Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Сәттілік жағдайын келесі түсініктерді басшылыққа алу арқылы қалыптастыруға болады



бет62/197
Дата01.12.2022
өлшемі1,86 Mb.
#160720
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   197
Байланысты:
АСХАТ ӘЛІМОВ-интербелсенди адистер (2)

Сәттілік жағдайын келесі түсініктерді басшылыққа алу арқылы қалыптастыруға болады:
- басты назарды жұмыстың сәтті шыққан жерлеріне аудару (мәселен, сабақ соңындағы кері байланыста студенттер «Өз жұмыстарыңыздың қандай жерлері сәтті болды деп ойлайсыздар?», «Қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер?» деген секілді сұрақтарға ауызша не жазбаша жауап береді);
- жіберген қателерді кемшілік ретінде қабылдамай, оларды үйренудің заңды көрінісі деп түсіну, қателерді түзетуді үйренушілердің өздеріне тапсыру;
- жазалау шараларын (мәселен, төмен баға қою, ескерту жасау) түзету әрекеттерімен алмастыру;
- «сөйлеу» ұғымын «әңгімелесу» ұғымымен алмастыру;
- әр үйренушіні дәрежесі тең тұлға ретінде сыйлау және оған ілтипат көрсету, студенттердің әрбір ниеті мен әрекетін қолпаштау, олардың сеніміне ие болуға ұмтылу, олармен жылы сөйлесу секілді «жұмсақ», «ұстамды», «сабырлы» қарым-қатынастық тәсілдерді қолдану;
- әр үйренушіні атқарған жұмыстарының қорытынды нәтижелерінің сәтті шығатындығына сендіру, оларды өздерінде жеңімпаз сезімін қалыптастыруға ынталандыру.


ҚОСЫМША


Сәттілікке жетудің кейбір кеңестері

  1. Кәсіби қызметке жан-тәніңізбен берілу керек!

  2. Шаршамаңыз, талмаңыз, әрекеттеріңізді еш толастатпаңыз, доғармаңыз! Сәттілік ешқашан да бекерден бекер, аяқ асты келе салмайды!..

  3. Оптимист болыңыз! Үлкен жетістіктерге қол жеткізу тіпті де қиын емес!

  4. Басқа адамдармен бірлесе өмір сүруге және олармен ынтымақты болуға үйреніңіз! Өзіңізді қоршаған адамдардың сүйіспеншілігіне бөленуге тырысыңыз!

  5. Шыдамдылыққа үйреніңіз! Сіз өзіңіз танитындардың ішінен ең шыдамды болуға тырысыңыз!

  6. Басқалардың пікірлері мен ұстанымдарын сыйлаңыз!

  7. Әрбір туындаған проблеманы жан-жақты ойластыруды үйреніңіз! Мойымаңыз! Егер де Сіз бір шешімге бүгін келе алмаған болсаңыз, бұл мәселеге ертең қайта оралыңыз. Өзіңіз жасаған әрбір шешім Сізде проблема шеше білетін қабілеттің бар екендігін меңзейді. Осыны ұмытпаңыз. Алдыңызда туындаған кез келген проблеманы шешу жолы Сіздің басыңызда пайда болатындығына кәміл сеніңіз.

  8. Басқа адамның көзқарасын түсінуге үйреніңіз! Әрбір пікірталаста сан алуан тұжырымдар тоғысады. Бұл таласта Сіздің пікіріңіздің дұрыс болуы міндет емес. Бұл мәселенің Сізге қаншалықты қатысы бар болса да, Сіздің санаңыз ашық болсын.

  9. Тәкаппар болмаңыз!

  10. Кешірімді болыңыз!

  11. Өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздің тыныштығын ойлаңыз!

  12. Табандылықпен және толассыз еңбектеніңіз!

  13. Ұтымды қасиеттеріңізді біліңіз!

  14. Адал болыңыз!

  15. Материалдық байлықтар Сізді билеп-төстеп алмасын!

  16. Өз сәтсіздіктеріңізге тым қатты кейімеңіз!

  17. Сізді қоршаған адамдарға сыйласымдық пен ізеттілікті әрбір оңтайлы сәтте көрсетуге ұмтылыңыз! Ешкімге де менсінбей қарамаңыз!

  18. Өткенді тым жиі және ұзақ түрде еске алмаңыз!

  19. Басқа адамдар мен бүкіл Әлем алдындағы борыштарыңызды, міндеттеріңізді орындаңыз!

  20. Әр кез бақытты болуға ұмтылыңыз және өмірге қуаныңыз!

  21. Өмірде сәттілік армандауға батылы жететіндерге, ұйымдастыру қабілеті және өз талаптарын жүзеге асыруға қайраты бар адамдарға ғана беріледі!

Билл Ньюменнің «Бүркіттермен бірге қалықтаңдар» кітабынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет