Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Еңбек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология пәнінің мұғалімі
Гулзат Толеубекова Сакенқызы
Ашық сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдар қалыптастыру
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, тыныс алу мүшелерінің макеті, модельдері, презентация
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, интерактивті тапсырмалар орындау, баяндау, кестені толтыру, іздену, сәйкестендіру тесті, иллюстрация
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тыныс алудың маңызын, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметін, өкпенің құрылысы мен атқаратын қызметін меңгерeді.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, кезекші есебін тыңдау.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Барлығымыз бір-бірімізге сәттілік тілеп,өз білімімізді көрсетейік.
II Үй тапсырмасын тексеру
1-слайд
1-кезең: “Көкпар”
1. Қанайналым жүйесі дегеніміз не? Қанайналым жүйесіне қандай мүшелер жатады?
2. Қантамырлары неше топқа бөлінеді?
3. Жүрек неше қуысты, қабырғасы неше қабаттан тұрады?
4. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады? Қалай білуге болады
5. Қанның қанайналым шеңберімен ағатынын ашқан ағылшын ғалымы?
6. Мынау қандай аурудың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді.
2-cлайд
2-кезең: Интерактивті тапсырмалар орындау арқылы қанайналым жүйесіне қорытынды жасау.
1-тапсырма:
1) Қанның қызыл түсті түйіршіктері –
2) Ақ қан түйіршіктері –
3) Олардың құрамына гемоглобин кіреді –
4) Қанның ұюына қатысатын ұсақ қан жасушалары –
5) Жалған аяқтардың көмегімен қозғалуға қабілетті қан жасушасы –
3-слайд
2-тапсырма: Дұрыс жауапты торкөздерге жазыңдар:
Артериялар Веналар Капилярлар
4-слайд
3-тапсырма: Қан жасушаларының атауын жазыңдар:
Эритроциттер
Лейкоциттер
Тромбоциттер
Үй тапсырмасын сұрауды қорытындылау
III Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
5- слайд
Ой қозғау: Таза ауа жұтқаның, өміріңде талай жылды ұтқаның!
(Нақыл сөздің мағанасын аша отырып, жаңа сабаққа көшу.)Балалар мына нақыл сөзге қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын түсінген боларсыңдар. Яғни біздің бүгінгі тақырыбымыз тыныс алу мүшелері жайлы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |