Ашекеева Ќ



бет70/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)
Әлеуметтану семинар
Бірінші бастау саясат субъектілерінің дәрежесі сәйкес келмеуімен, оның рөлдері, қызметтері, мүдде мен қажеттіліктерімен, ресурстардың тапшылығымен сипатталады. Мысалы, билеуші және контрэлита арасындағы қақтығыс тұтасымен алғанда биліктік қатынастар жүйесіндегі барлық саяси субъектілердің конфликтісі болып табылады. Бірақ, биліктік өкілдікті тең бөлу мүмкін емес.
Қақтығыстың екінші бастауы адамдардың басты құндылықтары мен саяси идеяларының, тарихи ағымдық оқиғаларды бағалауындағы сәйкессіздіктерге байланысты. Бұл теория бойынша қақтығыстар адамның және табиғаттың құрайтын қажеттіліктерінің шектелуі немесе қанағатталмауына байланысты туындайды.
Қақтығыстардың үшінші бастауы азаматтардың бірегейлік процесіне байланысты. Демек, әр азамат өзінің әлеуметтік, діни, саяси, т.б. саяси жүйедегі орнын тапқысы келеді.
Қақтығыстың төртінші бастауын Л.Н. Тимофеева саяси коммуникация технологиясында, ең алдымен ақпараттың қателігінде немесе оны арнайы бұрмалаудан көреді.
Қақтығыстың бесінші қайнар көзі, билік үшін күресетін саяси қақтығыстағы субъектілердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінде астарланған. Саяси лидерлердің осындай жақтары, яғни, шектен шыққан авторитаризм, бақылаусыз өзімшілдік және т.б. саясаткерлер арасындағы араздықтың себебіне айналып, елдегі жағдайға тұтасымен ықпал етуі мүмкін.
Саяси қақтығыстардың себептерін зерттей отырып, келесі қорытындыларға келуге болады.
Біріншіден, оның негізінде әлеуметтік топтар, саясат субъектілері, индивидтердің арасындағы теңсіздік жатыр. Сонымен қатар, бұл жағдай қоғамда үнемі орын алатын материалдық және рухани құндылықтардың тапшылығымен толықтырылады. Ресурстар шектеулілігінің өзі қақтығысқа себеп болады. Нәтижесінде қоғамда жақсы өмір сүру үшін күрес басталады, оның ішінде: билік, мәртебелік позициялар, жоғары табыс пен байлық.
Екіншіден, қақтығыстар индивидтің немесе әлеуметтік топтың базалық қажеттіліктерге қанағатсызданбау нәтижесінде пайда болады.
Үшіншіден, индивидтер мен әлеуметтік топтардың күрделі қарама-қайшылықтарда орын алатын құндылық бағдары мен мүдделік кереғарлық қақтығыстың себебі болуы мүмкін.
Төртіншіден, азаматтардың әлеуметтік топтармен сәйкестендіру процесі саяси қақтығыстардың қайнар көзі болып табылады және олардың қоғамдағы орнын анықтайды.
Бесіншіден, саяси қақтығыс ақпараттың жоқтығымен, берілген қақтығыс бойынша дезинформация ұсыну себептерімен орын алуы мүмкін және оны реттеу процесін қиындатады.
Алтыншыдан, қақтығыстың себебі саяси қақтығыстардағы субъектілердің психологиялық ерекшеліктерінде жасырылады. Мысалы, саяси лидерлердің эмоционалды-жігерлі белгілерінің дамуы саяси қақтығыстың нәтижесін реттеудің динамикасына негативті түрде ықпал жасауы мүмкін.
Жоғарыда аталғандарды қарастыра келе, саяси қақтығыстардың негізінде мүдделер мен саясат субъектілері мақсаттарының сәйкес келмеуі олардың материалдық және рухани қажеттіліктерге қанағантанбаудан деп қорытындылаймыз. Себебі, азаматтардың қажеттіліктері өседі, ал оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері үнемі шектеулі.
Саяси қақтығыстардың әрқайсысының өзіне тән белгілері бар және саяси процестерде ашық, конструктивтік немесе деструктивтік рөлдерге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет