Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарға әдебиеттік оқу пәнін оқытуда қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер
Орындаған:Аухымбай Жанар
Қабылдаған: Елмуратова А
Тобы:С1301-10ж
Шымкент 2021ж
Жаңартылған білім мазмұны бойынша әдебиеттік оқу сабағында әдіс-тәсілдер пайдалану арқылы сабақта білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Осы мақсатқа қол жеткізуде білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады. Өйткені білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болып, оқытудың парадигмасы өзгерді. [6] Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Әдебиеттік оқу сабақтарында жаңа әдіс –тәсілдерін тәжірибемен байланыстыра зерттеу. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал, ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Мұғалім сонымен, сабақ өту барысында педагогикалық шеберлігіне байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана білу қажет. Тиімді әдістерді пайдалану барысыда оқушының білімге деген қызығушылығын одан әрі арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады .
Ана тілінің әдістемесінің іргетасын қалаушы аса көрнекті ғалымы педагог А.Байтұрсынов: « ...Әдіссіз тек мәніс білім – өлі білім, тіршілік тірлік – шарасы. Тіршілік шаранасына үйретілетін білім түрі болу керек. Ондай білімді адам мәніс білім мен әдіс білімін қатар үйренгенде болмақ әдіс – кезекшіліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы-жаманы болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деген. Демек, оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін қолайлы етіп, таңдап ала білуге тікелей байланысты.
Мұғалім әдебиеттік оқу сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологияларды пайдалануда, қажетті әдістерді тиімді пайдалана білгенде ғана өз мақсатына жетеді. Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.
Оқыту әдіс-тәсілдері: құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді. Орта білім беру құндылықтар қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу. Жүйелік-әрекетті тәсіл— оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді. Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған. Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Зерттеу әдісі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады. Интербелсенді әдіс – үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты. Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлуөзiне деген сенiмге тәрбиелейдi шешендiк өнерiн жетiлдiредiтанымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) сыни ойлау дағдыларын дамытадыөз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады. Интербелсенді оқыту - әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.
Практика барысында әдебиеттік оқу сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Соның ішінде «Ротация» (ауыстыру) әдісі, сұрақтар дайындау
( 1-ден 8-ге дейін), сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, сыныптың әр бұрышына іліп қойдым, сыныпты 4 (8) топқа бөлу әр топқа түс бөліп бердім (қызыл,көк,жасыл,сары), әр топ 5-6 минутта ватманға өз түсінің маркерімен өз сұрағына жауап береді (әуелі жеке, сосын топта): мұғалімнің белгі беруімен оқушылар сағат тілі бойынша орындарын алмастырып отырады (яғни сұрақтарымен) және 5 минут шамасында өзге топтың сұрағы мен жауабын оқып, сол сұраққа өз жауаптарын жазады (әуелі жеке, сосын топта). Осылайша сұрақ ауыстыру әуел бастағы өз сұрақтары қайтып келгенше, жалғаса береді. «555» әдісі мұнда оқушылар топ ішінде өткен тақырып бойынша түйінді идеяларды жазады, мұндағы бірінші 5 – топ саны, екіншісі 5- идеялар саны, үшіншісі 5 уақыт. «Құндылықтар спектрі» қабырғаға сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады, екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады пікірлерін қорғайды. «Әңгімелесетін әріптестер» әдісі өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен, жаңа оқылған 3 факті туралы, оларға қиын болып көрінгендер туралы, алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады. «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады, сөйлемдер кім, не, қашан, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін, содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау - әр ұстаздың міндеті. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі: бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды. «Менің атым Қожа» повестін оқыту барысында СТО технологиясының бірнеше стратегияларын пайдалану арқылы оқушылардың повестке қызығушылығын арттыруға болады. Мысалы, Қожа мен Жантасты салыстыра отырып ВЕНН диаграмасын, повесть кейіпкерлеріне жеке мінездеме беру стратегияларын пайдалануға болады. Стратегияларды ендіре жүріп, көркем мәтінді талдау жұмысында Блум сұрақтарын сараптау, салыстыру, жинақтау жұмыстарының маңыздылығына көз жеткізуге болады.
2 сыныпта өткен «Әдебиеттік оқу» пәнінен өткен «Билер» тақырыбына арналған сабақта СТО стратегияларын қолданса сабақ қызықты өтеді. Билер сөзіне топтастыру стратегиясын, синквейн, инсерт стратегияларын қолдану керек.Көршілестік ассоциациясы 2-4-сынып оқушылары үшін сол жастағы баланың іс-әрекеті сюжеттік оқиға ретінде суреттетілген мәтіндердің таңдап алынуы көршілестік ассоциацияның көрнекті мысалы бола алады. Мысалы, Д.Қасеновтің «Өкініш» әңгімесіндегі Аңсардың басынан кешкен оқиғасы арқылы балалар нақты өмірде өз бастарында болған көршілес оқиғаны естеріне түсіруі мүмкін. Дәл осындай тәсілмен «Қонжық пен көжек» ертегісін, Б.Момышұлының «Елтанудың басы» т.б. көркем мәтіндердегі кейіпкерлер тұлғасын талдау тиімді әрі нәтижелі болмақ. Ұқсастық ассоциациясы мен қарама-қарсы ассоциациялар, әсіресе, көркем мәтіндердегі кейіпкерлерге қатысты қолданылған әсерлі сөздерді түсіндіруде жиі қолдануға болады. «Ұқсастық ассоциациясының табиғи негізі жүйке процестерінің жайылу заңына және оның нәтижесінде болатын «шатастыру» процесімен байланысты». Біздің түсінгенімізде бұл тәсіл ойлаудың салыстыру операциясынан өзгешелеу. І кезеңде алынған мәлімет жазылады, тыңдалынады, талқыланады, жұмыстар жеке – жұптаса – топтаса орындалады. Мысалы, қандай да тақырыпты өтпес бұрын оны баланың жас еркшелігін ескеріп, қызығушылығын арттыратындай өмірмен байланысы бар қарапайым әдістерді қолдануға болады. «Синонимдер» тақырыбын өткенде тақтаға «жүздесу, амандасу, сәлемдесу, есендесу т.б.» деген сөздерді жазып, мағыналарына талдау жасап, оқушыны өзіндік бір ойға жетелеп, ереже шығаруға немесе «Буын түрлерін» өткен кезде ертегі әлемімен ұштастырып: «Ерте, ерте, ертеде Буын деген бай бопты, Оның Бітеу, Тұйық, Ашық атты үш ұлы болыпты. Үш ұлының мінездері үш түрлі болыпты...» деп бастап, оқушыларға ұлдарының есімдеріне сәйкес әрқайсысына мінездеме берулерін сұрай отырып, анықтама құрастыруға болады. Мысалы, «Шақ түрлерін» өткенде мына жұмбақ арқылы өмірмен байланыстыра отырып тақырыпты ашуға болады. Мәселен, Таңертең төртеу, түсте екеу, кешке үшеу. Осы жұмбақ арқылы адам өмірінің өзі үш шақтан тұратындығын анықтауға болады. 4-сыныпта құрмалас сөйлемді өткен кезде төмендегі мысалдарды келтіріп, оқушының өмірлік ұстанымын анықтауға болады. Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді (Шартты бағыныңқы сабақтас), Ғалым болу - міндет емес, білімді болу – парызың (Қарсылықты салалас), Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек (Мақсат бағыныңқы сабақтас), Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді (Себеп-салдар салалас), Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы (Мезгіл бағыныңқы сабақтас). Ал тақырып оқушыларға таныс, бұрын өткен болса, онда «Суреттер сөйлейді» атты тәсілмен (Иассауидің «Даналық кітабы» атты тақырыпты өткенде интерактивтік тақтаға ғұламаның өміріне байланысты суреттер ілінді) оқушылардың бұрынғы алған білімдерін еске түсіруге болады. Әдебиет сабағында мәтіннің тақырыбын ашу үшін оқушылардың ассосациясын кестеге түсіруге болады. Оқушының ойын автор ойымен салыстыру үшін «Венн диаграммасын » пайдалануға болады. Бұл әдіс арқылы оқушы өз дербестігін, ұқсастығын ажырата алады.
ІІ кезеңде жаңа ақпараттарды шын мәнінде тұтынуға мүмкіндік (әр балаға таратып беру, фильм, дәріс, параграф материалдарын слайд түрінде, т.б.) беріледі. Бұл кезеңде жеке немесе жұптасқан түрде жұмыс жасатуға болады. Бұл фразада мынадай нәтижелерге жетуге болады:
Белсенді іс-әрекетте болу;
Басқалармен қарым-қатынас жасау;
Басқаларды тыңдай білу;
Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
Топтық тұжырымға келе білу;
Өз тұжырымын айта білу, қорғай білу.
Бұл сатыда мұғалімнің ізденісі мен шығармашылығына қарай әдіс-тәсілдерді түрлендіруге болады. Мысалы, әдебиет сабағында кез келген кейіпкердің мінезін «Жүрек кордиаграммасы» арқылы ашуға болады.
ІІІ кезең шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация және т.б. ақпаратты зерделеу жұмыстары жеке – жұппен - топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сондықтан да оқушы сапалы білім мен шығармашылығын ұштастыра білу керек. Үшінші кезеңде шығармашылық жұмыс, зерттеу жұмыс, ғылыми жұмыстар ерекше орын алады. Мәселен, 4-сынып оқушыларының тапқырлығын анықтау барысында төмендегі тапсырманы беруге болады. Тапсырма: Суретті құрмалас сөйлеммен байланыстырып, қорытынды ой шығар (Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырмын). «Мидың» суреті... (Жауап: ...Адамның миы, басы жалғыз болғанмен, ойы сан қырлы болады, сол ойын құрмалас сөйлемдер арқылы сыртқа шығарады.) «Алтыбақан» суреті... (Жауап: ...Адамның өмірі алтыбақан сияқты қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттен тұрады. Сол қимылын бақылап тұратын алтыбақан сияқты, салалас пен сабақтас сөйлемнің мағыналық түрлері арқылы адам іс-әрекетінің мезгілін, себебін, шартын т.б. білдіреді.) «Сағаттың» суреті (...Адам өмірі сағаттың айналымындай қысқа, сағат тілі он екіге жеткенше адамның өмірінде түрлі ойлар туындап, түрлі істер іске асады. Біздің тілегіміз адамның сағаты тоқтамай, әр минуты мағыналы болсын демекпіз.) 4-сыныпта А.Яссауидің өмірі мен шығармашылын (Даналық кітап - Алланың қасиетін баяндайтын кітап) таныстыратын болса оқушыларға түрлі түсті қағаз беріп, осыдан бүгінгі сабақтың модулін құрастыртуға болады. Оқушылар берілген қағаздан күннің шуағын, Құран кітабын, адамның алақанын, жүректі ойып алып: «Жүрегінде Аллаға деген сенімі, иманы бар адамның тілегін Алла тағала қабыл етіп, нұрын жаудырады» деген ойларын ортаға салады. Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмалар арқылы тың жаңалықтар да ашуға болады. Ол үшін мұғалім ізденіске жетелейтін зерттеу тақырыптарын беруге болады. Мысалы, «Асан қайғының Жерұйықты қазақ жерінен іздеу себептері мен болжамдары», «Махамбеттің ерлік философиясы», «Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы аналар галереясы», т.б «Концептуалды кесте» әдісі. Бұл кестені толтыру барысында оқушылар жағымды,жағымсыз кейіпкерлерге сипаттама беріп,өз көзқарастарын білдіре алады.Кейіпкерлерге тезис түрінде мінездеме беру арқылы,ойлаған нәрселерін қысқа әрі нұсқа қылып қағаз бетіне түсіруге дағдыланады. Бойларын жаман әдеттен аулақ салып,адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге тырысады. Ойлау қабілеттері дамып, сын тұғысынан қарауға қалыптасады.
Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегі ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады: байлық, алдық, құс біткен. Сабақты жоспарламас бұрын тақырыпқа сай орта мерзімдегі оқу мақсаттарын таңдап алып, сол мақсатқа қол жеткізу үшін бала деңгейіне сай тапсырмалар алуымыз қажет. Қысқа мерзімді жоспарлауда меңгерілуі тиіс төрт дағды /тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым/ ескеруді ұмытпауымыз қажет. Бастауыш сыныптарда ойын арқылы оқыту тиімді оқыту болып саналады. Қазіргі таңда заманға қарай балалардың көпшілігі гиперактивті болып келеді. Соған орай «Сыбырлап оқу», «Сыбырлап сөйлеу» әдісін сабақтарға енгізу қажеттігі жөнінде айтылуда. Осы әдісті сабағымның бір бөлімінде пайдаланып келемін. Оқушылар тыныштыққа үйреніп, қолданып жүрген жаңа әдістерге дағдыланып келеді. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, топтық, жұптық, ұжымдық және деңгейлік тапсырмалар беріп отырамын. Ізденіс және шығармашылық тапырмалар баланы ғылымға жетелейді. Сабақта қолданылатын жағдаяттық, және рөлдік ойындар оқушыларды сөйлеуге, ойын еркін айта білуге жетелейді. Бұндай сабақтарда мұғалімге көп ізденіс пен шығармашылық қажет. Ашық және жабық сұрақтарды орнымен қолданудың өзі оқушыны сыни ойлауға жетелейді. Әріптерді жаңа бастап жатқандықтан тақтаға буындарды іліп, келесі тақтаға сөз құратамын, сөздерді іліп, сөйлемдер құрату, түрлі ойындар арқылы түсіндіру.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлауды дамыту қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде оқушыларға терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Менің өз іс-тәжірибемде 3-сыныптың әдебиеттік оқу сабағынан өткен Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» тақырыбында өткізген сабағыма тоқтала өтейін. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: «Өкіл» әдісі. Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен өз тобына және басқа топтарға жеткізеді. «Галерия» әдісі, оқушылар қағаз бетіне түсірген суреттерін әрбір топқа түсіндіреді. «Бес жолды өлең» әдісі. 1. Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз), 3. Етістік (3 сөз), 4. Қорытынды ой (4 сөз), 5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1сөз). Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі – бағалау. Оқушыларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше. Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір-бірін мадақтап, күш жігер беріп отыратындары өте жақсы. Топ басшылары өз топтарындағы
оқушыларды бағалайды.
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» делінген «Қазақстан — 2050» стратегиялық бағдарламасында. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек қажет. Жаңа ғасырда жаңа заманға лайық тұлға ретінде қалыптасқан, өз көзқарасын жүйелі талдай білетін өз өміріне қоршаған ортаға сын көзбен қарайтын жеткіншек жастарды даярлау – біздің ұстаздық парызымыз.[7] Мектебімізде қызмет жасайтын әдебиет пәні мұғалімдерінің міндеті дарынды оқушыларды сөз өнеріне баули отырып, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл, дарынды тұлға қалыптастыру. Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, танымдық қызығушылығымен, әдемілікті сезіне білумен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады. Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі – тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игерген адамдарда тұлғалық қасиет болады. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені белгілі. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Әдебиет сабағында дарынды балалармен жұмыс жасаудың топтық формалары әлдеқайда орындырақ: миға шабуыл, рөлдік тренингтер, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, жобалық тапсырмалар, эссе, ойтолғау жазу сияқты және т.б. түрлері әр сабақта дарынды оқушының шығармашылығын шыңдауға жетелейді.
Әдебиет сабағында осы әдіс-тәсілдер:
Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым-қатынас, ойын,
танымдық, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады.
Кітаптар:
С.Рахметова. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту методикасы – А.2005
М Айтмамбетова «Жаңашыл педагогтар идеяларымен тәжірибелері» Алматы 1985.
А.Қойшыбаева Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі – А.2015ж
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №7, 1999 [5, 24б]
Тебегенов Т. «Әдебиет сабағының түрлері» ҚазҰПУ, 2003
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал-Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013ж
Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы, «Рауан» 1997
Бітібаева Қ. «Әдебиет сабағының түрлері, үлгілері» Алматы, «Рауан», 1994. [6, 25б]
«Әдебиет сабағын оқытудағы кейбір ізденістер» Алматы, «Мектеп»,1996
А.Әлімов. Интербелсенді әдістерді қолдану. Оқу құралы. Алматы, 2017ж.
Құрман Н.Ж, Тұрлыбекова Ж. Қазақ тілін коммуникативтік грамматикасы. Астана, 2013ж. [7, 15б]
Достарыңызбен бөлісу: |