Ашытқы сүті :
Нан өндірісінде кей жағдайда ашытқы сүті де қолданылады. Ол алдын ала концентірленген нан зауытан жақын орналасқан кәсіпорындарда шығарылады. Сұйық өнімдегі ашытқы бактериялары, тығыздалған ашытқыға қарағанда биологиялық белсенді жағдайда болады. Оған МСТ 18-369-81 стандарты жасалған. Ашытқы сүті наубайхана өндірісінде қолдануға арналған сепарторда тартылып, вакуум-сүзгі арқылы бөлінген, культуралы ортада көбею нәтижесінде алынған Sacch. сerevisiae клеткасының сулы ерітіндісі. Ашытқы сүтінің органолептикалық көрсеткіші арқылы дәмі, иісі, түсі және консистенциясы анықталады.
Ашытқы сүті ерітіндісіне қосылатын ашытқы МЕМСТ бойынша мына талаптарға сай: тығыздалған ашытқының ылғалдығы 75 % көп емес, көтерілу күші 75 минуттан көп емес болуы керек.
Нан өндірісінде қолданылатын ас тұзының сапасы 13830-91 МЕМСТ талабына сай болуы керек. Тұз өзінің сапасына қарай экстра, жоғары, бірінші және екінші сұрыпқа бөлінеді. Нан пісіруге көбінесе бірінші және екінші сұрыптары қолданылады. Тұздың ылғалдығы 4-5 %, натрий хлориді 97,7-97 %, суда ерімейтін заттар мөлшері 0,45-0,85 % болуы крек. Жоғары, І және ІІ сұрып тұздарда сұр, сары және күлгін реңдер жіберіледі.
МЕМСТ-та тұздағы Ca, Mg, Fe2O3 және Na2 SO4 максимальды жіберілетін мөлшері қарастырылған. МЕМСТ-та тұзды ұсақкристалды – іріктелген, ұсақталған, ұсақталмаған: түйіршіктелген, дән жармасы және дән сияқты. Тұздың жеке сұрыптарына оның ірілігін негіздейтін ұнтақтың нөмірі берілген: №0,1,2 және 3.
Достарыңызбен бөлісу: |