Бірінші кезеңде байқалады: қатты ауырсыну, жалпы әлсіздік, тері бозаруы, артериялық гипотония және тахикардия. Аралық кезеңде байқалады: терең есеңгіреу, сопор, зәр қоңыр түске боялады, үдемелі-олигоанурия, инфекциялық асқынулар дамиды. Кеш кезеңде зақымданған ағзалардың қызметтері (бүйрек, бауыр, өкпе және т. б.).бірте-бірте қалпына келуі журеді, яғни тіндер некрозы, іріңді асқыныстар дамуы мүмкін. Клиникасы - Зақымданған аяқ-қол ісінген, көлемі ұлғайған, терісі көгерген түсті;
- Теріде көптеген жара, қанталаған, іші сұйықтыққа толы көпіршіктерді көруге болады;
- Зардап шеккен адам үстінен ауыр затты алған соң сол заттың іздері қалып қояды.
- Қысылған бұлшық ет қанға толы, кей жерлерде жыртылған. Некроз аймағында бұлшық ет түрі пісірілген ет көрінісінде болады;
- Барлық сезімталдық түрлері әлсіз немесе жоқ. Аяқ-қолдың тамыр соғысы анықталмайды.
- Қанның қоюлығы артады (гемоконцентрация);
- Зәрде – белок (протеинурия), эритроциттер (эритроцитурия)
- Зәрдің тәуліктік мөлшері (диурез) төмендейді (олигурия), кейде зәр шықпайды (анурия);
- Гиперкалиемия және басқа элементтердің бұзылуы (магний, натрий, т.б.) патологиялық жағдайдың күшеюіне соқтырып, жедел бүйрек жеткіліксіздігін күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |