Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Қарты бардың –қазынасы бар Мақсаты


Келесі кезекте қарттарымыз туралы видеороликті тамашалайық



бет2/5
Дата13.12.2021
өлшемі14,35 Kb.
#125502
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
қарты бар үйдің

Келесі кезекте қарттарымыз туралы видеороликті тамашалайық.
Жүргізуші 2: 

Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең - демекші келесі кезекте қарттар туралы монологты тыңдайық.
Монолог : Оқитын Саханбай Дана
Кең құшағы саялы Қаратаудай
Алақаны аялы Алатаудай.
Әңгімесін тыңдасаң қарттарымның
Көңілің жай тауып бір қалатындай.

Ақсақалдар сарқылмас дариялар,
Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.
Сіздерді құрметтейміз, қадірлейміз

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпаңдар
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар
Қарттар тарих, қазына,ел қазығы,
Ей,адамзат, осыны ұмытпаңдар.

Алдында ақыл берер қария ғой,
Жақсылар жақсылыққа жария ғой.
Жастарға ол парасатты кеңес берер,
Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.

Қарттар күні ұмытылмас ешқашан
Қадірлі де құрметті ғой әрқашан.
Жүрсін адам қарт кісіні аялап,
Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.


Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет