Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Білім алушы портфолиосына ұсынылған құрылым



бет26/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Дәріс тезистері

Білім алушы портфолиосына ұсынылған құрылым:
Титул беті;
• Пән бойынша бөлгіштер;
• Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау
жұмыстары, мысалы: бағалау критерийлері, балл қою кестесімен жазба
жұмыстары, таныстырылымдар, бақылау жұмыстары, эссе, т.б.;
• Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін көрсететін күнделікті сабақ
үдерісінде орындаған жұмыстары;
Мұғалімнің кері байланысы, пікірлері, ұсыныстары;
• Білім алушының рефлексиясы.
Портфолионың формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне,
пәнге байланысты. Мысалы, АКТ, информатика бойынша портфолио
электрондық үлгіде болуы мүмкін (электрондық портфолио), ол электрондық
тасымалдаушы құралда сақталады (дискіде).



1

№ 14
дәріс

Б.Блум таксономиясы
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады (13-сурет). Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру.
Танымдық саладағы дағдылар белгілі бір тақырыпты білу, түсіну пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру негізінен осы дағдыларды, яғни төмен тәртіптегі мақсатты алға тартуға ұмтылады. Блум таксономиясы, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды.
Білу
Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен материалдардың есте сақталғанын растау:

  1. Арнайы сипаттамаларды білу (терминология, нақты фактілер мен т.б.).

  2. Жалпылайтын сипаттамаларды білу: конвенциялар, үрдістер мен сабақтастық, жіктелімдер мен санаттар, критерийлер, әдістемелер және т.б.

  1. Тиісті саладағы әмбебап нәрселер және абстрактілерді білу – қағидаттар мен жалпыла­улар, теориялар мен құрылымдар және т.б.

Сұрақ қою үлгісі: Алманы пайдаланудың денсаулық үшін қандай пайдасы
Түсіну
Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету:

  1. Аударма жасау;

  2. Интерпретация;

  3. Экстраполяция.

Сұрақ қою үлгісі: Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет