Бұл бағдарламада медициналық этика мен деонтология, хирургиялық стоматология кабинетін жабдықтау, құжаттамаларын жүргізу, санитарлық-дезинфекциялық тәртіп, жансыздандыру түрлері, тіс жұлу операциясы, құрал-саймандары, тіс жұлу кезінде туындайтын жергілікті және жалпы асқынулар, хирургиялық стоматологиялық науқасты тексеру әдістері туралы ақпараттар қарастырылады.
Кіріспе:
Бұл бағдарлама білім алушыларға пән бойынша қажетті білім мен дағдыларды қамсыздандыруға, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу нәтижелеріне қол жеткізуге арналған.
- Бағдарлама BLM.KZ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнді игеру үшін BLM.KZ-ге енгізілген материалдар қолданылады.
- «Тапсырма» модулі сабақ өткізу үшін байланыс құралы ретінде қолданылады (сауалнама, тапсырмалар, дәрістер, тестілер, чат және т.б.).
- Дәрістерді оnline режимінде Zoom платформасында немесе басқасында жүргізуге болады, ал егер online режимінде өткізу мүмкін болмаса, ofline режимінде өтеді.
- Білім алушылар үшін әр түрлі материалдар дайындалды: үлестірмелі материалдар, дубляжды және дубляжсыз презентациялар, видео, аудио, интерактивті тапсырмалар, ситуациялық есептер, кейстер, графиктер, сілтемелер және басқа Интернет-ресурстар.
Пәннің/модульдің саясаты:
- Білім алушылар дәріс, практикалық және ОБӨЖ сабақтарының кестесіне сәйкес тапсырмаларды күн сайын орындап отыруы керек.
- Білім алушылар сабақты талқылауға қатысып, жеке және топтық тапсырмаларды орындап, басқа ресурстарды да зерттеуі керек.
- Білім алушылар тапсырманың соңғы орындау мерзімін қадағалап отыруы керек.
- Білім алушылар сабақтың барлық түрін себепсіз жіберіп алуға болмайды.
- Білім алушылар БӨЖ-ын бағдарламада көрсетілген кестеге сәйкес орындауы керек.
Пәнді оқу мақсаты:
Профилактикалық, диагностикалық, мамандандырылған стоматологиялық жәрдемді толық көлемде көрсете білетін маман дайындау.
Пәнді оқу міндеттері:
«Хирургиялық стоматология негіздері» пәнін оқыту - болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру бағдарламасының бір бөлігі.
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
БҚ-1. ОҚЫТУ
БҚ-1.2 Сыни ойлау және шешім қабылдау: қиын жағдайларда мәселелерді және әлеуетті шешу жолдарын анықтайды, фактілерді, пайымдауларды қисынды талдайды және оның кәсіби қызметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды.