Асылбеков Б. Ж.,Ермекбаева Р. Ж.,Божбанов Б. Ж. Ауылшарауашылығы жануарлар систематикасы


Сүтқоректілердің экологиялық топтары



бет59/63
Дата21.10.2022
өлшемі0,93 Mb.
#154382
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
АУЫЛ ШАРУАШ СИСТЕМАТИКАСЫ

Сүтқоректілердің экологиялық топтарыОмыртқалылардың ішіндегі сүт қоректілер алуан түрлі болып кездеседі. Өйткені ұзақ уақыт дамудың нәтижесінде сүт қоректілерге жататын организмдер жер бетіне кең таралып, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген.
Алғашқы сүт қоректілер жерде, орманда тіршілік еткен болу керек, бірақ эволюциялық бейімделушілік төмендегідей зкологиялық топтардың шығуына себепші болған: 1) жер бетін, 2) жер астын, 3) суды мекендейтіндер, 4) ұшатын жануарлар. Өзі тіршілік еткен ортасына қатысына қарай жоғарыда көрсетілген әрбір топ өзінен де ұсақ топтарға бөлінеді.
1. Жер бетін мекендейтіндер. Жер шарындағы құрлықтың барлығында кездесетін сүт қоректілердің үлкен тобы. Олардың алуан түрлі болуы кеңінен таралып, түрліше тіршілік жағдайларына бейімделуіне байланысты. Бұл топқа жататын жануарларды орманды мекендейтін және ашық кеңістікті мекендейтін деп екіге бөледі.
Орманды және ірі бұталы жерді мекендейтін жануарлардың тіршілік жағдайына байланысты формасы да түрліше болады. Бұл жерлер өсімдігінің қалыңдығы, жануарлар мекендерінің тұрақты және түрлерінін, көп болуына әсер етеді. Өрісінің кеңдігі мен өсімдігінің бітік болуы қорегінің де алуан түрлі болуына әсерін тигізбей қоймайды.
а) Нағыз маманданған тобына ағашқа өрмелеп шығатын жануарлар жатады. Олар өмірінің көпшілігін ағашта өткізеді. Қорегін ағаш басынан табады, көбею және дем алу үшін ұя жасайды, жауларынан қорғанады. Бұл топтың өкілдері — әр түрлі систематикалық отрядқа жататын жануарлар. Мысалы, насеком жемділерден — оңтүстік азиялық тупайлар; кемірушілерден — тиіндер, ұшарлар (летяга); жыртқыштардан — кейбір аюлар мен сусарлар; мүкі тістілерден — жалқаулар, кейбір құмырсқа жегіштер, одан басқа лемурлар, маймылдардың көптеген түрлері т. б. жатады.
Ағашта тіршілік етуге әр түрлі икемделген көтеген жануарлар ағашқа шыққанда өткір тырнағын пайдаланады. Оған тиіндер, аюлар, сусарлар, құмырсқа жегіштер жатады. Лемурлар мен маймылдар ұзын, жақсы жетілген саусақтарының көмегімен шығады. Оңтүстік Американың көптеген маймылдарында, орман құмырсқа жегіштерінде, қалталылардан — опоссумда қармалағыш құйрық болады.
Көптеген түрлері — гиббондар мен өрмекші тәрізді маймылдар ағаштан-ағашқа секіруге икемделген. Кейбір түрлері — ұшарлар мен жүн қанаттылар бірсыпыра жерге қалықтап ұшып бара алады.
Бұл топқа жататын жануарлар өсімдікпен қоректенеді. Кейбір түрі өсімдіктің белгілі бір түрімен ғана қоректенеді, мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың тұқымын ғана пайдаланады, кейбір маймылдар көбінесе жемістермен қоректенеді. Орман аюлары әр түрлі тамақты: етті, жемісті, бүлдіргенді, өсімдіктің вегетативтік органдарын пайдаланады. Жыртқыш түрлері өсімдікпен (дәні, жемісі) қатар, құстарды және ұсақ жануарларды да жейді. Мұндай жануарлар (тиіндер, ұшарлар) балалау немесе дем алу үшін ағашқа бұтақтан ұя жасайды немесе ағаш қуысын мекендейді.
б) Орман жануарларының ішінде жартылай ағашта, жартылай жер бетінде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Олар тамағының бірсыпырасын ағаштан тауып, ұясын кез келген жерге салады. Мысалы, бұлғын тамағының көпшілігі - тышқан тәрізді кемірушілерді (20-50%) жерден тапса, 30—60 процентке дейін жаңғақ пен бүлдірген, оған қосымша 5—10% құстарды, 1—15% тиіндерді ұстап қоректенеді. Бұлғын биік ағаштардың қуысында, құлаған ағаштың шіріген қуысында, тамырының астына ұялайды. Қиыр Шығыстық қара аюлар жемістермен, кемірушілермен, насекомдармен және араның балымен қорейтенеді. Бұлар ағашқа өрмелеп шығуға жақсы бейімделген, сондықтан да өзінің үясын ағаштың жоғарғы бұтақтарының арасына салады. Қысқы ұйқысын ағаштың түбіндегі үңгірлерінде өткізеді. Ашық кеңістікті мекендейтін — сүт қоректілердің түрлері де сан жағынан көп деуге болады. Бұлардың тіршілік ету жағдайларының мынандай өзгешеліктері бар. Біріншіден — мекендейтін жерлерінде паналайтын табиғи бекіністер аз, ол жануарларды олардың жауларына — жыртқыштарға алыстан байқауына мүмкіндік береді; екіншіден — өсімдік тектес тамақтық заттар жеткілікті болады. Бүл экологиялық топқа әр түрлі отрядтың өкілдері қалталылар, насеком жемділер, кемірушілер, жыртқыштар және тұяқтылар жатады. Осының негізінде олар өсімдікпен қоректенетін — кемірушілер мен тұяқтыларды құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет