Алғашқы көмек - Міндетті түрде жгут қою, зақымдалған жерден жоғары қысу.
- Науқасты босатып алу.
- Тығыз байлам жасау, яғни қол-аяқты эластикалық немесе кәдімгі бинтпен жгут қойылған жерден төмен қарай қатты байлау, кейін жгутты босату.
- Зақымдалған жерге суық басу.
- Аяқ-қолды иммобилизациялау, егерде сыныққа күмән болса (Крамер шинасы, вакуумды шина көмегімен). Дәрігерге дейінгі көмекте шина орнына қолда бар затты қолдануға болады: ағашты таяқ, фанера, қатты картон, журнал т.б. Шинаны салған кезде сынық болған жерді қозғалтпаған жағдайда орналастыру керек.
- Жарақаттар, жаралар болған кезде сутегі асқын тотығы көмегімен тазартып, асептикалық таңу жасау керек.
- Жансыздандыру (промедол, морфин немесе анальгин димедролды бұлшық етке), немесе ауырсынуды басатын дәрілерді (но-шпа, кетанал, аналгин) ішке беруге болады медициналық қызметкер келгенге дейін. Аллергиялық анамнезін сұрастыру қажет.
- Шокқа қарсы іс-шаралар (инфузия, гормондар).
- Сұйықты көп ішу егер ішкі мүшелердің зақымдалуы болмаған кезде.
- Оксигенотерапия (таза ауа, оттегі).
- Зембілмен емдеу мекемесіне тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |