ЭССЕ
«Мен неге Өркен сыйлығына лайықтымын?»
( Жыл оқушысы номинациясына)
Толғансам, санамдағы сұрақтардың саны көп, көкірегімде қауғадай қарс айырылған мол арман бар. Тарау жолдың имектелген бағытында жан дүниемді ұлтымның мүддесіне бұрдым. Қолыма қалам алсам, мемлекетіме деген махаббатымнан әр сөзім, лицейіме, Балқашыма деген Отандық сезіммен астасып жатады.Осы мақсатпен жүрегімнен шыққан туындыны жазарда да көптеген ой-толғамы дамыған, руханият кеңістігіндегі шығармашылық тұлғалардан бағыт алуды көздедім. Менің пайымымдағы ол бағыт – ұлттық мүддемен бірге кез келген ұлтжанды азаматтың еліне деген бүкпесіз ақтарылған жүрек түкпіріндегі сезімі. Талғампаз көңілде рух жанартауының атқылауына шуақ беретін арман деген ұғым бар. Арман-адамды алға жетелейтін күш. Мен үнемі арман құбыламнан рухани биіктікті іздеймін. Жан дүниесі нұрлы адам ғана қоғам мен отанының гүлденуіне өз бойындағы асқақ нәрін бере алады. Ой санамды рухани жығырту мақсатында Елбасымыздың кестелі сөздері жинақталған «Ақыл – парасат» кітабын оқыдым. Зерде парақтарында: «Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады» деген сөйлем менің балғын жүрегіме ерекше әсер етті. Парасатты оқушының ой талғамы не?, заманауи оқушы қандай болу керек? деген сұрақтарды жастар өзіне қою керек деп ойлаймын. Дана Абай атамыз: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!» - деп айтқан екен. Рас. Адамды адам ететін де – осы қасиет. Ата бабамызда: «Өркенің өссін!» деген әдемі тәмсіл бар. Осыдан-ақ адамның ақ ниетін көруге болады. Жастық жігердің мұқалмауына, сезім мен сенімнің тұсалмауына, намысыңды қамшылап жетістікке жетуге деген үлкен талпыныстың тууына мен өзімнің жетістіктер галереямды мынадай маңызды сәттермен толықтырдым... Асыл елімнің жас патриоты болу ниетімді ескеріп, оқудағы үздік жетістіктерім үшін « Қазақстанның үміт артарлары» атты республикалық кітапқа ендім. «Ғылымның патшасы математика» деп, жаратылыстану-математика пәндері бойынша лицейішілік І орыннан бөлек, оқушылардың Республикалық олипиадасының аймақтық кезеңінде ІІІ орынға ие болып, қола медальмен,халықаралық «Наланда-2016» онлайн олимпиада да І орынмен марапатталдым. Бұл менің математика,жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығыммен астасып жатыр. Өзімнің зерттеушілік қабілетімді жетілдіру мақсатында Облыстық ҚРШҒА ОҚБ ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өткен І деңгейлі оқу зерттеу жұмыстарына белсене атсалысып жүремін, өйткені ғылымдағы әр ізденіс,шығармашылық таным мені нәтижеге бағыттайтындығын анық білемін. Сол мақсатта нақты жоспар құрамын. Таным мен талғам ұштасқан сәтте ізденістің нәтиже беретініне сенемін.
Көркемдік пен суреткерлікті ұнатамын. Жан дүнием эстетикалық әдемілікке әуес. Сондықтан бос уақытта сурет салғанды ұнатамын. Бұл менің жан жүрегімде өз қуаныштарымен, мерейлі сәттерімен орын алған. Облыстық «Ашық аймақтық балалар бейнелеу өнері» шығармашылығында «Көркем сурет» номинациясында І орын, халықаралық шығармашылық «Артобзор» байқауында ІІІ орын, «Атамекен» қалалық көрмесі байқауында «Алғыс хат», «Жануарлар әлемінде » атты компьютерлік презентация мен видеороликтер байқауында «Алғыс хат», Республикалық «Мягкая игрушка» сәндік қолданбалы өнер сайысының І орын жеңімпазы атандым. Көңіл күйді, әсемдікті осылай қылқаламмен бейнелеуді жөн көремін. Рухани таным әлеміндегі алдыма қойған мақсаттарым бар. Ол әр адамның ой елегінде, болмысында болу керек қасиет деп ойлаймын. Сол себепті мен өзімді «Өркен» сыйлығына лайық деп санаймын.
Жастардың сауатты, көзі ашық, жаһанның соңғы жаңалықтарын жатқа соғып, әлем көшбасшыларымен терезі тең түсе алатындай озық ойлы, ізденімпаз, парасатты болуы бүгінгі біз сияқты оқушылардың тәлім тәрбиесінен негіз боп қаланады.
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ!?» деген түрік ақыны Назым Хикметтің сөздері ойымды дәйектеуге дәл келетіндей. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады». Жарқын болашаққа жол бастар жастардың қаруы – ұлттық тәрбие, қазақы сана, білім мен біліктілік. Мемлекетімді гүлдендіру үшін ең алдымен мен қоғам арасынан өз орнымды табуға тырысамын. Менің тұлға ретіндегі алатын қоғамдағы орным –оқушылық міндетімді абыроймен алып шығу. Оны мен жүрегіммен сезінемін...
Николаева Назерке
9 «А» -сынып оқушысы
Достарыңызбен бөлісу: |