Learningapps қосымшасы. Бұл сабақты түрлендіруге арналған қосымша. Әр сабақты қызықты форматта өткізуге болады. Оқушыларға арнайы логин, пароль үлестіруге немесе QR код арқылы оқушылар өздері кіруге мүмкіндік бар. Арнайы сайтқа кіріп, онлайн жұмыс жасауға болады. Ұялы телефонменде қосылуға болады. Гуманитарлық пәндерге тиімді.
Google формада БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыруға болады.
Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болып тұр. Берілген тапсырманы сыныптағыдай жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындап отыр. Алайда, қашықтықтан оқыту – мектеп үшін де тиімді жүйе, ол барлық мұғалімдерге қолайлы. Қашықтықтан оқыту – оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет. Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың талпынысы, ынтасы одан сайын шабытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр сабағымызға бұрынғыдан бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады.Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.