«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы 16 желтоқсанда Қ.Р. тәуелсіздігі жарияланды. Егеменді ел атандық. Бұл республиканың барлық халықтары үшін теңдесі жоқ оқиға болды.
Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы, елтаңбамызда бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз бар.
Көк байрақтың астында көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған президентіміз Н.Ә.Назарбаев « Нені де болса, елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін » деді.
Бүгінде біз егемен, тәуелсіз елміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Тәуелсіздік – бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген, тағдырдың қазаққа берген басты бақыты, баға жетпес дәулеті » деген сөздері әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген елімізді алға апарар ұраны.
Бүгінде Қазақстан әлем назарында. Өзінің болашағымен үлкен үміт күттірген, жері бай, халқы бейбіт ел. Біз – қазақпыз. Біз оны жүрегіміз толы мақтанышпен, құрметпен айтамыз.
дейді күн боп көктегі,көз алартпа көршілерге қол сұқпа.
Бүгінде Қазақстан әлем назарында. Өзінің болашағымен үлкен үміт күттірген, жері бай, халқы бейбіт ел. Біз – қазақпыз. Біз оны жүрегіміз толы мақтанышпен, құрметпен айтамыз.
Қадірлі қонақтар, аяулы ата-аналар, құрметті ұстаздар! Келе жатқан еліміздің тәуелсіздік күні құтты болсын!
Сіздерге игілік пен бақыт, бақ пен дәулет, ырыс тілейміз.
Еліміздің көк туын желбіреткен, әнұранын шалықтатқан сіздерге береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.
Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз.