Қашықтан оқыту технологиясының маңызы


Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары



бет3/14
Дата21.12.2022
өлшемі195,5 Kb.
#163758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қашықтан оқыту технологиясының маңызы

1.2. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.


Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.
Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:
Кейс – технология – оқытушы дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс – технология арналған материалдар түрлері мыналар:

  1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

  2. Жұмыс дәптері.

  3. Анықтама.

  4. Оқу, аудио, бейне материалдары.

  5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

  • курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

  • пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

  • кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

  • Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.

  • Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

  • Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

  • Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет