаулығы мықты болғаны жөн. Жәнеде еңбек етушілердің жұмыс уақыты қолайлы болу керек. Яғни таңертен 8-00де басталса, кешкі 20-00де бітуі тиіс , осы уақыт арасында тамақтану уақытыда болады, және ол тамақ адам денсаулығына өте пайдалы әрі көп қуат беретін болу керек. Еңбектерін бағалап, еңбегіне сай жоғары жалақымен қамтылғаны дұрыс.