+Пәнге кіріспе. Клиникалық зерттеу әдістері



бет1/23
Дата07.02.2022
өлшемі59,19 Kb.
#87721
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
осмотр
осмотр, Практика 1 Шагиров Д СТР-25, тарих 12 апта, Сисенова Нұржайна, 9-1, 6SA2 Drama and Comedy

+Пәнге кіріспе. Клиникалық зерттеу әдістері.
Ішкі ағза аурулары клиникалық медицинаның негізгі бөлігі болып саналады. Ол ішкі аурулардың этиологиясын, патогенезі мен клиникалық белгілерін зерттей отырып, науқастың түрін танып анықтау, емдеу және алдын алу шараларын қарастырады, жеке аурулардың пайда болу себептерін анықтайды. Жалпы айтқанда, ішкі аурулар туралы ғылымның медициналық практикадағы орны орасан зор.
Дені сау адамның сипаттамалары: 1) организмнің анатомиялық және физиологиялық тұтастығы; 2) организмнің коршаған ортаның өзгерістеріне оңай бейімделуі; 3) жақсы көңіл-күйде болуы.
Ауру дегеніміз – ол ағзаның зақымдануға қарсы беретін қатысты серпілісі. Ауру тек бір жеке мүшені ғана зақымдамайды, ол тұтас адамға әсер етеді. Аурулардың пайда болуына әкеліп соғатын мәнбірлерді аурудың этиологиясыдеп атайды. Олар экзогенді және эндогенді деп екі топқа бөлінеді. Экзогенді түрлері: механикалық, физикалық және жұқпалы мәнбірлер. Механикалық зақымдануға тамырлардың жарақаттанып қансырауға әкеліп соғуы, кеуде қуысының жарақаттанып дем алу дәрісінің бұзылуы, ауырсынуда дамитын шок т.б. жатады. Физикалық мәнбірлер: жоғары немесе төменгі температура, электр тоғы, күн сәулесінің әсері, рентген сәулесі. Химиялық мәнбірлер: тұрмыста немесе кәсіби жұмыс барысында қолданатын әртүрлі химиялық заттардың теріге, ағзаға патологиялық әсер етуі. Жұқпалық мәнбірлер: организмге сырттан келіп түскен бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар бір талай ішкі аурулардың себебі болып табылады. Дұрыс тамақтанбауда ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Бұл жағдайда зат алмасу дәрісі бұзылып семіздік немесе ашығу дамиды. Эндогенді – ішкі этиологиялық мәнбірлер. Кейбір ішкі ағзалардың бұзылуы нәтижесінде болатын улану жағдайларды этиологиялық агенттер ретінде қарауға болады. Витаминдердің жетіспеушілігі де бір қатар ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Ішкі сөлденіс бездер қызметінің бұзылуы аурулардың дамуына себепті болуы ықтимал. Мысалы, ұйқы безі қызметінің бұзылуы қант сусамырының дамуына әсер етеді. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық бұзылуы этиологиялық мәнбірлер рөлін атқаруы мүмкін. Тамырлардың қызметінің және органикалық өзгеруі нәтижесінде қан айналымының бұзылуы көптеген ішкі ағзалар ауруларының себебі болуы мүмкін.
Әр аурудың биологиялық даму механизмін патогенез деп атайды. Мысалы, өкпе қабынуында патогенді жұқпаның әсерінен өкпе ұлпасы зақымданып, өкпе альвеоларына сары судың жиналуы. Сөйтіп дем алу дәрісі бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет