Тақырыбы: «Қыстырма сөздер» қазақ тілі пәні
Мақсаты: 1 Қыстырма сөздер туралы түсінік беру және олардың жеке
сөйлем мүшесі бола алмайтынын меңгерту.
2. Қыстырма сөздерді қолдану аясы туралы білімдерін дамыту.
3..Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Дүниетану.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Қолданылған көрнекіліктер: Жаңа сабаққа арналған тірек схемасы, қайталауға арналған қима қағаздар , тест жазылған парақтар, сөйлем жазылған плакат.
Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберін жасау. «Жақсы тілектер»
2. Жұмыс дәптерлерін тарату, көркем жазу минутын өткізу.
3. Үй тапсырмасын тексеру. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Дауысты дыбыстан басталатын сөзді тап
а.Халық
ә.ірімшік
б.шөп .
в. тас
2. Қате жазылған сөзді тап.
а. аспаз
ә. уақыт
б.аспашшы
в теңізші
3. Жайылма сөйлемді тап.
а. Қыс түсті.
ә. Түн ұзарды.
б. Біз атқа мініп, қой жайдық.
в. Гүлді күттік.
4. Бірыңғай мүшесі бар сөйлемді тап
а. Өзенге мұз қатты.
ә. Бір сағат өтті.
б. Бақта алма, шие, өрік өседі.
в. Қалада көлік көп.
5. Тұрлаулы мүшенің астын сыз.
а. Бастауыш, баяндауыш
ә. Бастауыш, толықтауыш
б.Толықтауыш, пысықтауыш
в. пысықтауыш, анықтауыш
4. Ауызша жауап беру. Тақтадағы жазылған сөйлемді талдау.
Тәуелсіздікке арналған мерекеде ақ,қызыл, сары, көк шарлар аспанда қалықтап ұшты.
( Бірыңғай мүшені тап. Бірыңғай мүше екенін дәлелде )
5. Жаңа сабақ. Тақтаға тірек кестесін ілу. Осы бойынша қыстырма сөздер туралы түсінік беру.
1. Операциялық орындаушылық жұмыс:
60-жаттығу. Жаңа сабақты бекіту үшін орындалады. (жаттығу арасындағы сөйлем авторлары туралы мағлұмат беріп отыру)
2. Ой қозғау. Қима қағаздармен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар жазылған қима қағаздар таратып, тапсырма орындату арқылы оқушы білімін тексеру)
3. Тұжырымдау: Қыстырма сөздері бар диктант жаздыру, тыныс белгілерінің қойылу орнын анықтату.
Бәлкім, болашақта дәрігер болармын. Жалпы алғанда, біздің сынып жаман емес. Рас, ол өте көп біледі. Мені танымай тұрсың-ау, сірә. Денім сау болсын десең, әуелі, шынығу керек. (Әр сөйлемдегі қыстырма сөздерді тауып, дәлелдеу)
4. Қызығушылықты ояту. Шығармашылықпен жұмыс.
Ойын «Сөйлем құра»
Сөйлемдердің сызбасы арқылы, әр сөздің бас әріптері арқылы, сөз тіркестері арқылы сөйлемдар құраттыру және жаздыру.
6. Бекіту: Тірек сызба арқылы жаңа сабақты бекіту.
7. Үйге тапсырма: 64-жаттығу. Ереже жаттау.
8. Бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |