Мұғалім: Балалар, Әліппе, ұстаз, ата –ананың арқасында біз оқуды, жазуды үйрендік. Ендеше, қазір қалай оқитынымызды көрсетейік.
Әліппе оқулығынан кезекпен оқыту.
Ойын. «Сөз құрастыр, тез құрастыр.»
Кеспе әріптерден ана, Отан, мектеп сөздерін жаздыру.
Әліппе: - Балалар! Өте тамаша! Мені жақсы меңгерген екенсіңдер! Мен де өз тапсырмамды берсем, орындайсыңдар ма?
42 жауынгер
Сапын түзеп тұрады,
Бүлдіршіндер қауымы
Сырын терең ұғады. (Алфавит)
Әріптер сөйлейді.
А-әрпі Мен үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөздері
Қайсы әріптен басталған?
Н-әрпі Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпінеде қарашы.
Ғ-әрпі Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп ?
М-әрпі Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
С-әрпі Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Ы-әрпі. Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
І-әрпі. Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?
З-әрпі Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Ө-әрпі. Өрікте сөздің басында
Бөрікте б-ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
Әліппе: Жарайсыңдар!
Әліппе: Жеміске құты толы ма,
Бір – бірлеп теріп алмасаң?
Әп – сәтте шыға қоя ма?
Еккен дәнін ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал, білім боларын
Шам – шырағың жолыңда
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том – том қалың кітаптың Басы болар «Әліппең» - деп ақын М. Әлімбай ағамыз жырлағандай, бұл білімнің бастамасы ғана. Енді сендер әрі қарай «Ана тілі» оқулығын оқитын боласыңдар. Кетерімнің алдыңда сендерге осы оқулықты табыстаймын!
Достарыңызбен бөлісу: |