Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары
«.. оқу мен оқытудың сапасы тікелей кері байланысқа тәуелді.
Кері байланыс алу оқушы үшін қаншалықты маңызды ?
Кері байланыс алған оқушы ,кері байланыс берілмеген оқушыға қарағанда жақсы нәтиже береді. Кері байланыс оқушыға қалаулы нәтижеге жету үшін қажетті қадамдарды анықтауға көмектеседі. Жалпылама берілген кері байланыстың оқушының оқуына әсері төмен, әсері мықты болу үшін белгілі бір академиялық мазмұнға бағытталуы қажет
Кері байланыс
Жазбаша
Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру нәтижесінде берілген нақты ұсыныстар.
Кері байланыс оқушылардың жазба жұмыстарын ,яғни үй тапсырмасын ,өздік жұмыстарын,жиынтық жұмыстарды,бағалау барысында беріледі.
Ауызша
Оқушылардың іс әрекетін бақылау барысында ауызша пікір ұсыныстар, комментарийлер беріледі.
Сонымен ,кері байланыс жазбаша және ауызша болады. Кері байланыс ұсынудың үш түрі болады: Ескерту (мысалы, жұмысты тексеру кезінде мұғалім оқушының жазбаша жұмысына кері байланыс береді. «Тіктөртбұрыштың ауданын дұрыс есептеу үшін оқулықтың 65- беттегі ережені қарау керек») Кезеңді көмек.Яғни , тапсырманы орындау үшін алгоритм немесе дискриптор жазыңыз а. Сұрақтар арқылы М: тіктөртбұрыштың ауданын қалай есептейсіз? б.Сипаттама.М: жұмыс барысын сипаттаңыз с. Аяқталмаған сөйлемдер. М: Тіктөртбұрыштың ауданы ...... формула бойынша есептеледі
Үлгісін ұсыну. Үлгіге қарап тапсырманы аяқтай алатындай жұмыс жасаңыз. Пікірлер оқушыға оның оқу мақсатына байланысты қалай жұмыс істегені туралы ақпарат беріп, оны жұмысын жетілдіруге итермелейді. Пікірлер бағалау критерийлеріне сәйкес жасалуы керек.
Бағалау – оқушының көзімен « Мен қандай білім немесе дағдыны дамытқым келеді? Менің оған әлеуетім қандай? Енді не істеуім қажет?»
Кері байланыстың оқу мен оқыту үдерісіне ықпалы
Танымдық бағыт
Ынталандырушылық
бағыт
Нені үйренді ?
Қалай үйренді ?