Жалпы қараудан науқас адамның: 1. санасын
2. төсектегі қалпын
3. жалпы пішінін (келбетін)(habitas)
4. сырт жамылғы келбетін (тері мен көрініп тұрған кілегей қабықтарды) анықтайды
Ауруды мүшелеп қарағанда қолданылатын жүйелік төмендегідей: 1. басты қарау 4 мойынды қарау
2. бетті қарау 5 кеудені қарау
3. ауыз ішін қарау 6 қол аяқты қарау
Ауру адамның санасы (есі) көптеген ауруда бұзылмайды. Мұндай жағдайда науқас адам өмір сүретін ортаның өзгеру құбылыстарына сәйкесті (адектатты) реакция жасайды. Бұл жағдайды анық сана немесе ауру адамның есі дұрыс деп атайды. Ал кейбір науқастарда ауру адамның (есі) санасы бұзылады. Сана бұзылуының екі түрі бар:
1. Сананың депрессивті (лат.depressioндеу, бәсеңдеу) бұзылуы.
2. Сананың ирритативті (лат. Irritatio-қозу, қобалжу, тынышсыздану) бұзылуы.