Фотографиялық портрет
Фотопортрет жанрында фотосуретшінің мақсаты – жеке адамның ішкі
жан дүниесін, мінез-құлқын, көңіл-күйін, т.б. сыртқы бет-әлпетімен, кескін
келбетімен үйлестіре отырып көрсете білу.
Оларды жай адам байқамауы немесе көре алмауы мүмкін. Бұл, әрине,
оңай емес, яғни нағыз шебердің ғана қолынан келетін үлкен өнер.
Пейзаж
Қазіргі уақыттағы өте кең таралған жанрдың бірі. Бұл жанрда өзін
байқап көрмеген фотосуретші жоқ шығар.
Табиғаттың сұлулығын, ауыл мен қалалардың көрінісін, егіндік алқаптардың,
өзен, көл, теңіздердің керемет құбылыстарын көріп тұрып, суретке түсірмеу
мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |