Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы


дәріс – Тақырыбы: Сүтқоректілер немесе аңдар



бет56/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

26 дәріс – Тақырыбы: Сүтқоректілер немесе аңдар.

1.Сүтқоректілердің биоценоздағы


2.Шаруашылық мәні.


Сүтқоректілер Жер бетінде бұдан 200 млн. жыл бұрын пайда болған. Сүтқоректілердің арғы тегі пермде тіршілік еткен аңтісті қарапайым ұсақ бауырымен жорғалаушылар (Therіodontіa). Алғашқы Сүтқоректілердің қалдықтары жоғарғы триасжыныстарынан табылған. Олар бор кезеңінің аяқ шенінде жойылып кеткен. Көпбұдыртістілер (Multіtuberculata) менбіртесіктілер осы кезде тіршілік еткен. Юра кезеңінде пантотерийлер пайда болып, бұлардан нағыз аңдар (Therіa) шыққан, олар қалталылар мен ұрықжолдасты жануарлардың негізі болды.


Сүтқоректілер Жер шарында кең тараған. Сүтқоректілерге гоминидтер де жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан: құрамында жұмыртқа салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс тармағынан тұрады. Сүтқоректілердің 4,5 мыңнан астам түрі белгілі. Жылы қандылығы, ұрпағына қамқорлық жасауы, жоғарғы жүйке жүйесінің болуы сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап, Антарктидажағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді. Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отряды (жәндік жегіштер, қолқанаттыларкеміргіштер, қоянтәрізділер, жыртқыштаржұптұяқтылартақтұяқтылар және ескекаяқтылар), 31 тұқымдасы және 180-нен астам түрі кездеседі. Әсіресе, қосаяқаламантәрізділерқуысмүйізділержертесерлер, т.б. тұқымдастарының түрлері өте көп. Жеке жүріп (кірпіжертесерсусараю, т.б.), топталып (шақылдақ, сарышұнақ, суыр), табын, үйір болып (арқартаутекеақ бөкен) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің кейбіреулері (суыр, үлкен құмтышқан, т.б.) қорегін күндіз, басқа түрлері (тоқалтіс, кейбір жыртқыштар, т.б.) іңірде не түнде, ал үшінші біреулері күндіз-түні аулайды. Аю, жанат,жанаттәрізді итборсық, т.б. қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Көптеген сүтқоректілер (қарақұйрық, ақ бөкен, түлкіқасқыр, қолқанаттылар, т.б.) маусым сайын қоныс аударып отырады. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет, кейбір түрлері (кемірушілер, жәндікқоректілер, т.б.) 2 – 3 рет балалайды. Буаздық мерзімі де әр түрлі, мысалы, тышқантәрізділерде – 12 күн, борсық пен жылқыда – бір жылдай. Кейбіреулері 1 айда (сары тоқалтіс), ал кейбіреулері (құланмаралбұлан) жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 14 – 18 айдан (тоқалтіс) 20 – 30 жылға (бұлан, марал, жылқы) дейін созылады.
Шаруашылық мәні.
Сүтқоректілердің шаруашылық маңызы зор. Жабайы аңдардан мамық тері, былғары, ет, май, панта (дәрілік мүйіз), мускус, т.б. өнімдер алынады. Бұлардың бірқатар түрлері (суыр, тиінондатр, түлкі, бөкен, т.б.) кәсіптік жәнеәуесқойлық мақсатта ауланады. Кейбір сүтқоректілер (кемірушілер, жыртқыштар) адам мен мал арасына түрлі аурулар (обааусылқұтыру, туляремия, сарып) таратады. Тышқан, тоқалтіс, егеуқұйрық, т.б. – аңдар және орман ш-тарының зиянкестері. Республикадағы аса бай сүтқоректілердің фаунасы мал шаруашылығының аса бағалы генофондысынаайналды. Биязы жүнді қой мен арқарды будандастыру нәтижесінде жаңа қой тұқымы – қазақтың арқар-мериносы, үй шошқасын жабайы шошқамен будандастыру арқылы – жетісу шошқасы шығарылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет