Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары: - Құрылымының ашықтығы. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс. - Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек. - Кеңейгіштігі. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.
-Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы керек. - Сенімділігі. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек. Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс. - Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген Интранет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы керек. - Масштабталуы. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс. - Қолданушының ортақ интерфейсі. Қолданушының интерфейсі қарапайым, түсінікті болуы тиіс. - Өңдеудің қарапайымдылығы. Өңдеу жылдам және тиімді болуы тиіс. - Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық – бағдарламалы тұғырнамада жұмыс істеуі қажет.
- Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс. - Қауіпсіздігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс. - Басқару қарапайымдылығы. Интерфейс басшысы жеткізерліктей, қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс. - Көпмәнділігі. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеу керек. - Жұмыстың тиімділігі. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-жөнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту керек.
Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.