отыратын орынның массасы. Ауа шарының ұшу биіктігін реттеу үшін аспан кезушілер әр түрлі тәсілдерді қолданады.Жоғарырақ көтерілу үшін шар арнайы салынған жүктерден (қапшықтарға салынған құм) біртіндеп босатылады. Төмен түсу үшін шардың ішіндегібіразы сыртқа шығарылады немесе оны жылыту тоқтатылады.
Үлкен биіктіктерге ұшырылатын аэростаттарға газ аз мөлшерде ғана толтырылады.Жоғары көтерілу кезінде сыртқы қысымның азаюы есебінен мұндай шарлардың қабығы ашылып жайыла бастайды. Ауа шарлары ауа массасымен бірге ығысып отырады, сондықтан да олар басқаруға көнбейді.
Қазіргі кезде көптеген зерттеу станциялары атмосфераны, ауа райын бақылау үшін шар – зондтарды ұшырады. Мұндай шарлар атмосфераның құрамы, тығыздығы, температурасы, желдің жылдамдығы туралы және т.б. мәліметтерді радиохабарлар арқылы Жерге жеткізіп отырады.
Ұшу аппаратының бір түрі дирижабльдер149-сурет. Дирижабльқозғалтқыш айналдыратын пропеллердің көмегімен қозғалады, сондықтан да оны басқаруға болады. Оларды пайдалану мәселесін инженерлер мен өнертапқыштар қазіргі кездеқайтадан қарастырып отыр.