Aшық тәрбие сағат «Ақ жол ашты, Әліппе!» Мақсаты



бет2/4
Дата24.08.2023
өлшемі55 Kb.
#179939
1   2   3   4
Байланысты:
Әліппе қоштасу 1 с 22

ІІ Негізгі бөлім. 1 – бөлім Сынып оқушыларымен таныстыру.
Слайдтар жылжып тұрады. Мұғалім оқушыларды таныстырып шығады.

2 –бөлім. Күмбір, күмбір қоңырау,
Соғылған ай - қыркүйек.
Қалам ұстап, қолыма
Жазылған ай – қыркүйек.

Хор «Қоңырау»


Әдеби – музыкалық монтаж.

  1. Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен. (Інжу)


  1. Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін,
Бар қауым таңдана таңдай қағар. (Сезім)


  1. Қош бол,құтты Әліппе!

Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің. (Миржан)


  1. Таныстырған әріппен

Қош бол, менің Әліппем!
Сенің арқаңда оқимыз
Жазуды да жазамыз. (Ерназар)



  1. Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе. (Айзере)


  1. Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе! (Алинур)


  1. Таныстырар әріппен

Мынау кітап-Әліппең.
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен? (Амина)


  1. Әліппе сенің сырласың,

Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы
Дәптеріңе қонады. (Каусар)
Хор. «Әліппе»

  1. Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадыңба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші. (Таир)



  1. А-деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә-деген ол -әкелер ғой салмақты,
Б-деген ол –балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі. (Жомарт)

  1. Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы. (Сабинур)



  1. Ата, ана атын сен

Бізге үйреттің, Әліппе!
Бізге нағыз жақын, сен.
Сенен білдік әріпті! (Алижан)


  1. Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа. (Таир)

  1. Жақсы кітап-Әліппе

Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастық,
Әліппемен достастық. (Миржан)

  1. Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де
Атын,затын,түрінде. (Амина)

  1. Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен!(Інжу)

  1. Әліппем, менің, Әліппем

«А» деген бастап әріптен
Сөз құрап, жаза бастадым.
Тақылдап, таңба танып мен. (Сезім)

  1. Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды. (Жантөре)

  1. Әліппе – даңғыл жол ашты,

Жаңадан күндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Рақмет, ұстаз, алғашқы! (хормен) (Сабинур)


  1. Әліппем, менің Әліппем!

Сені қолға алып мен
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен. (Каусар)

  1. Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім! (Жомарт)

  1. Әліппем, менің Әліпем!

Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп – көп рақмет! Мақпал(хормен)

  1. Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз. (Айзере)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет