БАҚЫЛАУ ӘДІСІ
Балалар психологиясы
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды
Бақылау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.
Бақылау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және бақылаудың мақсатын түсіне білу қажет;
Бақылаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
75%
Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді іріктеп алу.
Екіншіден, бақылауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар:
Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады.
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі, жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін психологиялық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді.
Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты.
Жаппай және ішінара бақылаулар болады:
Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.
Ішінара бақылаудың айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе онын белгілі бір мерзімдегі мінез-құлқы есепке алынады. Ч. Дарвиннің өз ұлынын эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» деген кітапта пайдаланылды.
Психология саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:
Теориялық зерттеуді эмпирикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
Теорияның тәжірибедегі тепе-теңдігі мен шыншылдығын тексеру.
Бақылаудың негізгі міндеті — тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.
Құбылысты бақылау нақты табиғи жағдайда жүргізілуі тиіс;
Түрлі бақылау жолдары арқылы алынған мәліметтер салыстырмалы болуы қажет.
Бақылаудың ерекшеліктері:
Бақылау белгілі бір мақсатты ұстауы тиіс;
Бақылау алдын ала жасалынған жоспар бойынша өтуі қажет;
Зерттелетін белгілердің саны аз және олар нақты анықталған болуы керек;
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!