Ашық тәрбие сағаты «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы»



бет2/4
Дата27.02.2020
өлшемі0,97 Mb.
#57501
1   2   3   4

Әділ: Оянады көңілден қайдағы арман,
 Бақыт желі ескендей жайлап алған.
 Президентім бар менің елі түгел,
 Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
  
Тұманбай Молдағалиев «Есіл  ер»
1-оқушы:  Сабина  
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың,
Халықпен  бір  ашығасың да,халықпен бірге  тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері, 
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың. 1- оқушы.

Нұржас
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
2- оқушы. Илияс
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!


3- оқушы.  Мансур


Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
4- оқушы. Мирас
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам

5- оқушы. Сабина


Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.
6- оқушы. Илияс
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
7- оқушы. Әділ
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.
8- оқушы. Нұргүл  
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
1 жүргізуші Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ. 
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.
ІІ жүргізуші 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.

Жансаяның орындауында «Би күйі»



І  жүргізуші 


Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
ІІ  жүргізуші 
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.
І  жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
ІІ  жүргізуші .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды

Би «Бипыл»



І  жүргізуші :1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.


ІІ  жүргізуші :1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.
Елтаңба  авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.                                          
І  жүргізуші :   Шаңырақ –Отан отбасынан  басталады.ортақ шаңырақ  биік ,босаға берік  болсын деген  мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін  дегенді  білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің  шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің  жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай  берсін» деген асыл  арманды арқалап тұр
ІІ  жүргізуші :Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында  шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі  бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың  жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.                  
І жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет