Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет169/197
Дата27.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#188883
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   197
Байланысты:
Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану Асхат Әлімов (1)

Ақиқат немесе жеңіс
- Молдеке, тезірек жүріңіз! Шайханада еліміздің барлық данышпандары пікірталас өткізу үшін жиналыпты. Сізге шынымен-ақ бұл жарыста кімнің жеңіп, кімнің ақиқат сөзін сөйлейтіндігі қызық емес пе?!
- Жарыстарға келетін болсақ, маған олардың ішінен бөдене төбелесі мен аламан бәйге ұнайды. Ал ессіз пікірталаста ақиқаттың тууы екіталай. Бұл үшін барлық пікірсайысты доғару керек, өйткені ақиқат еш дәлелдеуді қажет етпейді. Ал пікірсайысшылар ақиқатты іздеп жүрген жоқ – оларға тек жеңіс қана керек. Олардың таласы барған сайын өрби түседі, бұл «данышпандардың» барлығы да басқаларды жеңбей тыншымайды,- деген екен Қожекең.


1.1 Пікірталастың ережелері

Пікірталас басында студенттермен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Бұл ережелер өзара сыйласымдық, төзімділік, жанжалдардың алдын алу, тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау идеялары тұрғысынан құрастырылуы керек. Сондай ережелер үлгі ретінде төменде келтіріледі:


1. Әрбір қатысушыда өз пікірін айту мүмкіншілігі болуы керек.
Үйренушілер әрқашан да (топ ішінде, пікірсайыс кезінде) өз ойларын ортаға салып отыруы керек, өйткені пікірталастың нәтижесі сан-алуан, сан қилы пікірлердің тоғысуынан пайда болады.
2. Тыңдай білу керек.
Топ ішінде жақтастардың да, басқа топтардағы қарсыластардың да пікірлерін мұқият тыңдай білу керек.
3. Біреудің сөзін бөлуге болмайды.
Жақтастардың да, қарсыластардың да сөздерін бөлмеу керек. Бұл мәселеге пікірталасты жүргізуші асыра ден қоюы керек.
4. Үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін уақыт беріп отыру керек.
Мәселен, әрбір 10-15 минуттан кейін пікірталасты тоқтатып (2-5 минутке), студенттерге өз ойларын немесе дәлелдерін пысықтау, толықтыру мүмкіндігін беру керек.
5. Пікірталас кезінде бастапқы пікірді өзгерту мүмкіндігі беріледі.
Үйренушілердің өз пікірін пікірталастың аяғына дейін ұстануы міндетті емес. Керісінше, пікірлерін өзгерту арқылы олар өздерінің икемділігін, ойларының ұшқыр екендігін аңғартады. Мұндай әрекеттерді «сатқындық» деп санаудың қажеті жоқ, өйткені пікірталастың басты мақсаттарының бірі - өзгеру мен бейімделу екендігін ұмытпау керек.
Пікірталас үйренушілерде келесідей біліктерді дамытады:
- өзіндік пікір қалыптастыру;
- өз пікірін қуаттайтын нақты дәлелдер келтіре білу, олардың өміршеңді, нанымды және ұтымды болуын қадағалау;
- пікірлердің айырмашылығын аңғару;
- басқалардың пікірімен санасу, оны сыйлау;
- басқалардың өзіңмен келіспейтіндікті көріп, олармен келісім және мәмілеге келу керектігін түсіну;
- өз пікірін өзгерте білу, басқа пікірлерді ұстанудан «ұялмау», қаймықпау, басқаларға бейімделе білу;
- таңдау жасап, шешім қабылдау.
Студенттердің топтары арасындағы пікірталастарды межелік немесе аралық бақылауды (емтиханды) алмастыратын бақылау нысаны ретінде де қолдануға тұрарлық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет