ҚашықТЫҚтан оқыту – Білім толқыны



Дата06.02.2022
өлшемі20,45 Kb.
#79339
Байланысты:
БІЛІМ ТОЛҚЫНЫ


ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – Білім толқыны


Азыканова Гульзада Ермековна
Қазақ мектеп-гимназиясы.Петропавл қаласы


«Ел есінде бір жыл қалғын келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» ұлы даналарымыз айтқандай. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол - ұстаздық. Өзімнің педагогикалық еңбек өтілімнің барысында көптеген әдіс-тәсілдерді,психологиялық жағдаяттарды, жаңашылдықты оқып біліп,оқуышаларды өзімнің пәніме деген қызығушылығын ояту педагогикалық жолымдағы басты қағидат еді.
Заман талабы функциолналды сауаттылығы мол білімді ұрпақ.Ал білімді ұрпақ қайдан дарымақ, әрине оған қажеттісі білікті ұстаз.
Қәзіргі сәл бір қиыншылық кезеңде біздің жас балапандарымыз, ұрпағымыз қашықтықтан білім алуда. Қашықтықтан мазмұнды да, мағыналы білім алу ол ұстаз біліктілігінің одан әрі шыңдалуы, яғни ұстаздың өз шәкіртіне және өз қызметіне деген көз қарасында.
Қашықтықтан білім беру осыған дейін жоғары оқу орындарына тиесілі болған еді.
Ал жалпы білім беру жүйесінде алғаш рет қолданылып жатқан білім беру үрдісі. Бұл тұрғыда ұстаз шеберлігі еңбасты алгаритм болып саналады деп ойлаймын.
Қәзіргі таңда ұстаздарымыз ақпараттық технологиялардың ең оңтайлы және тиесілі платформаларын қолдануда мысалға алатын болсақ «Zoom», «Google classroom» , «Kyndelik.kz»,«WhatsApp» бұл платформаларды толықтай әр біреуін қолданамын және оқушыларға да тиімді және оңтайлы платформалар деп ойлаймын.
Осы күндері ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың өмір және заман талабына сәйкес қарқынды жетілуі, білім беру жүйесінде қарқынды түбегейлі өзгеріс енгізу жолында. Осыған орай білім беру үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар, АКТ құрылғыларының барлығы заманауй білім беру үдерісінің алғы шарттары мен талаптарына байланысты жетілдіріліп,жаңартылып отырады. Құнарлы да сапалы, мазмұнды да терең білімді бойына дарытуға талпынған ол біздің оқушыларымыз. Кемеңгер,өскелең жастар жоғарғы дәрежеде заман ағымына сай сандық сауаттылықты игерген деп ойлаймын, Өйткені өскелең ұрпақ күнделікті өмір ағымында сандық құрылғылар мен ғаламтор желісін кеңінен пайдаланады
Ұстаз білім алушының эмоционалды ойымен және де ішкі сырымен бөлісіп, жасөспірімнің жеке тұлға ретінде оқу белсенділігінің алға басуына ізсалып алға жетелейді.
Заман ағымына сай білім беру жүйесі ғарыштық дамуда.Оған дәлел қәзіргі қашықтықтан оқыту әдісі. Ұстаздың шығрмашыл және заманауи дамуы, жасөспірімдерді түсінуі, жасұрпақтың көз-қарасын танып білуі -ол ұстаз парасаттылығы
Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлінеді: синхронды және де асинхронды. Заман ағымына сай білім беруде екі форматта өте тиімді және де оңтайлы.Ұстаз өзінің сабақ барысында қолданатын ғаламтор сілтемелерін және сандық оқулықтарын уақыт тиімділігімен оқушы білімін жетілдіріп, білім алушының қызығушылығын одан әрі ұштай алады.
Оқу мен білімнің інжу-маржаны оқулық.Ал кәзіргі таңдағы сандық оқулықтардан көз ажыратып алу мүмкін емес.Визуалды жағынан ұтымды, берер мазмұны өскелең ұрпаққа шексіз.Осындай оқулықтарды қашықтықтан оқыту барысында қолдану өте тиімді. Әрине бір мезеттен қашықтықтан оқыту форматына бірден төселіп кету қиын, дегенменен «Заманың түлкі болса,тазы боп қу»деген сөз бар емеспе.... Олай болса қолда бар мүмкіндікпен, бойдағы күш қуатпен ,ең бастысы білімімізбен парасаттылығымызды қолдана білсек қашықтықтан оқытудың майталманы біздің ұстаздар болуы сөзсіз.
Қашықтықтан білім алу барысында жасөспірімдерімізді оңбағытқа бағыттасақ, сандық-құрылғылардың бәрін игерген оқушыларымызды өзімізге демеуші дос ретінде қабылдасақ деп ойлаймын себебі достық бар жерде тіл-табысу және де алға басудың бары анық.Ал білім алушыларымызға не қызықты болмақ?
Жаңаша білім алу форматында өздігінен өз жұмысын басқару, өз-өзін ынталандыру, кез-келген жағдаяттан өздігінен жол таба алуы. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темпте өз бетінше жұмыс құрайды.  Ұстаз жетелеуімен ізденіп,өздігінен білім алса,ізденсе, сандық сауаттылықты тиімді қолданаса қандай тамаша.
Жалпы білім беру үрдісіндегі ұстазбен оқушыға тоқталдық.Ал ата-ана көз қарасы мен ойы ең құнды деуге болады.Қәзіргі таңда ата-аналарымыз оқушыларға көмекші және де қолдаушы рөлінде. Әрине көптеген , тарамдалған ой естудеміз. Алғашқы жаңа қадамдар бірден жеңіл болмайды.Дегенменде уақыт келе қашықтықтан білім беру форматы қолайлы форматтардың бірі болады деп ойлаймын.
Әдебиеттер

  1. Журнал «Информатика и образование». – 2006. – № 7. – Б. 41-45.

  2. Журнал «Информатика и образование». – 2006. – № 2. – Б. 49-57.

  3. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы. – Б. 18-19; 38-39; 118-119; 460-461.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет