«Діни сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы»



Дата22.06.2017
өлшемі148,94 Kb.
#19485
«Діни сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы»
Құрметті көпшілік қауым:Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас компоненті ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Ал, сол білімді жастарға беруге ең негізгі қызмет ететін тұлғалар – оқытушылар қауымы. Сондықтан да білім беруде жүргізіліп жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – оқытушы қауымына ортақ іс. Жаңа заман оқытушыларға жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді. Оқытушы қауымына тың серпіліс, жаңа көзқарас әкеледі.Әлемге танымал мұсылман дінтанушысы әл-Ғазали діни білім туралы былай дейді: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы-екенін айтып кеткені бар. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып, мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек.
Қай дінді алып қарасақта, барлық діндердің негізгі мақсаты жақсылық пен адамгершілкке тәрбиелеу. Мысалы, Христиан дінінің қасиетті кітабында «Аспен атқанды таспен ат», біреу бетіңнен ұрса екінші бетіңді тос деген сияқты жақсы мінез құлықты, сабырлықты дәріптейді. Ал Ислам дінінде сабыр мен адамгершілікке қатысты Құран аяттары мен хадистерде жетерлік. Ислам дінінің өзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді ғой. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпараттар құралдарынан көретініміз тек лаңкестік оқиғалар мен жарылыстар. Ислам дінінде экстремизм немесе терроризм деген нәрселер жоқ екені анық.
Діни сауаттылық туралы баспасөз беттерінен , діни сауаттылық ұғымы жиі айтылып, көп жағдайда құранды арапша оқи білген, және намаз оқушы мұсылманды діни сауатты деп, ал енді мейлі қандай да бір білім егесі, академик, професор, прокурор, сот, мұғалім, инженер т.б сияқты мамандық, өнер саласындағы мұсылмандарды діни сауатсыз деп атап, оған көбіміз мойын ұсынып, солай түсінеміз. Қазақтағы бір жақсы әдет, әйтеуір оқығаны бар, сыртқы көзге білімді пендесін, өзімізден жоғары ұстап және сыйлауға да тырысамыз. Ондайлардың айтқандарын ақыл жүгіртіп ойланбай-ақ, орындай саламыз. Бұл ерекшелігіміз, бір жағынан бірлік татулығымызды ұстап тұруға септігін тигізсе, бірақ екінші жағынан іштей өз ара күндестікті, араздықты ойлардың жікке бөлінуін туынтатына да мән бермейміз. Енді, қандайда бір лаузымды; акедемик, професор айты, немесе бір білімді, болмаса тақта отырған лауазымды әкім айтты, болмаса имам арап танушы ғалым айтты десе, болды құдайға сенгендей сенетін аңғалдығымыз тағы бар. Жалпы; «Діни сауттылық» ұғымының даналық «философиялық» ұғымы негізінен ішкі зайырлық құпия сыр, парсатылық, ниетті білдіреді. Сонда имамдарымыздың, діншілеріміздің қарапайым халықты діни сауаты жоқ деп кінәлауының өзі ниеттері дұрыс емес, парсатты, арлы емес деген сөзді білдіреді. Абай атамыз: «Тоңқаң, тоңқаң етеді, нәпіл оқып не теңі, ниеттене білмейді» деп, ішін түземей сыртын түзегендер деп сынаған.
Еліміздегі мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты жастардың қиын сәттерде дербес, жан-жақты салмақталған шешім қабылдауына қажетті сыни тұрғыда ойлау машығын қалыптастыру болуы тиіс.Осы білімдерді қолдана отырып, әлемдік дәстүрлі діндер мен радикалды діни ұйымдарды ажырата алады. Алға қойылған мақсат жастар мен жасөспірімдердің діни сауаттылығын дамытуға: арбау әрекеттеріне қарсы тұру мен залалсыздандырудың жеке мінез-құлықтық алгоритмін қалыптастыруға, адамгершілік және этикалық құндылықтары бар, отаншылдық пен толеранттылықты қалыптастыратын әлемдік және дәстүрлі діндердің, дәстүлі емес діндердің негіздерімен танысуға ықпал етеді. Мұндай бағдарлама барысындағы сабақ кезінде бағдарламаға қатысушылар радикалды діни ағымдардың «тобыры мен пайғамбары» ролінде, сол сияқты деструктивті діни арбаушылықты залалсыздандырудың қарапайым және тиімді тәсілдеріне жаттыға алатын еді. Сондықтан жастардың радикалды діни ағымдарына тәуелділікті қалыптастыруға не ықпал ететінін білген маңызды. Ең жақсы қорғаныс – оны көре алу мен айыра білу қабілетінің болуы.

Ал қазіргі келіп жатқан ислам ағымдары немесе басқа дін ағымдары болсын көздеген мақсаттары басқа сияқты. Өсіп, өніп келе жатқан еліміздің тыныштығын бұзу, арамызға іріткі салу. Мұндай ағымдарға қара домалақ қазақтарымыздың кіріп кетіп жатқаны да қаншама. Бұл ағымдардың жетегінде жүруіне екі негізгі себепті атап айтсақ болады.


Біріншіден, сауаттылық мәселесі. Яғни діни сауаттылықтың өте төмен болуы. Екіншіден, әлеуметтік жағдай. Материалдық жағынан дұрыс қамтылмаған кедей, мемлекеттен үмітін үзген отбасыларды материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы өздерінің қатарына қосып жатқандығын айтуға болады. Әрине, елдегі барлық адамды материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Бірақ елді діни сауатты етуге болады. Қазіргі діни рәсімдер жасалатын орындарға баратын болсақ, ол жердегілердің басым көпшілігі жастар. Дінге деген жастардың қызығушылығы күннен күнге артып келе жатыр. Енді сол жастарымызға дұрыс бағыттағы діни білім және тәрбие беретін ата-аналардың діни сауатылығының жоқтығы ащы болсада өмір шындығы. Сондықтан жастарымыздың діни сауатын ашу қазіргі кездің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бейресми деректер бойынша 500 мыңнан астам отандастарымыз секталардан жәбір көрген екен.Ал жастарымыз дәстүрлі емес ағымдардың арасында адасып жүрсе, елдің болашағы не болмақ?! Және сол ағымдарда жүрген жастарымыздан және олардың ұрпақтарынан қандай азамат шығатындығы айтпасада түсінікті. Сондықтан бұл олқылықтың алдын алу үшін тек кана білімді пайдалану арқылы жеңіске жете аламыз. Қазір Батыстың кейбір елдерінде бұл мәселеге байланысты мектептерде діни білім беру жүйесі қалыптасқан.Осыған орай біздің елімізде мемлекет тарапынан жұмыстар жасалып жатқандығын айта кетуге болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011жылғы №511 бұйрығына сәйкес, оқушылардың дін туралы саяси – мәдени білімдерін қалыптастыру мақсатында мектептердің 9 сыныбына, Ғарифолла Есімнің авторлық ұжымымен жазылған «Дінтану негіздері» курсы жүргізіледі.



Нақтырақ айтсақ, мектептегі 9-сынып оқушыларына «Дінтану» сабағы пән ретінде енгізілді. Бұл шешімді оңды құбылыс ретінде қабылдауға болады. Әрине, бұл салада да кемшілктер бар. Менің ойымша, бұл әліде аздық ететін сияқты. Тек 9-сыныпта аптасына 1-ақ рет өтетін дінтану сабағы барлық жастарымыздың діни сауаттылығын көтереді деп сеніп қалмауымыз қажет. Бұдан басқада іс-шараларды ұйымдастырған жөн.Мысалы; Оқушылар арасында мешіт имамдарымен кездесу ұйымдастыру ,пікір алмасу,түрлі тақырыптағы лекциялар ,сауалнама алу,тәрбие сағаттыры тб. Іс-шаралар өткізуге болады.Дегенмен осындай өзекті мәселе бойынша жерлесіміз Мәулен Әшімбаев елордамызда «Дінтану негіздері» пәнінің сағатын арттыруды ұсынды .Мысал келтіретін болсақ мектептерде оқытылатын.«Жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңызы зор.Бүгінгі таңда мектептердің 9-сыныбында «Дінтану негіздері» пәні оқытылады. Оған факультативтік сағаттардың есебінен оқу жылына 34 сағат бөлінген. Дінтану негіздері секілді пән арқылы дін жайында түсінікті жастайынан, мектеп қабырғасынан қалыптастыру арқылы жалған немесе радикалды діни ағымдардың жетегінде кетудің алдын алуға болады. Сол себепті алдағы уақытта оқыту сапасына көңіл аудара отырып, әдістемесін жетілдіріп, осы пәнге арналған сағат санын арттыру жөн екенін айтқан болатын» М. Әшімбаев.Иа ,ағамыздың сөзін құптай отырып төмендегі ұсыныстарды келтірсем осында отырған әріптестерім наразы болмас.
Біріншіден; «Дінтану негіздері» пәні оқушылардың мемлекеттік сынақ кезінде алған білімдерінің дәлелі ретінде куәлікке баға қойылса;
Екіншіден;Дінтанудан сабақ беретін пән иесіне мектеп директоры мен сол елді мекенінің әкімі мінездеме жазып педкеңесте бекітілсе;
Үшіншіден;Дінтану пәні гуманитарлық бағыттығы негізгі пәндер қатарында енгізілсе; -деп ойлаймын. Міне сонда ғана қоғамдағы талқыға түскен дінтанушы мамандардың пікірлері мен күдіктерінің азаюына септігін тигізер еді деп ойлаймын.
Жалпы біздің ауданымызда аталған пән бойынша 46 мектептің оқушылары яғни , 9 сынып оқушылары «Дінтану негіздері»пән бойынша тиісті білім алуда.Негізінен алғанда пәнді жоғарғы санатты тарих пәні мұғалімдері сабақ жүгізеді.Осыған байланысты арнайы пәнге қатысты сертификаттары болуы да қажет екені мектеп директорлары мен пән мұғалімдері хабардар екені анық.Жыл сайын ауданымызға «Өрлеу мұғалімдердің біліктілігін арттыру» орталығынан көшпелі курс келуде.Курсқа «Дінтану негіздері» пәніне сабақ беретін мұғалімдері дәріс алып сертификаттарын алуда.Дегенмен Дінтану пәнінен сабақ беретін адам «дінтарихынан»,әлемдегі барлық діндердің шығуы ,таралуы және оның құрлымына талдау жасаумен бірге (сабақ түсіндіргенде) ислам дініне «бүйрегі бұрып»тұруы абзал.Дінтанушының алға қойған мақсаты дінге деген сенімі мен ғылымға деген құштарлығы мол жоғарғы категориялы пән иесі болуы керек деп ойлаймын. Аталған пәнге байланысты әр мектептерде 1 жылға арналған мектеп директоры бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақ жүргізеді.Бұдан басқа да «Аудандық білім бөлімімен» келісілген жылдық «Дінтану негіздері» пәнге қарасты іс-шара жоспары тамыз конференциясында дінтану пән мұғалімдеріне іс-шараның мазмұны мен мақсаты таныстырылып бекітіледі.Бекітілген аудандық іс-шараларда жоспарға сәйкес мұғалімдердің іс-тәжірбие алмасу мақсатында тарих,құқық ,дінтану пәндері бойынша облыстық және аудандық семинарлар кезекті мектептерде өтіледі.Мысалға өткен 2014 оқу жылында № 2; Кеген орта мектебінде «Ислам дінінің негізгі бағыттары»тақырыбында болса, Б.Соқбақбаев орта мектебінде желтоқсан айында аталған пәнге негізделген аудандық семинар өткізілді.
Осындай семинарлардан бөлек өткен оқу жылында Әзірет сұлтан мешітінің наиб муфтиі « Дін мен діл» кітабы негізінде дәрісі тыңдалып,оқулық авторы Қайрат Жолдыбайұлы мен ауданымыздың дінтану пәні мұғалімдерімен кездесу өткізілді.Автор демекші ауданымыздағы әріптестерімнің көпшілігі пәнге қатысты пайдаланатын оқулықтан өзге әдеби оқулықтары жайлы тоқтала кетейін.Жоғарыда аталған Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен діл»,Құдайберді Бағашаровтың «Ислам экстремизм мен ланкестікке қарсы», «Діни толеранттылық кеше және бүгін»,оқулығы және Алау Әділбаевтің Әбу Ханифа және ханифа мәзһабы атты Осман Қарабиық авторлығымен жазылған «Ислам діні» атты оқулықтарды пайдаланады. Және де интернет желісінде « Ислам кизет»,білімділер сайыттарындағы түрлі тақырыпқа сәйкес керекті мәліметтерді алуға болады.Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімі мен де үнемі байланыста болып, діни оқулықтар таратылып тұрады.
Ендігіде пәннің негізгі міндеттеріне тоқталсам.

Біріншіден; оқушыларды әлемдік және дәстүрлі діндердің және конфессиялардың тарихымен, олардың қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру.

2. діннің танымдық – дүниетанымдық психологиялық – педогогикалық аспектілерін ашу.

3. әлемдік және дәстүрлі діндер ілімінің негізгі гуманистік жағдайын және негізін түсіндіру.

4. деструктивтік діни культтардың, діни және экстремистік ұйымдардың идеологияларын қабылдамау ұстанымдарын қалыптастыру.

5. оқушылардың белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру.

Дегенмен пәннің танымдық мәнімен қоса, оның тәрбиелік мәніне баса көңіл аударудың маңызы зор. Оқушыларға ең алдымен діннің анықтамаларына мән беруден бастаған дұрыс. Мысалға айтатын болсақ «Дін адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол», «Дін адамның өмірін тәртіпке келтіретін жүйе», «Дін адамды шындыққа жеткізетін жарық», ислам ғалымдары Құран мәтініне сүйене отырып « Дін дегеніміз ақылды адамдарды өз қалаулары бойынша ізгілікке бастайтын құдайлық заңнама», «Дін адамдарды тек игілікке, жақсылыққа бағыттайтын заңнама ретіндегі іс әрекеттер жиынтығы сияқты түрлі тақырыпта ұғындыру абзал.Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуына әсер етеді. Дін адамның жүріс тұрысын, мінез құлқын, ішкі жан дүниесін реттейді.

Тақырыптарды зерделеу барысында түрлі кездерде пайда болған ежелгі Рим, Грек, Иран, Конфуций ілімі, Христиан діні, даосизм, синтоизм, ілімдерінің барлығында адамдарды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қайырымдылыққа, адалдыққа шақыратын ортақ құндылықтар бар екендігіне оқушылардың көзі жетеді. Аталған қасиеттердің барлығы әр адамның бойында бар екендігін түсіндірумен қатар, сол қасиеттерді әркімнің өз бойында жетілдіре білуіне басты назар аударылады. Алла тағала өзінің бір аятында «Мен сендерді бір біріңді тану үшін бір еркек бір әйел қылып жараттым және ұлтқа бөлдім» деген екен. Егер осы сөзді ақылға салатын болсақ бір еркек бір әйел заңдылық, ал ұлтқа бөлдім деген сөзден әр ұлттың салт санасына қарай таным түсінік қалыптасатынын көруге болады. Біздің ата бабаларымыз дінді тереңінен зерттеп мол тағылымын өзінің салт санасына, дәстүріне сіңіре біліп өзінің ұрпақтарына ана сүтімен, тәлімі мол істерімен дарыта білген. Қазақ халқының салт санасы, дәстүрі, құран ілімін терең меңгерген ғұлама, данышпандарымыздың нақыл сөздерінің, халық даналығының барлығы адамды бауырмалдыққа, мейрімділікке, инабаттылыққа, кішіпейілділікке т. б. жақсы қасиеттерге үйретеді. Мысалы: «Ата ананың қадірін білмеген халық қадірін білмес», «Ары жоқтың ақылы жоқ», «Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста , сонда толық боласың елден ерек» – дейді Абай атамыз.

Ұлы Қытай ғұламасы Конфуций «Өзің ұнатпағанды өзгеге істеме» десе Пайғамбарымыз хадисінде: « Өзіңе не тілесең, әуелі оны басқалар үшін қыл», ал қазақ атамыз «Өзі түгіл дұшпанына жамандық тілемеуді» ұрпағына аманат еткен. Абай атамыз «Алланың адам баласына дінді түсірудегі мақсаты – құлдарының жолдан адаспауы үшін, бір бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүрулері үшін болды» дейді. Осыған дәлел Ұлы ақын Шәкәрім қажы былай дейді.

Әлемдегі діндердің түп мақсұты,

Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:

Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,

Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.

Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,

Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.

Інжіл, Құран бәрі айтып тұрса дағы,

Мағынасына адасып қара басар.

Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,

Дін десе білімділер тұра қашар.

Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді

Қанеки бұл сөзіме кім таласар? Деп тұжырым жасайды.

Қазақта мынандай сөз бар «Таза ақылмен таппаған дін, шын дін емес, жындылық» – деген.

Біздер алдымыздағы шәкірттерімізді осындай дана сөздердің мағынасын аша отырып, түсіндіре отырып діннің түп мақсатын ашуға тырысамын. Алғашқы Дінтану сабақтары басталған кезде оқушылардан діннің не керектігін сұрағанымда «Жұмаққа бару, о дүниеде жақсы өмір сүру, күнәдан арылу, мына өмір жалған» деген сөздерді естідім. Қазіргі кезде оқушылар ол ойдан арылып өзін өзі тәрбиелеу керектігін түсінгендіктері қуантады. Сонымен қоса алғашқы кезде елімізге түрлі секталардың өтірік қайырымдылық пердесін жамылып дендеп кіріп алып, қазіргі таңда өз жұмыстарын жастар арасында белсенді жүргізіп отырғандығы көңіл көншітпейді. Осыған байланысты әр сабақта осының алдын алу мақсатында үнемі адамгершілік, мейірім, адалдық, отанды сүй сияқты негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып түсіндірме жұмыстары, пікір алысулар өткізіп, өзіміздің ұлттық дәстүрімізді, дінімізді сақтауды айтып отырамын. Сан ғасыр сусындаған, талай еліміздің қиын қыстау кезінде қалқан болған, 1000 жылдан бері жасап келе жатқан дінімізді, дәстүрімізді 1 жыл қалада немесе 5 жыл жырақта оқыған біреу келіп біз адасып жүріппіз деп насихат жүргізуі ақылға қонымсыз, қазақ ұлтына төнген қауіп деп білемін. Оқушылар арасында иманға бет бұрдық деп кейінгі кезде сабақ үстінде жұма намазға сұранып жүргендер де кездесті. Пайғамбарымыз: «Бір сағат білім үйрену, бір күнгі құлшылық етуден жақсы» деген екен. Білімнің маңыздылығын түсіне біліп соған жүрекпен бойсұнған адам – ақылды дер едім.

«Дінтану негіздері» бағдарламасының басты мақсаты — жастар бойында жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбітшілік пен келісім үшін өзара түсіністікке негізделген қоғам құруға белсенділікпен саналы атсалысуын арттыру.


Мемлекеттің діни саясатының басты мақсаты – елімізде діни өмірдің жайлы дамуы мен қоғамдағы тұрақтылықты бекіту болып табылады. Соңғы кезде ғаламтор беттерінде діни сауаттылық жайлы көптеген тақырыптар қозғалуда. Өйткені мемлекетте сауатсыздықтың салдарынан діни ахуал күрделеніп, әлі күнге дейін нақты шешімін табалмай келеді. Бұл көрініс елдің елеулі азаматтарын алаңдатып, кейбір қалаларда діни сауаттылықты арттыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әйтседе, жастардың біршамасы мұндай ізгі амалдарға немқұрайлы қарап, өз беттерінше ғаламтор беттеріндегі белгісіз мәліметтердің ақ-қарасын ажыратпай, бойына сіңіріп, оны өз ортасына жая бастайды. Қазіргі теріс ағымдар үшін де өз мақсаттарын ұтымды пайдалануда ғаламтор өте тиімді болып отыр.
Ұлттық сипатқа айналған дәстүрлі Ислам мен дүниетанымымызға сырттан келіп, түзету жасағысы келгендерге жол бермеуіміз керек. Өйткені қазаққа Ислам дінін үйретудің қажеті жоқ. Қазақ ежелден Исламды өзінің байтақ даласында мемлекеттік дін ретінде қабылдап, оны бойына терең сіңіргені белгілі. Сондықтан да, бізге Исламды қайтадан түсіндіру жұмыстарын емес, оны бабалар ұстанған кейіпінде қайта жаңғыртып, халықтың сауатын қайта қалыптастыру жұмыстарын қолға алғанымыз жөн деп санаймын. Сол үшін қазіргі жаһандану заманында қоғамның тұтастығын көздеп, діни сауатсыздықтың алдын алу тек қана мемлекеттің емес, әрбір Қазақстан азаматының, зиялы қауымның, қоғамдық ұйымдардың да мойнына жүктелуі тиіс. Нақты ислами діни сауатты жастар санасына ұялата алсақ, біріншіден білімді жастар жиналған ақпараттардың қажетін алып, қажет емесін сүзгіден өткізіп үйренер еді.Екіншіден, ислами діни сауатты жас сыбайластық, жемқорлық сынды қоғамдық кеселдерден аулақ болар еді.Үшіншіден, ел санаты көбейіп, тастанды, жетім, қараусыз қарт мәселелері кемитін болса, төртіншіден, өз-өзіне қол жұмсау, қоғамға өзін қажетсіз деп тану сынды кеселдерден де арылар едік. Нәтижесінде жастардың білім аясы кеңіп, діни және ұлттық қорғаныш қабатын қалыптастырып, көптеген кедергілерге қарсы тұруға мүмкіндік туады. Әрине мұның бәрі оңай бітетін шаруа емес, дегенмен ел болашағының жарқын болуы үшін айқын қадамдар екені анық.
Дәстүрлі дініміз Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншектерді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие. «Еліміздің және жастардың ең басты байлығы – сапалы білім», – деп Елбасы атап көрсеткендей, заман талабын ескере отырып жастардың білімін көтеру мәселесі еріксіз назар аудартады. Білімді жастар ғана ел дамуына жол ашады. Орта ғасырларда Ислам әлемге математика, химия, астрономия, медицина, сәулеткерлік, философия мен поэзия салаларында ұлы жаңалықтар мен жетістіктерді сыйлады. Бұл қуатты интеллектуалдық өркениетті құруға негіз қалады. Бүгін де осындай қуатты тарихи іргетасқа сүйене отырып, Ислам өркениетінің интеллектуалдық рөлін қайта жаңғырту күн тәртібінде. Демек, ендігі кезекте жастар білім тұрғысынан өзге жұртпен терезесі тең деңгейден табылуы тиіс. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетін тал бесіктен – жер бесікке дейін ілім алуға, ілімге сай амал етуге үндеген.

Жастардың дінге деген көзқарасы ең алдымен оның дінге алғаш рет қай тұрғыда бетпе-бет келгеніне (жеке өзі, отбасылық дауда және т.б.), оған оның эмоциялық жағынан қалай әсер еткеніне, сол бүкіл ақпаратты санасында қалай қабылдағанына байланысты.Шындығында, жасөспірімдерде өмірінің дәл сол кезеңдерінде дүниеге көзқарастары қалыптасады, санасының жетілу процесі жүріп жатады. Осы өтпелі кезеңді дәстүрлі емес дін өкілдері дөп басып пайдаланғысы келеді. Сол кезеңде жастардың басын жылдам айналдырып, теріс пиғылды ойларын санасына сіңіріп, қажетсіз бағытқа бастап, теріс жолға сала алады.


Жастар мен тәжірибесі жоқ азаматтар осындай ағымдармен бетпе-бет келгенде тығырыққа тіреледі. Олар өз қатарластарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Психологиялық шиеленіс арта түседі, тіпті олардың кейбірі кездейсоқ шешім қабылдайды. Біреулері үйден кетіп қалса, енді бірі өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Әртүрлі жолдармен сектаға тартылған көптеген жас уақыт өте келе өз таңдауы үшін өкіне бастайды. Бірақ қателікті түзету қиынға соғады. Діни секталардың жетекшілері түрлі тәсілдермен (физикалық күш көрсету, психикалық қысым жасау т.б.) оларды қатарынан шығармауға тырысады..Бір қуантарлығы, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жастардың исламға бет бұруы құптарлық жайт.Жалпы жұртшылықтың дінге бет бұруының қоғам үшін пайдасы зор деп айтуға болады. Өйткені, иман ұялаған жерге ырыс, береке даритыны шындық. Мәселен, өзге діндермен салыстырғанда әлемдегі ең соңғы дін өзіміздің Исламның нұр-шуағы шашылғалы жер жүзіндегі зұлымдық атаулы саябырсыды. Исламның басқа да көптеген кереметтерінің бірі сабырлыққа шақыру, үлкенді сыйлау, ата-ананың ақысын өтеуге асығу мен тағы сол сияқтылары жетіп артылады.
Қазіргі кезде дін үйренудегі бір қиыншылық – діннің бұрмаланып жеткізілуінде. Ғылымда дәлелсіз ешбір қағида қабылданбайтынын ғалымдар жақсы білгенімен, бұл принципті дін саласында ұстана алмай келеді. Ал, шындығында діннің ең күрделі, көлемді, қажетті де ілім екені даусыз. Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз. Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін көп оқып, ілім-білім жинауымыз қажет. Сондай әлемдегі көп діннің ішіндегі асыл дініміз пайдасын санамалап айтып бітіру тіптен мүмкін емес. Ислам дінінің ішінде әсіресе, Орта Азия халықтары ұстанатын төрт мәзһәб өкілдерінің бастарын иіп тұрып мойындайтын Мәзһәб болып табылады.

Ал біздің Қазақстанымыздың Батыс өңірінде, мүмкін Еуропамен шекаралас жатқандықтан шығар, дінге деген көзқарас өзгерек, үлкендер жағы кеңес үкіметінің атеистік саясатының құрсауынан шыға алмай, жастардың дінге бет бұруына шоши қарайтындары да бар. Шоши қарауының да бір себебі, олардың қазіргі таңдағы еліміздің түрлі кертартпа діндерге бой алдыруында, сол себептен олар жастардың қай бағытты ұстанғанын білмей әлек болады. Қазіргі уақытта осындай асыл дінімзді бұрмалап, өздерінше ұйым жасап, бизнес көріп, табыс көздеріне айналдырып отырғандар да жоқ емес. Осындай себептердің салдарынан қылшылдаған жастардың кейбірі қайсысы дұрыс бағыт, қайсысы бұрыс бағыт екендігін айыра алмай бастары шыр айналушылар да ұшырасады.



Қазіргі жастарымызға ислам дінінің әсері егер дұрыс бағытын ұстанған болса, әрине жақсы жағынан, ал егер кертартпа бағытын ұстанған болса, ол әрине кері әсерін тигізері анық. Екеуі де мінез-құлықтың сәл болса да өзгеруіне әсер етеді, ал мінез артынан іс-әрекеті кететіні тағы бар.

Сол себептен замандастарым, дінге бет бұрмас бұрын немесе бір нәрсеге күмәнмен қараған жағдайда, кез-келген адамнан емес, мешіт имамдарымен ақылдасқан жөн болар.Қазіргі ақпараттың жақсы дамыған заманында ақпараттық технологияларды қолданып осы мәселеге байланысты ғылыми-танымдық бағдарламалар жасау, телеарналардан елдегі болып жатқан діни мәселелердің себептерін ашып көрсетіп, елдегі діни ахуал жайлы халықты ақпаратпен қамтамасыз ете алсақ, бұл жүйеде өз жемісін берері сөзсіз. Сонда ғана еліміз өркендеп, көзі ашық, көкірегі ояу сауатты азаматтарымыз көбейіп, қаймағы бұзылмаған мемлекетімізді сақтап қаламыз. Сондықтан қазіргі қоғам халықтың діни сауатты болғанын талап етеді. Бізге діни сауат ауадай қажет екенін түсінетін кез келді. Сөз қорытындысында айтарым Пайғамбарымыз: « Алла тағала сіздің ниетіңіздің дұрыстығына қарайды» деген екен. Ниетіміз дұрыс болсын ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет