Қос жазба күнделігі – лекция мазмұнына студенттердің зейінін аударып, өз қатысын, қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте.
Лекция оқылғанда студент қағазды екі бөлімге бөліп, сол жағын «Үзінділер» (немесе «Цитаталар») деп атап, оған лекцияда өзінің назарын тоқтатқан, немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған, т.б.) үзінділерді жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін. Бұл жерде лекция мәтінін көлемді түрде көшірудің қажеті жоқ.
Қағаздың оң жағы «Түсіндірме» (немесе (Комментарий») деп аталады. Мұнда студент сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жазы алды, оның себебі қандай? Осы арқылы ол лекция хақында өз ойларын, түсінігін, пайымдыу мен уәждерін, дәлелдерін жария етеді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек.
Лекция бөліктері арасындағы үзілістерде студенттер жұптасып, жазғандарымен бөлісіп, талқылайды,пікірлеседі. Оқытушы әр үзілісте бір-екі студентті жазбаларын бүкіл аудиторияға оқып беруін сұрағаны дұрыс.
Кесте №46
Үзінділер
|
Түсіндірмелер/Комментарий
|
Білім әрбір төрт жылда ескіріп отырады...
Адам миының көлемі шектеулі...
|
Сонда біз жоғары оқу орнын аяқтағанда, көп біліміміз ескіріп кетеді екенғой!.. Біз ақпаратты жаттамай, сол мәліметті игеретін тәсілдерді үйренуіміз керек деп ағайдың айтқаны расболып шықпай ма?
Бұл жерде мен «Сонда адам өз миында не сақтауы керек?» деген сұрақ төңірегінде ойланып қалдым. Біздің миымыз кей жағдайда қоқыр-қоқыс салынған себетке ұқсамай ма: оның ішінде нендей нәрсе жоқ екен? Аннан-мыннан жиналған арасында еш байланысы мен біріктіретін жүйесі жоқ түрлі-түрлі ақпараттар мен ұғымдар. Ал олардың қайсысы өмірде нақты түрде қажетті болар екен?
Кім білер екен?..
|
(Бұл тәсіл A. Berthoff. The Making of Meaning.Portsmouth, 1981. кітабында келтірілген).
Достарыңызбен бөлісу: |