Қазақстандық патриотизмнің мақсаты мен маңызы
«Өз Отаныңның патриоты болу –
бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату»
Н.Ә. Назарбаев
Адамзат дамуы ең жоғарғы деңгейге көтерілген қазіргі өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр Қазақстан үшін ерекше кезең . Жаһандану процесінің әсерінен әлемнің көптеген нүктесінде тұрақсыздық орнап, геосаясатта өзгерістер орын алуда Осы орайда ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы мен төккен қаны және терінің өтеуімен келген тәуелсіздікті тұғырлы ету мемлекетіміздің ең басты міндеті болып табылады Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясының басты бағдары ретінде ұсынған «Мәңгілік Ел»идеясы еліміздің болашаққа барардағы «Ұлттың Ұлы Ұраны» болып табылады.
«Біздің бұл дүниеде бір-ақ Отанымыз бар, ол - Қазақстан » деген Елбасымыздың сөзі барша қазақстандықтарға ерекше күш , рух беріп бірлікке, ынтымақтастыққа, отаншылдыққа үндейтіндігі сөзсіз. Егемендіктің, тәуелсіздіктің тарихи маңызын тереңінен түсіну үшін, Мәңгілік Елге айналуымыз үшін, еліміздің төл тарихын тереңінен танып, зерттеп – зерделеп, осы ұлы жолдағы ерлік дәстүрімізді ұлықтап,насихаттай білуіміз қажет. Мәңгілік Елдің негізі - тәуелсіздік пен патриотизм.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған ел алға баспайды» деген болатын.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу өзара тығыз байланыста. Ендеше тәрбие саласында патриоттық тәрбие бізге ауадай қажет. Патриотизм – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің екінші жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып , қалыптастыруға бағытталуы керек
Қазір әлемдік аралас-құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалығын сақтап қалуға, отаншылдық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде. Әсіресе, білім беру жүйесінде білім мен тәрбиенің өзекті ұстанымына айналуда.
Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгін алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі жастар.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының Жолдауында «Олар... күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады», - делінсе, Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен елжандылықты , өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі. Қоғам дамуында кез-келген мемлекеттің тұтастығы, тәуелсіздігі, мемлекет дербестігі халықтардың отанға деген сезімімен, патриотизмінің деңгейімен тікелей байланысты. Қазақстан патриотизм идеясы ұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде саналады.
Патриотизм - тарихи және әлеуметтік мазмұндағы табиғаты бар ұғым. Ол әрбір азаматтың бойындағы туа біткен сезім емес. Патриотизм-ол Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік оның мүддесі үшін кез-келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Соған орай патриоттық сезімнің басты қамқорлығы Отанына арналады.
Патриотизм - қасиетті ұғым. Отаншылдық идеясы өмірге ұзақ тарихи-әлеуметтік дамудың нәтижесінде келген. Адам қауымдасып өмір сүргеннен бастап, өз қоғамын, өлкесін, табиғатын сүйген. Соларға деген ерекше сезім қалыптасқан. Қоғам дамуының кезеңдері мен түрлі әлеуметтік арнасы отаншылдық сезімді саяси мазмұнға айналдырған.
Қазақстандық патриотизм болса, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыстардың бәріне қатысты нәрсе.
Патриотизмнің діттегені – Отан үшін біріктіру, оны қастерлеу мен ардақтауға тәрбиелеу. Өз халқының мүдде мақсатын қорғау болып табылады.
Қазіргі демократиялық реформалар жағдайында жаңа идеялар мен құндылықтарды қалыптастырудың қажетті шарттарының бірі - саяси тұрақтылық. Ел басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бүкіл күш-жүгері елде саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтай отырып, әлеуметтік-саяси мәселелерді байыппен шешуге бағытталған.
Патриотизм-тәрбиенің жемісі. Ол тарихи ұлттық дәстүрлермен тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм арнасына, ортақ отанға оған сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және олармен міндетті түрде санасу керек.
Біздің пікірімізше, біріншіден, патриотизм тарихи қалыптасатын, ұлттық өмір сүру ізімен жалғасқан дәстүрлі қасиет болғандықтан ұлттан тыс бола алмайды. Екіншіден, кез-келген ұлтқа еңбек сіңірген өзге ұлт өкілдері туралы жекелеген мысалдар сол ұлтқа бүтіндей мінездеме бере алмайды. Үшіншіден, патриоттық сезімді тек биологиялық деп бағалау ғылымға жат нәрсе, оны жануардың инстинктімен шатастыруға әсте болмайды. Ұлттық патриоттық қасиеті биологиялық емес, ол – әлеуметтік, идеологиялық дәстүрлі күрделі құрылым.
Ұлттық тәрбиенің маңызды бөлігі – өз халқының тарихы мен мәдени ескерткіштері болып табылады. Руың мен отбасының да өткенін есте сақтау пайдалы. Тарихи салт-сана, ұлттық зерде - мәдениетті азаматтық иек арту рухани қазынасы. Өзінің тегін білу ұлттық ерекшелік негізіне арқа сүйеуі тиіс. Оның адамгершілік пен тәрбиелік байқауы қазіргі дәуірдің – жалпықазақстандық шаңырақтың мұраттарына сәйкестеруі қажет. Осы тұрғыда Н.Ә.Назарбаев былай деп ерекше көрсеткен: «Тарихи тек-тамырыңның тереңнен бастау алғанын танып-түсіну, ата-бабаның шапағатын мол шабытты істерін заңды мақтаныш ету, тоталитарлы кезеңнің зардаптарынан айырылу, сөйтіп тарихи сананы уақыт талабына сай қалпына келтіру, ұлттық тұтастануға тегеурінді серпін беруге тиіс».
Жаңа әлеуметке ұмтылыс кезеңіндегі демократиялық реформалар жаңа мінез-құлық қасиеттері мен өмір салтын тудырады. Өз қоғамына сай рухани-психологияны талап етеді. Өнегелі өрісті жандар патриоттық шешімдерге, қызметпен іс-қимылдарға бейім тұрады. Патриоттық рухты қоғамдық күшке, әр отандастың қуатына айналдыру-ортақ мәселе – міндет. Қазақстанды өз Отаным деп қабылдау – әрбір ұлт өкілінің қазақ елін оның мүдде-мақсатын қолдап ортақ игілік болашағына айналдыру. Бұл процесте сан ұлт өкілдерінің ынтымағы, бірлігі мен тұтастығы басты қажеттілік. Білім мен тәрбие тетіктерін ұрымтал іске қосу арқылы ұрпақ бойына отаншыл болатындай асыл қасиеттерді дарыту, түптеп келгенде, Отан әлеуетін нығайтудың ең сенімді кепілі. Тәуелсіздік жылдарында Елбасының қаламынан туған « Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Қазақстан-2030», «Сындарлы он жыл» сияқты терең мазмұнға толы еңбектерінде шын мәнінде Отанын шексіз сүйген, сол жолда қажыр-қайраты мен білім-білігін жан-тәнімен жұмсай білген жанның отаншылдық рухы айқын аңғарылады.
Қазақстан республикасы тәуелсіздік даму жолында, оның келешегі алда, дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылуда. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Бүгінгі таңдағы Қазақстан жағдайында ұлттық патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлт аралық береке-бірлікті, ынтамастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқушыларды сабақ барысында отансүйгіштікке, ерлікке, адамдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының сапалыболуын отанға қосқан үлес ретінде қалыптастырудың да өзіндік мәні бар. Осыны әркімнің санасына сіңірген кезде ғана, біз нағыз патриоттар тәрбиелейміз.
Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, қарт ұрпақтың еңбек және жауапкерлік дәстүріне, бейбітшілікті сақтауға, туған жерін сүйе білуге тәрбиеленеді.
Тарих сабақтарында оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеудің мынадай жолдарын ұсынуға болады.
халықтың алдыңғы қатарлы дәстүрлерін нақты мысалдармен ашып көрсету;
халықтар тағдырының орталығына, әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің орталығына назар аудару;
көрнекті қайраткерлердің де, қарапайым халық өкілдерінің де тарихтағы, халық алдындағы қызметін, еңбегін көрсету;
туған өлке материалдарын тиімді пайдалану;
отаншылдық сияқты тамаша қасиеттерді өркендетуге байланысты. мемлекет пен үкімет тарапынан қабылданған құжаттарды пайдалану
Қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу – аса маңызды міндет.
«Іштен ешкім патриот болып тумайды.Қазақстандық патриотизмді өсіріп өркендету үшін байыпты, байсалды тәрбие керек» деп Манаш Қозыбаев ағамыздың сөзі патриоттық сезімді тәрбиені дұрыс бергенде ғана іске асыруға болатындығын дәлелдей түседі
Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, зерде деңгейі жоғары, білімді де білікті, жаһандану заманына сай
болуы шарт.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындыларына сүйенсек, біз мектептегі патриотизмге тәрбиелеуде оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алуымыз қажет.
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің іс-тәжірибелерін зерттеушілер олардың әдістері, формалары мен мазмұнын анықтаған (Ешімханов С., Иманбаев С., Сейдахметов Л. т.б.) ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып патриоттық тәрбиені қалыптастырудың бағыттары белгіленген болатын:
Патриоттық білім;
Патриоттық сана;
Патриоттық іс-әрекет.
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, оны қорғауға, өркендетуге әрқашан дайын болу. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім берудің міндеті – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен мәдени мұра сабақтастығын сақтай отырып оқыту, әр шәкіртті дара тұлға деп танып, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау, оқушыларды өзінің шықан тегін, адамзат тарихында халқының орнын білетін, бүкіл адамзаттық құндылықтарды танып, оны өз Отаны – Қазақстанның дамуы үшін пайдалана алатын етіп тәрбиелеу» деп көрсетілген.
Патриоттық тәрбие – өміршең бүгінгі жаһандану заманында әр мемлекет алдында тұрған басты мәселе. Ел болашағы бүгінгі ұрпақтың патриотизміне байланысты.
Өз Отанын сүю, Конституциялық құқықтарды білу, азаматтардың еркін өмір сүруін қамтамасыз ету қай елдің болсын мақсаты. Бұл қасиетті міндеттерді орындау үшін әр саналы азамат бойында оны қалыптастыру әрі дамыту қажет. Бұл тек азаматтық, патриоттық тәрбие арқылы қалыптасады. Оған қол жеткізу үшін келесі мақсат-міндеттерді жүзеге асыру керек:
«Отан», «Туған ел», «Елтаңба», «Ту», «Әнұран», «парыз» туралы түсініктерге деген құндылық қатынасты қалыптастыру.
Конституция мен ел заңдарын көздің қарашығындай сақтау, құқықтық жауапкершілікті дамыту, Отанына адал болу рухында тәрбиелеу.
Әділдік пен қайсарлық, тәртіптілік пен игі бастамшылдық, ұлтаралық достық пен татулықты құрметтей білуге баулу.
Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдында басты міндет. Халық ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып, тәрбиелеуді мақсат еткен.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» деген сөздері терең ой салады.
Қазақстандық мектеп оқушыларына этностық ерекшеліктерді, халықтың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін насихаттау жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің жолы болып табылады.
Патриоттық тәрбиеге сүйенетін негізгі ұғымдар - «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын адам бойына сіңіру.
Қазақстандық патриотизм – Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Қазақ патриотизмінің қағидалары ретінде ұрпақ бойына ата баба ерлігін, сан ғасырлық тарихын санасына сіңдіріп, отансүйгіштік ұғымын тереңдетіп отыру керек.
Сен Ер Түрік елінің ұрпағысың. Ұлы Дала өркениетінің мақтанышысың. Соны асқақтатып, әрқашан құрметтей біл.
Ер Түрік тарихын, мәдениетін, әдебиетін өте жетік меңгер, санаңа сіңір.
Қазақстанға, қазақ халқына өзінің барлық жігеріңді жұмса, ол үшін құдай берген талантыңды, еңбегінді аяма.
Өз елінің тілін, әдет-ғұрпын, дінін сақта, ол сенің руханиятың, басқа ұлтқа жұтылып кетпеудің берік кепілі.
Сенің бай тілің, бай жерің бар. Бұларды қасық қаның қалғанша қорғау – сенің қасиетті борышың.
Қазақ ұлтының мүддесін бәрінен жоғары қой, сен өз ұлтыңа қажетсің, ұлтың саған қажет.
Қазақ халқын шамаң келгенше дүние жүзіне ғылым, өнер, спорт салаларында асқақтат. Сен Мәңгілік елдің ұрпағысың. Ұрпақ өз бойына осы ұғымдарды қалыптастыра білуі керек.Бірде бір адамзат өзінен бұрынғы ата – буынның ақыл ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін елдігімізді қалыптастыру, егемендігімізді нығайту және келешек дамудың дұрыс бағытын табу жолында талай жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстандықтар дамудың озық үлгісін көрсетті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз,дербес мемлекет болғанына, міне жиырма бес жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде еліміз басынан көптеген қиындықтарды өткеріп , талай белестерді бағындырды. Әрине, тарих үшін жиырма бес жыл ұзақ уақыт емес, бірақ біздің жас мемлекетіміз үшін бұл – үлкен кезең.
Отыз жылдық тәуелсіз тарихымыздың жетістіктерін тізе берсек өте көп. Осы аталған қысқа мерзімде жеткен жетістіктердің өзі 100 жылға пара-пар. Ол жетістіктер әрбір қазақстандықтың Отанына деген мақтанышын, сүйіспеншілігін оятады. Әсіресе, жастар арасында осы патриоттық сезімнің өсуі, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына сенімділігін арттырады.
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекетіміздің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанда «Отаным» деп таныған әр азаматтың осыған әлі келгенше үлес қосуы – мұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «....біздің балаларымыз бен немерелеріміз... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп үміт артқан.
Қазақстандық патриотымыздың – адамның өзінің туып өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық отбасын құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан – байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік. Әр адамның Отанға деген сүйіспеншілігі осы жерде тұратын барлық адамдарға деген достықпен туысқандық сезімімен біртұтас болып табылады. Жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу нәтижесінде қандай ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас көп ұлтты мемлекеттің – Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезінеді. Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзіне тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеді.
Патриоттық тәрбие дегеніміз – бұл қоғамды біріктіре алатын, мемлекеттің бірлігі мен біртұтастығын сақтауға ықпал ететін рухани – саяси фактор. Сонымен қатар мемлекеттік саясат пен идеологияның ажырамас бір бөлігі болып саналады. Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің 1997 жылғы халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз», - деп атап өткен болатын.
«Патриотизм» сөзіне келетін болсақ (грек тілінде – patriots – отандас, paths – отан, атамекен) – Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тарихына деген өшпес махаббаты, ерлікке толы кешегісі мен жарқын болашағына мақтанышы, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Әр азаматтың Отанын одан әрі әрлендеріп, байытып, бақытты қылу және қайратты етуге дайындығын көрсетеді. Бұл дегеніміз әрбір Қазақстан азаматының елдің ертеңіне, қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін артырары сөзсіз. Бұл барлық отандастарымыздың тілдік, діни, мәдени айырмашылықтарына қарамастан бір – біріне деген сыйластық. Әрбір азаматтың мемлекетке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілге деген құрметі патриоттық тәрбиесіне байланысты болады.
Отансүйгіштік тәрбиені қалыптастырудың қайнар көзі тарих ғылымы екені барлығымызға мәлім. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Көп ұлтты жастардың өздерін Қазақстан тарихына, өткен буынның маңызды өмірлік құндылықтарымен сәйкестендіруіне үйрету керек, жастарға нақты өмірлік бақыт беру керек», - деген болатын.
Осы 30 жыл – Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы айтулы жетістіктер кезеңі. Бұл фактілер, әрине, қазақстандықтардың оның ішінде әсіресе жастардың – патриоттық сезімінің, өз Отанына деген құрметінің артқанын көрсетеді. Қазіргі таңда 90-шы жылдармен салыстырғанда әрбір қазақстандық өзінің Қазақстан Республикасының азаматы екендігін мақтан тұтатыны баршамызға мәлім.
Патриотизм сезімі – біздің халқымыздың болмысына ежелден сіңген қасиет. Ұрпақтан – ұрпаққа, атадан – балаға мирас болған өсиет.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Ендеше жастарымыз осы мемлекеттің мүддесін қорғайтын патриоттары болуы керек. Отанымыздың ішкі-сыртқы саясатын қорғау жастардың қолында. Еліміздің символдары:Көк байрағы, Әнұраны, Елтаңбасы еліміздің әрбір азаматы үшін қымбат және ешқашан басқа біреудің белден басып, аттап өтуге болмайтын қасиеттері деп санауға тиіс. Отанға қызмет ету әрбір жеке тұлғаның тарихтағы орны мен еңбегінен, олардың өшпес өнерінен, ғұламаларымыздың өсиеттерінен үлгі алған, солардан рухтанған жастарымыздың патриоттық күшімен өлшенеді. Біздің азаматтарымызда бір-біріне деген жанашырлық, дем беру, жақсылыққа қуана білу, бірін-бірі бағалау, бір-біріне деген құрмет сезімдерімен ұғымдары барынша мықты болуы шарт. Екінің бірі тумысынан дана, білімпаз ғұлама болмайды, оқудан, тоқудан, үйренуден барып адам өзін-өзі толыққанды етіп тәрбиелейді.
Патриоттық сезім тұлғаның тектілігімен туындап, тәрбие арқылы өсіп жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыптасады. Ұлттық патриотизм жеке адамның белгілі бір ұлтқа тән екендігін түсініп сезінуі, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі және оны қастерлеп қадір тұтып, қорғап, сақтауға дайын болуы. Ғалымдар ұлттық патриотизмді қанмен, тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекініп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет етуі, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп түсіндіреді. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз – қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлық, ал қазақстандық патриотизм дегеніміз – қазақ мемлекетін Отаным деп сезіну, басқа ұлттардың қазақ халқына сый-құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін көркейтуге және оны қорғауға дайын болуы. Қазақстандық патриотизм мүддесіне қызмет ететіндей мазмұнда болуына көңіл бөлу қажет. Өткені мен бүгінін таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен патриоттық рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті.

Абай ұлылығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020жылдың 9қаңтарында «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан атты тарихи мәні зор мақаласын жариялады.Президенттің ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы туралы терең де мазмұнды тағылымы мол мақаласы оқыған адамға ерекше әсер етері сөзсіз.» Абай –үлкен саяси, рухани тұлға. Ұлы ағартушы,кемел ойшыл, жазба әдебиетін қалыптастырушы, әлемдік өркениетке ерекше құбылыс болып еніп,қазақ поэзиясының қасиеті мен құдіретін көрсеткен ұлы ақын. Абай адамның ақиқатпен, өмір құбылыстарымен қарым-қатынасын жаңа философиялық биіктен зерделеуге ден қойды. Халықтың қамын ойлаған, бүгіні мен келер күні қандай болар деп елдің қамын жеп өз өлеңдерін, жырларын қара сөздерін жазып халық үшін басқа ұлттың тіліндегі өлеңдерін қазақ тіліне аударған қазақтың ұлы ақыны, философы Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойы.
Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...»)деп бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңін алсақ та қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет.
. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
Абай атамыздың халыққа тигізген еңбегі орсан зор. Халықты ауызбіршілікке шақырып, бірлік пен теңдікті қалыптастыру мақсатында жызылған еңбектері, оқырманды жылатып та, күлдіріп те, мұңайтып та тастайтын, адамның ойына ой қосатын, тура жолға бастайтын өлеңдер де, қара сөздер де жазды.
Абай Құнанбаев шығармаларын оқыған сайын өзіңнің дүниеге деген көзқарас пайымыңда өзгере түседі. Абайды түсіну үшін талмай оқып талдай отыра ұғыну қажет дер едім.
Нұрлан Йүсіпжан І- курс студенті
Достарыңызбен бөлісу: |