Ж,Қ
1-тапсырма
Пайызын табыңыз:
a) 30, 125 сандарының 10 %-ын;
b) 16, 400 сандарының 50 %-ын;
c) 28, 360 сандарының 25 %-ын;
Дескриптор: Білім алушы
- өрнекті құрайды;
- берілген санның пайызын анықтайды.
МК
2-тапсырма(проблемалық)
Пайызы бойынша санды (100 %-ын) табыңыз:
a) 3 %-ы 12; 36;
b) 10 %-ы 0,4; 28;
c) 60 %-ы 42; 114.
Дескриптор: Білім алушы
- өрнекті құрайды;
- берілген пайызы бойынша санды табады.
- Бұл есепті қалай шығарамыз? Түсіндіріп бере аласыңдар ма? Есепті дұрыс шығардық деп ойлайсыңдар ма?
Кездескен қиындықты және оның себебін анықтау
- Сендер қандай тапсырма орындауларың керек еді?
- Неліктен оны орындай алмадыңдар?
- Біз әлі нені білмейміз? (Пайызы бойынша санды табуды)
(Ауызша талдау жүргізу. Пайызы бойынша санды табу үшін:
пайызды бөлшекпен өрнектеу;
берілген санды сол бөлшекке бөлу).
Сергіту сәті «Иә, жоқ»
Егер сұрақтың жауабы дұрыс болса, қолдарын жоғары көтерді, қате болса жанына созды.
-Cанның жүзден бір бөлігі бір пайыз (иә)
-Жиырма бес пайыз төрттен үшке тең (жоқ)
-Елу пайыз екіден бірге тең(иә)
-Санның пайызын табу үшін оны 100ге көбейтеміз (жоқ)
Т
Берілген пайызы бойынша санды табу дағдысын қалыптастыру үшін, құрамы ауысып отыратын топта ұйымдастырылатын «Әткеншек» әдісін қолданамын. 5 адамнан тұратын топтар ұйымдастырып, 5 бөліктен (блоктан) тұратын тапсырмалар беремін.
№1.Сыныптағы қыз балалар 16. Бұл барлық оқушылардың 60%-ын құрайды. Сыныпта неше оқушы бар?
№2.Құйманың 80%-ы алюминий, қалғаны мыс. Құймадағы алюминий мыстан 300г артық. Құйманың массасы қандай?
№3. Қант қызылшасының 18%-і қант. 162кг қант алу үшін
неше килограмм қант қызылшасы керек?
№4. Турист қайықпен 504 км жүзді. Бұл барлық жолдың
36%-і болса, барлық жолды табыңыз.
№5. Райхан 145 санын 60%-ке арттырып, оның 25%-ін
есептеп тапты. Райхан қандай санды есептеп тапты?
Жұмыстың бірінші кезеңінде оқушылар топта тапсырмаларды өзара бөліп алады. Екінші кезеңде таңдап алынған тапсырмалары бойынша оқушылар жаңа топтарға бірігеді. Топтарға біріккен соң, оқушылар есепті талқылайды, шешімін табады, жазады және есептің шығарылу жолын толық түсінеді.
Үшінші кезеңде оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады және өз тапсырмалар бөлігінің (блогының) шешімін түсіндіреді.
-Өздерің не игергендеріңді білу үшін өзіндік жұмыс жасаймыз.
Ө,Қ
«Кестені толтыр» тапсырмасы
Сан
|
30
|
|
|
165
|
Пайыз
|
5%
|
90%
|
11%
|
18%
|
Санның пайызы
|
|
180
|
11
|
|
Дескриптор: Білім алушы
- санның пайызын табады;
- санды оның пайызы бойынша табады.
- Кімде кім тапсырманы қатесіз орындаса «+» қояды.
- Кім қате жіберді? Қате қай жерінде? Неліктен қателесті? (оқушы тұжырымы)
-Қатені түзетіңдер. Есеп шығаруға жаттығыңдар.
Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, деңгейлік тапсырмалар беру, саралап оқыту
Пайызға байланысты есептер: 8,10,11 жаттығу
|