Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы



бет53/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Бақылау сұрақтары:

  1. Сутқоректілердің экологиясы

  2. Қазақстан Қызыл Кітабына енген Сутқоректілер

  3. Сутқоректілердің адам өміріндегі, табиғаттағы маңызы

  4. Сутқоректілердің шығу тегі

  5. Қазақстанда тіршілік ететін эндемикалық турлері

  6. Сутқоректілердің жылдық циклы.



Әдебиеттер тізімі:
1. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч.1,2. М., 1979.
2. Наумов С.П. Зоология позвоночных. М., 1973.
3. Бобровский Н.А. и др. Курс зоологии. Т.2. Хордовые. М., 1966.
4. Карташев Н.А. и др. Практикум по зоологии позвоночных. М., 1969.
5. http//www.library.intra.ru- электрондық кiтапханалық қор
6. http//www.referat.kulichku.net
7. http//www.NLRK.kz-ІР Ұлттық кiтапхана


24 дәріс – Тақырыбы: Сүтқоректілер немесе аңдар.

1.Сүтқоректілер тіршілігіндегі периодтық құбылыстар, қолайсыз жағдайлар


2. Тіршілігін сақтап қалуға бейімделушілік.

Көбеюі. Сүт қоректілердің көбею кезіндегі жалпы белгілері


1) іште үрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрдерінен), 3) оларды сақтау үшін арнаулы үя-үйшік жасау, 4) жаңа туған жас балаларын сүтімен қоректендіріп, кеп уақытқа дейін қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің .ішінде екінші мен төртінші нағыз сүт коректілерге тән белгі, ал бірінші мен үшінпп басқа да жер бетінде тіршілік ететін омыртқалыларда да кездесе береді. Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі сүт қоректілердің бәріне бірдей тән бола бермейді. Сондықтан сүт қоректілерді төрт биологиялық топқа белуге болады.
1. Ұрықтанған жұмыртқа туып, оны басып бала шығаратыпдар мысалы, үйректұмсыктар.
2. Ұрықтанған жүмыртқа туатын кезінде аналығының қүрсақ бөлімінде пайда болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы калтада жүмыртқадан шыққан жас особь сүт безінен бөліп сүтпен қоректеніп, ересек организмге айналады. Бүл ехидналарға тән көбею болып саналады.
3. Шала тірі туатындар. Олардық баласы жатында, нағыз плацента пайда болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған ете әлсіз ба-ласын, көбею кезінде анасының қүрсағында пайда болагын калгаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашырат-қан сүтті жұтып, осы қалтада жетіледі. Мүндай тәсілмен қалталылар көбейеді.
4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала туатындар. Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты. Сондықтан бүл топқа жататын жануарларды — плаценталы сүт қоректілер деп атайды. Жануарлардың бүл группаларының көбеюінде айырмашылық болумен қатар, жүмыртқаларының сипатында да айырмашылық болады. Жұмыртқа туатындарының жүмыртқасы ірі (10—20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты кабаты, сыртында тығыз пергамент тәрізді қабы болады.Қалталылардың жүмыртқасы үсақ (0,2—0,4 мм), ал плаценталылардікі оданда үсақ (0,05—0,2 мм) болады.
Сүт қоректілердің буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласьшың жетілу дәрежесі де түрліше болады. Бүл бала туатын жағдайға байланысты. Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жэсаған үяларда, немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың, зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бүлар баласын аз уақыт кетереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады. Мысалы, сұр аламан 11—13 күн, үй тышқандары 18—24 күн, сұр дала тышқаны 16—23 күн, ірі ондатралар 25—26 күн, тиіндер 35—40 күн, қара бурыл түлкілер 52—53 күн көтереді.
Қарапайым ұяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындардың буаз болу уақыты үзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты мысық тұқымдастардың буаз болу мерзімі 90—133 күнге дейін созылады. Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін сүт қо-ректілердің буаз болу уақыты оданда ұзағыраққа созылады. Мысалы, бүғылардың буаз болу мерзімі 8—9 айға, ешкі мен қойлардікі 5—6, жылқылардікі, есектердікі және құландардікі 10— 11 айға созылады.
Сүт қоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардын, жыныстық жетілуіне, алғашқы баласымен соңғы баласын көтеру уақытына, соңында жануарлардың дене мелшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық жетілуі кеші-рек орындалады. Мысалы, пілдерде 10—15, мүйіз түмсықтарда 12—20, бұғыларда 2—4, аюлар мен жолбарыстарда 3—4 жасым да жыныстық жағынан толығады. Тезірек ержетіп, екі жасі толғанда көбею дәрежесіне жететін иттердің және сусарлардыі түрлері. Әсіресе тез ержететіндер—кемірушілер және қоянтәрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-ақ көбею дәрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлык кезінде күшіктей бш тайды. Тіпті тез ержететін үсақ тышқан тәрізді кеміргіштер үй тышқандары 2—5 айлығында, дала және орман тышкандары 3 айлығында, ал кішкене сұр тышқан 2 айлығында көбейеді.
Сүт қоректілердің баласының дене мелшері, туу жиілігі әр түрлі болады. Пілдер, мұртты киттер, жолбарыстар 2—3 жылда бір рет балалап, бірақ бала туады. Қуыс мүйізділер, бұғылы дельфиндер жылма-жыл көтеріп, бір ғана бала туады. Ит тәрізділер мен мысық тәрізділер жылына бір рет қана балалағаны мен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2—8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3—10-ға дейін, қара бурыл түлкілер -I 18-ге дейін күшік туады.
Әсіресе кемірушілер мен коян тәрізділер өсімтал келеді. Қо яндар бір жылда 2—3 рет кебейіп, әрбір көжектегенде 3—12-дси көжек туады. Тиіндер жылына 2—3 рет балалап, әрбір балал;і ғанда 2—10-ға дейін, тышкандар жылына 3—7 рет балалап, әр бір балалаған сайын 2—10-дан көжек туады.
Көбею жылдамдығы сүт қоректілердің өмірінің ұзақтығыші және оның түрлерінің өлу жылдамдығына байланысты. Жалш.і ереже бойынша үзақ жа-сайтындар ете баяу көбейеді. Мысалы пілдер 70—80 жыл, аюлар мен ірі мысықтар 30—40 жыл, иттер 10—15 жыл, тышкан тәрізді кеміргіштер 1—3 жылға дейін өмі|> сүреді. Тіршілік жағдайының езгеруіне байланысты көбею жылдам дығы да жыл сайын өзгеріп отырады. Бүл әсіресе, өсімтал түр лерден айқын байқалады. Мысалы, ауа райы жақсы, тамақтмі. зат мол болған жылдары тиіндер үш рет балалап, әрбір бал.ч лағанда 6—10-ға дейін көжек туады, ал ауыр жылдары ұрғашы лары ашығып, арыктап жылына 1—2 рет балалап, 2—3-ке дейін ғана көжек туады. Туатын үрғашыларының саны азаяды, сөйтім жылдамдығы күрт төмендеп кетеді. Бұл сияқты жағдайлар барлық андарда да кездеседі.
Сүт қоректілердің ішінде моногамды және полигамды түрлері болады. Моногамдыларында бір көбею мезгілінде еркегі мен ұрғашысы жұп қүрайды. Мүндай жануарларға касқырлар, түлкілер мен қүндыздар жатады. Ал, маймыл дардың. жұбы көп жылға дейін ажырамайды. Моногамды түрлерде балаларын өсіруге үрғашысы да, еркегі де қатысады. Кейбір нағыз тюленьдер шағылысу кезінде ғана жүп құрайды да, кейін еркегі кетіп қалады.
Полигамдарға бұғылар, есектер, жылкылар, шошқалар, ешкілер, сиырлар, қойлар жатады. Сүт қоректілердін, бұл түрл-рі, яғни жылқылар, бүғылар, есектер бірнеше ұрғашыларының басын қосып, «үйір» құрады. Бір үйірде бір ғана еркегі және жиырмадан отызға дейін үрғашылары болады. Қүлакты тюленьдердің еркегі үйірге түскенде манына 15—80-ге дейін үрғашыларын жиып, үйір қүрады. Кемірушілер мен насеком жемділердің де көпшілігі полигамдарға жатады. Бірақ, бүлар «үйір» қүршайды.Сүт қоректілердін, әрбір түрінің шағылысу мерзімі түрліше уақытта орындалады. Қасқырлар мен түлкілер кыстың аяқ ше-нінде, күзендер мен қояндар көктемніқ басында, бүлғындар, су-сарлар жаздын, ортасында, ал түяқтылардын, кепшілігі .күзде шағылысады. Әрбір түрдін, өзіне қолайлы және баласын сақтай алатын жыл маусымында балалауы эволюциялық дамудын, нәтижесінде пайда болған. Осы жағдайға байланысты сүт қоректілерге жататын түрлердің буаз болу мерзімі түрліше болатыны жоғарыда айтылған болатын, мысалы, касқырлардын, буаз болу мерзімі 60 күн болса, ал бүлғындардікі 230—280 күндей болады. Сүт қоректілердің тіршілігіндегі жылдық циклі. Сүт қоректілердегі биологиялық қүбылыс, олардың организмінщ күйі, өзін қоршаған ортамен қарымқатынасы маусымдық завдылыкқа бағынады. Басқа жануарлар сияқты бүлардың да тіршілік циклі бірнеше периодтардан немесе фазалардан түрады. Осыған сәйкес тіршіліктін, жылдық циклінщ өте қарапайым схемасын үсынуға болады.
Жануарлардың қыстап шығуы – ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық – қорегін табудың қиындауы, қорек қорының азайып, сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе, жыртқыш аңдар (қасқыржолбарысбарыс) қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге дейін кетіп қалады. Арқартаутеке, елік, т.б. таулы аймақтарда мекендейтін жануарлар қыс түсісімен қары жұқа, шөбі мол жерлерге қоныс аударады. Сүтқоректілердің кейбір түрі (сарышұнақсуыржайра, т.б.) қыста қорек іздемейді, олар қысқы ұйқыға кетеді. Қыс алдында көптеген жануарлар түлеп, семіреді. Бұл да жануарлардың қыстап шығуға бейімділігінің бірі болып саналады. Жануарлар тіршілік мекеніне қарай 2 топқа бөлінеді: 1) эвритоптықжануарлар – әртүрлі жағдайларда тіршілік ететін түрі (мысалы, қасқыртүлкіқарға, т.б.). Бұлар көп тараған, нақты мекен талғамайды, түрлі географиялық аймақтарда кездеседі; 2) стенотоптық жануарлар – белгілі бір жерде ғана тіршілік ететіндері (мысалы, тек құмды жерде кездесетін тараққұйрық сарышұнақнемесе тек таза, тұнық суда болатын бахтах, т.б.). Мекенін үнемі ауыстырып, бірнеше биотопта тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, көкқұтан биік ағаштарға ұя салады да, өзен-көлге барып жемін аулайды. Жануарлардың әртүрлі биотопта мекендеуі олардың белгілі бір даму сатысына да байланысты. Мысалы, бақаның дернәсілі суда өсіп дамиды, ал ересек бақа су жағасындағы ылғалды жерлерді мекендейді.
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі – жеке организмнің тіршілік үшін күресте сақталуына, ұрпақ қалдыруына көмектесетін  морфологиялық, физиологиялық және этиологиялық ерекшеліктері.
Морфологиялық қорғаныш бейімділігі – бүркеніш реңнің барлық түрі, жануарлардың пішіні, жауынан қорғану органдары, т.б. Кейбір организмдердің лимфасы, қаны, терісі улы болуы, жағымсыз иіс (қандала, көптеген қоңыздар, құндыз, т.б.), улы зат шығаруы, денесіне қоректік зат жинап, қысқы-жазғы ұйқыға кетуі – физиологиялық бейімділігін көрсетеді. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы, жауына ұсталып қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі – этиологиялық бейімділігін көрсетеді.
Жануарлардың қоныс аударуы(латынша mіgratіo – қоныс аудару) – тіршілік еткен ортасының өзгеруіне немесе көбею кезеңіне байланысты жануарлардың мекен ауыстыруы. Бұл тұрақты (маусымдық не тәуліктік) және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Маусымдық мекен ауыстыру тіршілік мекеніндегі жағдайдың әлсін-әлсін өзгеруіне немесе жануарлардың көбею кезеңіне, ал тұрақсыз мекен ауыстыру тіршілік ортасының кенет нашарлауына байланысты болады. Жануарлардың қоныс аударуы сүтқоректілерқұстарбалықтаржәне жәндіктер арасында жиі кездеседі. Жануарлардың қоныс аудару жолын, көбінесе, оларды таңбалау арқылы білуге болады.
Жануарлардың ұйқысы - жылы қанды жануарлардың қолайсыз жыл мезгілдеріне бейімделуі. Бұл кезде олар інінде, ағаш қабығы астында, топырақ арасында жатып, денесіне қоректік заттар қорын (салмағы 30 – 40% май болады) жинау арқылы тіршілігін жалғастырады. Жануарлар ұйқысының бірнеше түрі бар: 1) тәуліктік (мысалы, жарқанаттарколибр, т.б.); 2) маусымдық – республикамыздың шөлшөлейт аудандарындағы сүтқоректілердің (мысалы, зормансуыр,сарышұнақ, т.б.) жазғы ұйқысы қысқы ұйқыға жалғасады, сөйтіп олар ұзақ ұйқыға кетеді. Жануарлардың ұзақ ұйқыға кетуінің бірнеше себептері бар. Оның бірі ауа райының суықтығына немесе шілденің ыстығындағы қуаңшылыққа байланысты. Ұзақ ұйқыға кеткенде жануарлар қоректенбейді, сүтқоректілердің дене температурасы 5 – 7°С-қа дейін төмендейді. Бірақ организмде баяу да болса физиологиялық процестер жүріп жатады; 3) ретсіз – жануарлардың тіршілігінде кенеттен пайда болған қолайсыз жағдайдың салдарынан ұйқыға кетуі (мысалы, ақтиінжанат итқарлығаш, т.б.). Ұйқыға кеткен жануарлар оттектің жетіспеуіне де, денесінен шыққан түрлі улы заттар әсеріне де, жұқпалы ауруларға да төзімді келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет