Ашық сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата24.04.2017
өлшемі338,01 Kb.
#14754
1   2

8-слайд

Жаңа сабақ жоспары:

Тыныс алудың маңызы

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы

Тыныс алу мүшелерінің қызметі


9-слайд Тыныс алу жүйесінің маңызы. Тыныс алу тірі ағзаларға тән қасиет. Тынысалу деп организм мен сыртқы ортаның арасындаңы газ алмасуды айтамыз. Жер бетінде тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі.
10-слайд Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Демалғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады.

Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады.



Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа). Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрайды. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе.

10-11 слайдтар:




12-слайд Тыныс алу мүшелері





13-слайд: Тыныс алу мүшелерінің құрылысы


1-мұрын қуысы

2- жұтқыншақ

3- көмекей қақпақшасы

4- көмекей

5- кеңірдек

6- оң жақ өкпе



7- диафрагма

8- ауатамырлар




14-слайд Ауаның тыныс алу мүшелері арқылы жылжуы.

15-слайд Тыныс алу мүшелерінің қызметі.

Тыныс алу жолындағы мұрын қуысында (кеңсірік) көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң тозаңдарды ұстап қалады әрі ауаны ылғалдандырады.

Сілемейлі қабықшадағы қылтамырлар ауаны жылытады. Ондағы қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.
16-слайд:

Көмекей мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлайды. Қабырғасы – 3 сыңар, 3 жұп шеміршектен түзілген. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Дыбыс сіңірлері шеміршекке бекінеді.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см. Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады.
17-слайд Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады.

Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады.  
18-слайд Тыныс алу жүйесіне арналған видео көрсетілім

19-слайд Сергіту сәті.

1. Терезе, есікті ашып тыныс алу жаттығуын жасату.

2. 20-слайд Көмекей туралы қызықты мәлімет.

-Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып, дыбыс шығарады. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен шыққан дыбыс болады.

- Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейінің ұзындығы 36 мм, әйелдерде дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан дауысы жіңішке болады.

-Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үшкір түйіні – бидайық (жұтқыншақ шодыры) деп аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары төмен қозғалады. “Көмекейі бүлкілдеген әнші екен”, “Күміс көмей” деген ұғымдар соны білдіреді.
21-слайд

IV Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары:
22-23 слайд

1) Интерактивті тапсырма: Тыныс алу жүйесінің компоненттерін табыңдар



2) Тыныс алу жүйесіне байланысты сәйкестендіру кестесін толтыру

1 Тыныс алу мүшелері

а) іші ауаға толы өкпе көпіршіктері


2 тыныс алу

д) мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше

3 лейкоциттер

в) мұрын қусы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, өкпе

4 көмекей

г) мүшелер мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу

5 алвеолалар

д) көмекейдің жалғасы іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше

6 кеңірдек

е) мұрын қуысына енген микробтарды жояды



24-слайд

V Қорытынды. Рефлексия.


25-слайд VI Үйге тапсырма беру

§38. Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі


VІІ Бағалау (Жауап берген оқушыларға таратылған стикер арқылы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет