Сабақтың тақырыбы : Ынтымақ түбі береке. Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық,береке-бірлік,татулық туралы түсінік беру



Дата18.02.2017
өлшемі65.11 Kb.
түріСабақ
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,мектеп психологы:

Балгожина Айтбала Рустемовна

Пәні: Өзін- өзі тану

Күні: 20.12.2014 ж

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ынтымақ түбі - береке.

Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық ,береке-бірлік,татулық туралы түсінік беру.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын,сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;

  • Оқушыларды татулыққа,ауызбірлікке,достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: шарлар, таблица, мақал мәтелдер, сұрақтар жазылған кеспе қағаздар, гүлдер.

Психологиялық дайындық: Оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру мақсатында бір- біріне тілек айтады.

Cабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі-3мин

ІІ. Үй тапсырманы тексеру-5мин

ІІІ.Жаңа сабақ-30мин

IV.Қорытынды-5мин( Құрметті оқушылар мен ұстаздар сіздердің алдынызда паракша қағаз жатыр , «Менің түйгенім» өз пікірлеріңізді жазыңыздар.)

VI.Үйге тапсырма беру-2мин

VII.Бір-бірінді бағалау

Cабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыбы: Жанашырлық жанға қуат

Жанашырлық парыз ба, әлде міндет?

Жанашырлық дегенді қалай түсінесіндер?

Топқа бөлу :сапқа турғызу алма, алмұрт деп ретпен санау

І топ Алғырлар

ІІ топ Тапқырлар



Әңгімелесу

  • Ынтымақ дегенді қалай түсінесіңдер? Келісімді, бірлесіп істеу.

  • Ынтымақтастық дегенді не? Елдердің арасындағы бірлесіп жұмыс істеу.

  • Татулық,ынтымақтастық,ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде?Достыққа , бірлікке тіреледі.

Оқу ақпараты

Адамдар арасындағы ұйымшылдық,береке-бірлік ынтымақ туғызады.Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп,бірлесіп әрекет етеді.Татулық орнайды.Ұжымдағы,ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа,достыққа жеткізіп,болашағымызды баянды етеді.

І.Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға «Ынтымақ»құндылығының жеке адам мен қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып беру.



Сұрақтар:

-Жігіттер неліктен Қызыр, Бақ, Дәулетті қонақ қылудан бас тартты?

-Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде?

-Ынтымақ болған жерде Қызырдың , Бақ пен Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едіңдір?

-Сендер кімді қонаққа шақырар едіңдер?
ІІ.Тақтамен жұмыс

Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер. А-3 таблица



Ұғым

Анықтамалары

1.Татулық

2.Достық


3.Ауызбірлік

4.Бірлік


5.Ынтымақтастық

1.Адамдардың бір біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүделлі, ортақ көзқараста болатын касиеті.

2.Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.

3.Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі, татулықтың белгісі

4.Мақсаты бір топ мүшелерінің тату тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білуі.

5.Ынтымақтасып біріккен бір ауыздылық, іштей байланысты табиғи бір тұтастық.



Талқылау:

Оқулықта сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында «Игілік-басы ынтымақ,ынтымақты елде күн шуақ»деген мақалды түсіндіру және талқылау



ІІІ. Ойынның кезегі келді.

І топҰйымшылдық

Кіріспе:

  1. Аян құмырсқалар тіршілігін қызықтап, бақылап жүретін. Бір күні ол бір құмырсқаның кіщкентай шыбықты сүйреп әкетуге тырысып жүргенін көрді. Қанша тырысса да шыбықты орнынан қозғай алмады. Оған басқа бір құмырсқа көмекке жүгіріп келіп, бірге шыбықты қозғалта алмады. Тағы бір құмырсқа жүгіріп келіп үшеуі шыбықтыкөтеріп салып індеріне жеткізді.Осыны көріп таң қалған Аян папасына құмырсқалардың бірлесіп, бір біріне көмектескенін айтып берді. Папасы «Иә, құмырсқалар әрқашан бірлесіп, ұйымдаса жұмыс істейді» -, деді. Тек бірлестік пен ұйымдастықтын арқасында ғана олар үлкен індер салады.

ІІ топ Бірлік.

Кіріспе:


  1. Баяғыда бір патша өмір сүріпті. Ол өз балаларын сынап көргісі келеді. Ол әрқайсысына бір - бір сыпырғыш береді де, сындыруларын сұрайды. Олар қанща күш салса да сындыра алмайды. Сонда патша сыпырғыштың бауын шешіп, осы шыбықтардысындыруын сұрады. Бұл жолы ұлдары тапсырманы тез орындады. «Көрдіңдер ме, балаларым менің, егер сендер бірлікте болмасаңдар әрқайсыларынды тез - ақ жеңуге болады. Ал егер сендер бірге, бірлікте болсаңдар кез келген күшке қарсы тұра аласыңдар» - деді патша.

  1. Сұрақ- жауап:Бірлестік туралы сұхбат жүргізу. Мыналар жайлы сөйлесіңіздер:

а) ұйымдастық деген не? Пікірлер ниеттері бір адамдар арасында, елдер арасында көрінеді.

б) не үшін бірлестік керек? Бір нәрсеге жету үшін керек, мақсатына жету үшін.

в) бірлестік неден білінеді? Қазақсан, Россия бірлесіп жұмыс, Біздің Президент «Нұрлы жол» атты Жолдау шығарып отыр. 2-3 адам бірлесіп жүреді. Ісінен, шаруасынан көрінеді.

г) бірлік деген не? Идеясы, ой, арманның бір бағытта болуы

д) не үшін бірлікте болу керек? Бейбіт, өмір сүру үшін, мақсатқа жету үшін

е) бірлік неден байқалады? Саясатта, экономикада көрінеді, республиканың өмірінен, тіршілігінен көрінеді.



V.1.Татулық

2.Достық


3.Ауызбірлік

4.Бірлік


5.Ынтымақ- осы сөздерге өлең шығару

VI.Дәйексөз дәптерге жазғызу

Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке бірлік ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етеді. Татулық орнайды. Ұжымдағы, ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп, болашағымызды баянды етеді.



VII. Флешмоп оқушылар қонақтарға көрсетеді

VIII.Үйге тапсырма:

Еліміздегі ынтымақ, бірлік туралы құрбы құрдастарыңның арасында сауалнама жүргізіндер. Сауалнама нәтижесі бойынша қорытынды жазыңдар.



Қорытынды:Суретке тақырыбын жазу

Бағалау: Оқушылар бір-бірінді бағалайды

Менің түйгенім

Сабақ маған ұнады, себебі:

Сабақ маған ұнамады, өйткені:

Жүректен жүрекке

Балаларды шеңберге жинап,қолдарына гүлдерді таратып,оның нәзіктігіне,әдемілігіне назар аудару.Мұғалім өз гүлін тілегін айтып,жанындағы балаға береді,ол гүлді өз гүлімен қосып,тілегін айтып келесі оқушыға ұсынады.Гүлдер бірте-бірте үлкейіп,гүл шоғына «Тілек шоғына» айналып,мұғалімнің өзіне оралады.



Рефлексия: Сабақ маған ұнады, себебі:

Сабақ маған ұнамады, өйткені:



Сабақтан үйренгенім

-Көп рахмет сендерге,балалар.Егер өздеріңе,бір-бірлеріңе жақсылық тілесеңдер,жақсылық жасаңдар,ол-өз отбастарыңа,өз ауыл,қалаларыңа жасаған,тілеген жақсылықтарың.Әрбір жақсы ой,ізгі істерің осы гүл шоғы сияқты үлкейіп,өзіңе одан үлкен жақсылық болып оралады.

Сабақ маған ұнады, себебі:

Сабақ маған ұнамады, өйткені:



Сабақтан үйренгенім

Сабақ маған ұнады, себебі:

Сабақ маған ұнамады, өйткені:

Сабақтан үйренгенім

Сабақ маған ұнады, себебі:

Сабақ маған ұнамады, өйткені:

Сабақтан үйренгенім

Сабақ маған ұнады, себебі:



Сабақ маған ұнамады, өйткені:

Сабақтан үйренгенім
Каталог: CBEC0794AEE22C49
CBEC0794AEE22C49 -> Сыныбы: 9 Тақырыбы: «Елбасының нұрлы жолы»
CBEC0794AEE22C49 -> «Келісемін»: «Бекітемін»: Тәрбие ісінің меңгерушісі Ақмешіт ауылының №15орта мектеп мм- нің директоры
CBEC0794AEE22C49 -> Әдістемелік құрал
CBEC0794AEE22C49 -> Психолог мамандарға арналған тренингтер
CBEC0794AEE22C49 -> Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакиева Айнагүл Олжабаевна Әдебиет 8 сынып Тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: «Абай -дана, Абай- дара»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері
CBEC0794AEE22C49 -> Р/с Жұмыстың мазмұны
CBEC0794AEE22C49 -> Эстетикалық пәндер бірлестігінің жылдық жұмыс жоспар 2014-2015 оқу жылы
CBEC0794AEE22C49 -> Патша жүрістері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет