Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері



бет1/8
Дата02.01.2022
өлшемі28,02 Kb.
#107939
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Я.Есенбеков
Я.Есенбеков, Я.Есенбеков, Я.Есенбеков, Я.Есенбеков, Я.Есенбеков, Я.Есенбеков, 10 класс кітап (3), 10 класс кітап (3)

Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері.
Айтекова Сәуле Абдраззаковна

Түркістан облысы,Жетісай ауданы

№59 Я.Есенбеков атындағы ЖОМ КММ

Математика пәнінің мұғалімі


Қазақстан Республикасның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 16-наурызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздегі барлық мектеп оқушылары қашықтықтан білім алуда. 

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.

Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет