Надирбаева Бибігүл Сеилбекқызы
Қызылорда инженерлік техникалық колледжінің
қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы
Рухани жаңғыру аясында ұлттық рухта тәрбиелеу
Рухани жаңғыру Атамекен мен Ұлттың бір болуын, ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейтін ұлттық идея. Ғалымдар ұлттық идеяны ақыл таразысынан өтіп халықтың басым бөлігі қабылдаған ұлттық мәдени құндылықтар жүйесі деп түсінеді. Ұлттық идея Қазақстанда жүріп жатқан мәдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен әлемдік өркениет ықпалымен туындаған жаһандану процесінің арақатынасында қарастырылуы тиіс. Рухани жаңғыру идеясының пайда болуына, осы өмірдің объективтік негіздеріне өркениеттің ақпараттық толқынының қарқындап енуі, Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі батыстандыру мен америкаландырудың жаңа пәрмеге ие болуы себепші болды. Қазақстанда «рухани жаңғыру» идеясының қалыптасуына үш суперөркениеттердің тоғысуында орналасуы (православтық, мұсылмандық, конфуцийлік), мәдени-әлеуметтік транзиттік, тоталитарлық және атеистік сана қалдықтары, номадалық діл архетиптері ықпал етті. Басқа да ТМД елдеріндегі сияқты, Қазақстанда да ұлттық идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып табылады. Сондықтан, қазіргі өркениеттік және ұлттық-рухани құндылықтарға қарай бетбұрыс әлемдегі отыз озық елдердің қатарына қосылуға септігін тигізеді деп білеміз. Қазіргі кезде ойлау жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, ғылымды, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жетуге мүмкіншілік туып отыр. Ерте кезден-ақ, рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата- бабаларымыз жақсы түсінген. Батырлықтың, ақын-шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақтардың тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ұлтына игілік пен жақсылық әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа бейім, өресі биік адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Осындай адамның басты бағыты: зерттейтін объектісі осы заманнан шығып, өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде ақыл-ой елегінен өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау мәнерін, өрнегін таразылап, жаңартады. Осы мақсатта мына мәселелерді ескеруіміз қажет: қоғамдық келісім және демократиялық дамудың барысын, адам және қоғам, нарық және ғылымның байланыстарын. Ерекше бөліп қарайтын мәселе, азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ идеясының орны. Қазіргі зерттеулерде «Қазақстан – жалпы біздің үйіміз» деген қоғамдық ой негізі орын алуда. Бұл идея өткен қоғамдағы ұрандарға ұқсас, негізінен саяси мәнге ие болып тұр. Ұлттық идея – адамдардың ішкі рухани дүниесімен астасып жатуы керек. Сондықтан, қазақ идеясы «Еркіндік түбі бірлікте!» деген формулаға айналса, ұлтымыздың өресінен шығар еді. Қоғамда интеллектуалды ой өріс мықты болуы үшін, ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің салт-дәстүріне негізделген тұрмыс тіршілігімен тыныс алған, жан-жағында болып жатқан тіршілік барысымен етене байланысып өскен ұрпақ жаңа өмірге бейім жақсы адам болып өседі. Жаңа өмірге саналы түрде бейімделген жақсы адам елге жаны ашитын болады және бойындағы бар қабілетін, қолы жеткен бар игілігін еліне арнайды. Еліне жаны ашитын жақсы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау, оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді. жеке адамның рухани жаңғыруы – өмірге, уақыт ағымына ақыл парасатымен, білімімен бейімделе білуінде. Адамды өмірге, қоғамдық ортаға ақыл парасатымен және білімімен бейімдейтін ұлттық қасиеттер (ұлттық сана) мен ұлттық құндылықтар (тәрбие, имандылық, тектілік және т.б.) болып табылады. Ұлттық сана, тәрбие, имандылық, тектілік – жеке адамды қоғаммен, бүтін бір ұрпақты ұлттық негізімен біріктіреді. Бұлардан қол үзген адам рухани жаңғырудың биігіне жете алмайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі жақсы жақтарын қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Рухани жаңғыру қоғамның барлық мүшесіне, ұлттың барлық өкілдеріне өз міндетін жүктейтін құбылыс. Рухани жаңғыру жолында адамдар бай мен кедей болып бөлінбеуі тиіс. Ұлттық мүдде мен тарихтың рухы, елдің болашағы – халықтан, әрбір адамнан ортақ қасиетті, ортақ құндылықтарды, ортақ дүниелерді ғана талап етеді. Жеке адамның тұлғалануын, ел азаматы ретінде танытатын қасиет – жаңа тұрпаттағы рухани жаңғырудың негізгі үлгісі болып табылады.
Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата- бабаларымыз жақсы түсінген. Батырлықтың, ақын-шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақтардың тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ұлтына игілік пен жақсылық әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа бейім, өресі биік адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Осындай адамның басты бағыты: зерттейтін объектісі осы заманнан шығып, өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде ақыл-ой елегінен өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау мәнерін, өрнегін таразылап, жаңартады. Осы мақсатта мына мәселелерді ескеруіміз қажет: қоғамдық келісім және демократиялық дамудың барысын, адам және қоғам, нарық және ғылымның байланыстарын. Ерекше бөліп қарайтын мәселе, азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ идеясының орны. Қазіргі зерттеулерде «Қазақстан – жалпы біздің үйіміз» деген қоғамдық ой негізі орын алуда. Бұл идея өткен қоғамдағы ұрандарға ұқсас, негізінен саяси мәнге ие болып тұр. Ұлттық идея – адамдардың ішкі рухани дүниесімен астасып жатуы керек. Сондықтан, қазақ идеясы «Еркіндік түбі бірлікте!» деген формулаға айналса, ұлтымыздың өресінен шығар еді. Қоғамда интеллектуалды ой өріс мықты болуы үшін, ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің салт-дәстүріне негізделген тұрмыс тіршілігімен тыныс алған, жан-жағында болып жатқан түршілік барысымен етене байланысып өскен ұрпақ жаңа өмірге бейім жақсы адам болып өседі. Жаңа өмірге саналы түрде бейімделген жақсы адам елге жаны ашитын болады және бойындағы бар қабілетін, қолы жеткен бар игілігін еліне арнайды. Еліне жаны ашитын жақсы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау, оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |