Aшық тәрбие сағат «Ақ жол ашты, Әліппе!» Мақсаты



бет3/4
Дата24.08.2023
өлшемі55 Kb.
#179939
1   2   3   4
Байланысты:
Әліппе қоштасу 1 с 22
МАТЕМ КТП (Автосохраненный), №3 нұсқа, Баешова Айгерим экологиялық мониторинг, 1 ҚЫРКҮЙЕК ОФОРМ, 1 қыркүйекке оформление, А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org, 855384c9b22c0a2ebfa0e44694c5bf69, Cтудент, Материктер мен мухиттар тест
Мұғалім: Балалар, Әліппе, ұстаз, ата –ананың арқасында біз оқуды, жазуды үйрендік. Ендеше, қазір қалай оқитынымызды көрсетейік.

  1. Әліппе оқулығынан кезекпен оқыту.

  2. Ойын. «Сөз құрастыр, тез құрастыр.»

  3. Кеспе әріптерден ана, Отан, мектеп сөздерін жаздыру.

Әліппе: - Балалар! Өте тамаша! Мені жақсы меңгерген екенсіңдер! Мен де өз тапсырмамды берсем, орындайсыңдар ма?

42 жауынгер


Сапын түзеп тұрады,
Бүлдіршіндер қауымы
Сырын терең ұғады. (Алфавит)
Әріптер сөйлейді.
А-әрпі Мен үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөздері
Қайсы әріптен басталған?


Н-әрпі Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпінеде қарашы.


Ғ-әрпі Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп ?


М-әрпі Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?


С-әрпі Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Ы-әрпі. Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
І-әрпі. Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?


З-әрпі Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.


Ө-әрпі. Өрікте сөздің басында
Бөрікте б-ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
Әліппе: Жарайсыңдар!
Әліппе: Жеміске құты толы ма,
Бір – бірлеп теріп алмасаң?
Әп – сәтте шыға қоя ма?
Еккен дәнін ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал, білім боларын
Шам – шырағың жолыңда
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?

Том – том қалың кітаптың Басы болар «Әліппең» - деп ақын М. Әлімбай ағамыз жырлағандай, бұл білімнің бастамасы ғана. Енді сендер әрі қарай «Ана тілі» оқулығын оқитын боласыңдар. Кетерімнің алдыңда сендерге осы оқулықты табыстаймын!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет