Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Эссені бағалауға арналған әмбебап рубрика



бет113/197
Дата27.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#188883
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   197
Байланысты:
Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану Асхат Әлімов (1)

Эссені бағалауға арналған әмбебап рубрика
Мазмұны мен ұстанған көзқарасы

  • Көлемі бекітілген мөлшерден кем емес;

  • Берілген тақырып ауқымында жазылған, одан алшақтаулар жоқ.

  • Нақты проблема айқындалып, эссе соны шешуге бағытталған.

  • Таңдап алынған позиция немесе көзқарас нақты айқындалған және кең контексте қарастырылады (тарихи, әлеуметтік, саяси, экономикалық, т.б.);

  • Нақты айқындалған дербес көзқарас ұстанылады: оқулықты немесе лекцияны қайталамайтын, өзіндік «Мені» анық көрінетін идеялар (пікірлер, ойлар) келтіріледі.

Құрылымы

  • Үш бөлімді құрылым нақты айқындалған: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;

  • Бір бөлімде келтірілген идеялар екінші бөлімде тура сол қалпында қайталанбайды: өзгертілген, түрлендірілген қалыпта беріледі, дамытылады;

  • Бөлімдер арасында логикалық байланыс байқалады, «сонымен бірге», «сөйтіп», «сонымен», «алайда», т.б. сияқты байланыстырғыш сөздер қолданылады.

Стиль

  • Жай сөйлемдерге қарағанда құрмалас сөйлемдер көптеп қолданылған;

  • Оқығанда қиындық туғызбайды, түсінікті, стилистикалық қателер кездеспейді;

  • Атаулар мен терминдер өз мағынасында қолданылған;

  • Сөздер өз мағыналары тұрғысынан дұрыс қолданылған;

  • Біркелкі немесе ұқсас ұғымдар мен түсініктер синонимдер арқылы беріледі;

  • Таза және ұқыпты жазылған, орфографиялық және пунктуациялық қателер жіберілмеген.

Ұстанған позиция
- Өзіндік, соны пікір келтірілген, лекция немесе оқулықты қайталамаған;
- «МЕН» ұғымы тұрғысынан жазылған;
- Біреудің пікірін қайталамайды;
- Нақты айқындалған;
- Жалпы адами немесе кәсіби құндылықтар тұрғысынан келтірілген;
- Түсінікті.
Дәлелдемелік негіз

  • өз көзқарасын жақтайтын бірнеше дәлелдер келтірілген;

  • өз пікіріне қарсы дәлел келтіріліп, ол өз позициясының артықшылықтарын келтірумен жоққа шығарылған;

  • қоғамда жаппай қабылданған құндылықтарға, кең тараған пікірлерге және беделді адамдардың көзқарастарына сілтеме жасалады;

- дәлелдер эмоционалды және субъективті материалдарға сүйенбей, фактілерге негізделеді, олар өздерінің өміршеңділігі мен шынайылығымен оқырманның сенімін тудырады;

  • өз көзқарасының дәлелдері ретінде нақты мысалдар келтіріледі;

- нақты және айқын түрде ұстанған көзқарасының қоғам өмірі үшін келтірілетін салдары, артықшылықтары немесе зардаптарын көрсетеді;
- ақпарат көздерінің нақты көздеріне сілтеме жасалады (БАҚ, Интернет, арнайы әдебиет).
Қорытынды
- нақты және айқын тезистер келтіріледі;
- проблеманы шешуде қолдануға тұрарлық нақты ұсыныстар келтіріледі;
- ұсыныстар өмірде кездесетін ситуациялар тұрғысынан келтірілген, нақты өмірмен тығыз байланысты.
Бұл рубрика үлгілі жұмыстың («өте жақсы» бағасына тұрарлық) параметрлерін сипаттайды. Ал басқа жұмыстардың критерийлері одан төмендеу болады.
Әрбір жұмысқа талаптарды (критерийлерді) өзгешелеп қою керек. Талаптарды белгілеу сонымен бірге жұмыстарды орындау реті, алгоритмі болады, өйткені мұнда жұмыстың қалай орындалатындығы да келтіріледі.
Жазу жұмыстарының критерийлерін белгілейтін басқа да рубрикалардың мысалдарын келтірейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет