Асыл жеңгесіне арналған қайын сіңлісі Лазаттың арнауы: 1964-тын базы еді



Дата25.01.2022
өлшемі8,85 Kb.
#114712
Байланысты:
апа



Асыл жеңгесіне арналған қайын сіңлісі Лазаттың арнауы:
1964-тын базы еді

Шолақбұлақ - киелі жер өзегі.

Тағдыр қосып Күтиімді Бәкеңе,

Той жасады, жақын туыс, өз елі.

«Күти» едің пәк жүректі періштем,

Көркіңе сай жан әлемің келіскен.

Кішіпейіл, ашық едің соншалық.

Ізгілікті дүйім жұртпен бөліскен.

Сенде бар-ау, қасиетті бір тылсым,

Сенен алдым жақсы көру үлгісін.

Алтын жеңгем, ағайымның күні едің,

Тірлігінде оңалдырған бар ісін.

Жақын тартып, жеңге болған сәтіңнен,

Құшырланып, қысып сүйдің бетімнен.

Еркелеттің, сіңлі ғып, құрдас қып,

Өмірімде қымбаттым боп өтіп ең.

Өмір-өзен, ағысымен қуатты

Құдай қолдап, ұрпақ берді құлықты.

Шаңыракты шаттығына кенелтіп,

Жарасымды, жылдар өтті шуақты.

Ағайымның туған күні шаттанды -

Қыс айының 17-ші ақпаны.

Кенет жүрек мәңгілікке тоқтады,

Туған күні, қаралы күн атанды.
20 жыл болды өткеніне өмірден,

Ешқашан да өшпейсің-ау көңілден.

Ұмыттырмайды бұл жалғанда өзінді

Айналаңа жылу шашқан, күлкің менен қалжының.

Тауфиығың, Серігің мен Ерігің,

Өнегелі бір-бір үйі елімнің,

Сағынышпен еске алады өзіңді.

Ерте аттанып, ортамыздан,

Бала-шаға көрмей жатып, қызығын.

Гүлжанатың, Гүлназиің, Гүлнұрың

Дәл өзіңдей сыйластықта жүр бүгін.

Бауыр-етің, балаларың, ұрпағың,

Жалғасы ғой өміріңнің, жыр гүлің.

Жатқан жерің, қабіріңді жарық қып -

Қойса екен топырағыңды мамық қып!

Жаратқанға жалбарынып, тілейміз,

Қойса екен иманыңа қарық қып.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет