Ашық сабақтың тақырыбы: Ұстаз-ұлы тұлға



Дата10.10.2020
өлшемі35,96 Kb.
#64351
түріСабақ

 Ашық сабақтың тақырыбы: Ұстаз-ұлы тұлға.

Ашық сабақтың мақсаты: Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу. Ашық сабақтың міндеті: 1. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру. 2. Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. 3. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Түрі: аралас сабақ



  Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,

  Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу

- Cәлеметсіңдер ме!

Шаттық шеңбері: «Сәлем саған , мектебім!» Бір-біріне доп беріп «Мектеп» тақырыбына сөздер айту.Бүгінгі күн тамаша! Бүгінгі сабақ сәтті өтсін!

2. Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру таныстыру.

 3.« Мұғалім – мектептің жүрегі »

 Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.

II.Үй жұмысын тексеру. Өнер, білім туралы мақалдар.

III. Өткенді қайталау. Школа, учитель, ученик, книга, знания / қазақ,ағылшын тіліне аудару/

1. Мектеп туралы видеоролик көру.

Сұрақтарға жауап беру: Сен нешінші сыныпта оқисың? Мектепте сабақ нешеде басталады? Сендерде бүгін неше сабақ? Мектебіміз нешеге толғанын тойлады?

Мектеп неше қабатты? Мектепте неше мұғалім және оқушы бар?

3.Сын есім дегеніміз не? Оның түрлерін атау.Сын есімнің шырайлары.

IV. Жаңа сабақ Топқа бөліну.

1. Ұстаз деп кімдерді айтамыз?

- Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз. Ата-ана – ұстаз, мұғалім – ұстаз, үлкендер – ұстаз, кітап – ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.

2.Мұғалімнің еңбегі қандай?

- Дұрыс айтасыңдар. Әрине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашақта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.

3.Мұғалім  қандай? І -топ. Мұғалім Қандай? /класстер/

ІІ - топ .Мұғалім не істейді? /класстер/



Сонымен, мұғалімнің қандай қызмет атқаратынын білдік.

«Мұғалім –ол біздің» әнін айту. (Сөз – Мұзафар Әлімбаев, Әні – Ибрагим Нүсіпбаев ).

5. Сөздік жұмысы

Жас ұрпақ - молодое поколение

Ізгілік , жақсылық – благо, добро

Арнаулы білім- специальное образование

Қажетті құжат - нужный документ

Үлгілі, өнегелі - образцовый, примерный

Өмір тәжіребесі - опыт жизни

Рухани тәрбие - духовное воспитание

Ғылыми-ағартушылық – научно -просветительный

Адамгершілік мұраттар- человеческие цели

Ақылдылық ұстаным - умное напутствие

Нұсқайтын жол - указанная дорога

6. Мәтінмен жұмыс . Ұстаз /оқулық 119 бет./ Оқу .Орыс тіліндегі баламасын табу.

І - топ.Жас ұрпақты ,жалпы адамзатты ізгілікке баулып,жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі таңда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман ұстаз деп аталады.Дегенмен ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес.Үлгілі, өнегелі,өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады.Ол адамзатты

Ғылымды сүюге, танымдық құштарлыққа үндейтін түлға.

ІІ - топ. Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі рухани тәрбие ісінде « Ұстаз-шәкірт» қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми-ағартушылық ,мәдени,кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ баласын ұстаз алдына апарғанда « Сүйегі - менікі, еті -сенікі» деп берген. Бұл мақалдағы сөздің астарына үңілсек: « Сүйегі -асылының иесі, оған қиянат жасама, ал етін сомдау , яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі» деген тұспал бар.

Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған , рухани адамгершілік мұраттары мен ақылдылық ұстанымдары, адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар.

7.Мәтін бойынша сұрақтар дайындау. Әр топ екі сұрақ дайындайды.

8. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазу. Төрт сын есіді шырай түріне айналдыру.Екі сын есімге морфологиялық талдау.

9. Жазба жұмысы. 4 тапсырма. 121 бет.

1- 5 4- 2

2-1 5-3

3-6 6- 4


10. Сөйлемдерді аудару:

І – топ.

1. Учитель.

2. Хороший учитель.

3. В школе хороший учитель .

4. В школе хороший учитель работает.

ІІ – топ .

1. Школа


2. Наша школа.

3. Наша школа в селе.

4. Наша школа в селе расположена.

10. Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.

 IV. Бекіту. «Мұғалім» Қабдыкәрім Ыдырысовтың өлеңін оқу.Мұғалімді не үшін үлгі тұтамын? Деген сұраққа жауап беру.Тақтадағы үлкен жүрекке жауап жазған стикерлерін жапсыру . Смайлік арқылы сабақты қорытындылау.

Бағалау . Үй жұмысы: « Менің сүйікті мұғалімім» шағын әңгіме жазу.

















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет