Маңызы: Ішкі ауралардың этиологиясын, патогенезін және клиникалық белгілерін зерттей отырып, науқастың түрін танып анықтау, емдеу, алдын алу шараларын қарастыру Мақсаты



Дата13.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#125260
Байланысты:
2 тақырып


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі/Министерство здравоохранения Республики Казахстан Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі/Карагандинский высший медицинский интерколледж

Жалпы медициналық білім берудегі ішкі аурулар пәнінің маңызы, мақсаты, даму кезеңдері, медбикенің науқасты тексерудегі ролі.

Гиппократ-клиникалық медицинаның қалаушысы. Медбикелік этика және деонтология

Ішкі аурулар пәнінің маңызы, мақсаты, даму кезеңдері, медбикенің науқасты тексерудегі ролі

Маңызы: Ішкі ауралардың этиологиясын, патогенезін және клиникалық белгілерін зерттей отырып, науқастың түрін танып анықтау, емдеу, алдын алу шараларын қарастыру

Мақсаты

1. Зерттеудің физикалық әдістерін үйрету

2. Ауруларда кездесетін симптомдар мен синдромдармен танысу

3. Жиі кездесетін ауруларды анықтаудың негізгі тәсілдерін үйрету

Диагностика бөлімдері

Медицинаның даму кезеңдері
  • Клиникалық медицинаның негізі алғаш рет Грецияда 460-377жж Гиппократ салған.
  • Гиппократтан кейін Абу-Әли Ибн-Сина (980-1037 жж) үлесі зор болды
  • XVIII және XIX ғасырларда Европа елдерінде жаңа зерттеу әдістері пайда болды. (термометрия (1758 жыл - де Гаен), перкуссия (1761 жыл - Л. Ауэнбруггер), аускультация (1819 жыл - Лаэннек), анамнез жинау (1875 жыл - М. Я. Мудров, Г. А. Захарьин), қүрсақ қуысы органдарының әдістемелік пальпациясы (1887 жыл — В. П. Захарьин).)

ТЕРМИНДІК СӨЗДЕР
  • «Пропедевтика» термині грекше «propaideuo» - «дайындау» , «кіріспе» деген ұғымды береді.
  • Диагностика (грекше «diagnosticos» «танитын қабілеті бар»)
  • Диагностика -ауруды зерттеу әдісі, дәргердің бақылауы және көргенін болжауды баяндайтын медицина ғылымының саласы
  • Диагноз (грекше «diagnosis»– біліп тану) -аурудың жағдайы туралы дәрігердің қысқаша қорытындысы

Медбикелік этика и деонтология
  • Дәрігер мен ауру адамның қарым-қатынасы, дәрігердің парызы мен міндетгері дәрігерлік деонтология (грек- ше сіеоп, сіеопов - парыз, Іо§о$ - оқу) деп аталады. Медициналық деонтология дегеніміз - медицина қызметкерлерінің мамандығы бойынша міндеттерін атқаруда этикалық ережелерді сақтауы.

Медбикелік этика и деонтология
  • Ауру адам психикасы сезімтал келеді, ол дөрігердің сөзінен не ісінен секем алып қалады. Сондықтан науқастың көзінше түсініксіз терминдер мен создер қолданбауға тырысу керек.
  • Науқас адамньң бойындағы дертке оз көзқарасын біліп алған жөн. Егер ол дүрыс түсінбесе, немесе оған дерті үлғайтылып көрінсе, осы жерде дәрігердің көмегі қажет-ақ.
  • Сырқат адамның психологиясын, интеллектін, режимді бұзуға бейімділігін, сол кездегі көңіл – күй жағдайын (шаршағандық, қуану, ренжу, қайғыру) дұрыс ескере білудің маңызы зор.

Медбикелік этика и деонтология
  • Кейбір дәрігерлер адам ауруы туралы мөліметті жасырмау керек деген көзқарасты қолдайды. Бірақ ондай мәлімет теріс психология туғызып, қайта түңілу, депрессия сияқты жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.
  • Сырқат адам ауруы туралы өзі біліп қойған шақта да, оның көңілін үміттендіретін, көңіл-күйін көтеретін ойларға бағыттау керек.

Медбикелік этика и деонтология
  • Емдеу барысында сырқат адаммен арада орнаған жақсы психо- логиялық қарым-қатынас оның тез айығуына себебін тигізеді.


  • Адамды толық есімімен атаған дүрыс. Оның мәдени деңгейін, өмірге көзқарасын ескере отырып, ортақ тіл таба білу керек.
  • Сырқатпен сөз таластырмау маңызды, себебі одан өзара жаратпаушылық туындауы мүмкін. Көмектесуге тырысса, жағдайын жеңілдетуге барлық жағдай жасаса, сонда ғана сырқат адам дәрігерге сеніммен қарайды.
  • Дәрігер науқасты қабылдау, не ауруханада көру кезінде сырқат- тың арыз шағымдарын, ауру жағдайын асықпай сүрастырып, теле фон қоңырауына, бөтен әңгімелерге алданбауы тиіс.
  • Сырқатқа ең алдымен дөрігердің сырткы келбеті де әсер ететінін білуі керек. Киімі ұқьпсыз, үстіндегі халаты кір, қолы лас болса — міне, осылар дәрігердің беделін төмендетеді.
  • Дәрігерлік деонтологияға дәрігерлік қүпияны сақтау қажеттілігі жатады. Науқас адам және оның дерті туралы мәліметтер ешкімге жарияланбауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет