Жабық тұқымдылар бөлімі (покрытосеменные) – осы кездегі өсімдіктер дүниесінің ішіндегі ең кең таралғандарының бірі. Жабық тұқымды өсімдіктер өміршең келеді. Бұл қасиет олардың өзгергіштігі мен бейімделушілігінің нәтижесінде қалыптасқан. Соған байланысты жабық тұқымдылар әлемнің барлық құрлықтарында кеңінен таралған. Олардың 250 000-дай түр бар. Гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетіледі. Сондықтан бұл өсімдіктерді жабық тұқымдылар деп атайды. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып табылады. Тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер түзілген. Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетіледі. Аналықтың жатынында (гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады.
5 минут
1 топ: Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің суретін салып үштілде сипаттама береді.
2 топ: Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктері қай жерде кездеседі? Қазақстан картасынан көрсетіп береді
3 топ: Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктерді салыстырады Венн диаграммасы арқылы үштілде
Би 3. Шардағы сұрақ әдісі арқылы оқушылар әр шардағы сұраққа жауап беруі қажет 5 минут 3балл
1. Тұқымды өсімдіктер қанша топқа бөлінеді?
2. Ашықтұқымдылардың тіршілік циклі
3. Қарағайдың көбеюі
4. Ашықтұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметалары және микро-мега споралары қашан, қайда (қандай құрылымдарда) түзіледі?
5.Жабықтұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметалары және микро,мега споралары қашан, қайда (қандай құрылымдарда) түзіледі?
6. Ашықтұқымдылардың бүрлері қандай қызмет атқарады?
7. Жабықтұқымдылардың гүлі қандай қызмет атқарады?
8.Ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың көбеюіндегі айырмашылықты көрсетіңіз 9. Тұқымды өсімдіктердің тіршілік цикліне жалпы сипаттама
4. «Алтын қақпа» ойыны 3 минут 1балл Әр қақпаның өз сұрақтары болады. Сұрақтарға жауап беріп, қақпаны ашу керек.
1. Темір қақпа сұрағы:Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта бүрде ашық орналасқан өсімдіктер тобы қалай аталады? (ашықтұқымдылар)
2. Күміс қақпа сұрағы: Балқарағайдың өзге қылқанжапырақтылардан айырмашылығы неде? (жыл сайын күзде жапырағы сарғайып, түсіп отырады)
3. Бұл қылқанжапырақты өсімдік бүрінен мармелад дайындалады. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. (арша) Үш қақпаның сұрақтарына жауап берілген соң ең түпкі қақпадан мынадай қорытынды сөз шығады.